Жобаның мақсаты - психологиялық және заңгерлік қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мүгедек адамдарды қоғамға тиімді бейімдеу мақсатында тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға оқыту мақсатында мүгедектігі бар адамдарға бағытталған кешенді сипаттағы қызметтерді ұсыну.
Әлеуметтік қолдау орталығының қызметтерін алатын адамдардың жалпы саны кемінде 350 адам, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жылына кемінде 30 адам қамтылады.
Жобаны іске асыруды "Шырақ "мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы"қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
Орталық Жандосов көшесі, 10 мекенжайында орналасқан.
2023 жылға арналған жобаны қаржыландыру 24 647 000 теңгені құрайды.