«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2023 жылғы 05 шілдесіндегі                   № 06 шешімі, Алматы қаласы Әділет Департаментінде 2023 жылдың                      10 шілдесінде № 1727 болып тіркелген

 

 

 

 

 

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2018 жылғы 26 наурыздағы «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

          «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2018 жылғы 26 наурыздағы «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1465 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
  3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

 

С. Алин

 

 

 

Дата публикации
14 июля 2023