«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жобасы

          Жобаның мақсаты-әр түрлі форматтағы өнімді, екі жақты қарым-қатынас арқылы аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін бастауыш мектеп жасындағы балаларға өмірлік тәжірибені, білім мен дағдыларды берудің үйлесімді процесін қалыптастыру арқылы аға буын өкілдерін, белсенді зейнеткерлерді қоғамдық өмірге тарту, алған білімдерін бекітуге көмектесу, үлкендерді құрметтеу.

          Бұл әлеуметтік клубта күн сайын 50 бала көп балалы аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін 1-4 сынып оқушылары тегін негізде қосымша білім алады.

         Орталықтың қызметтерін алатын адамдардың жалпы саны жылына кемінде 200 бала. Тұрақты жұмыс орындарына жұмыспен қамту жылына 25 адамнан аспайды, оның ішінде ХӘОТ қатарынан – 15 адам.

          Жобаны іске асыруды "Асыл дария" Қоғамдық Қоры жүзеге асырады.

          Орталығы Абай көшесі, 150/230, 2-блок мекенжайында орналасқан.

         2023 жылға арналған жобаны қаржыландыру 43 783 000 теңгені құрайды.

Проект социальный клуб «Шыңға өрлеу»
Дата публикации
26 мая 2023