Жобаның мақсаты-зейнеткерлік жастағы адамдарды әлеуметтендіру, білім беру, психологиялық, сауықтыру, спорттық және бос уақытты өткізу арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету және белсенді жүріп-тұру қабілетін сақтаған егде жастағы адамдардың белсенді өмір салтын қолдау.
Орталық әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетеді. Зейнеткерлерге арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығында скандинавиялық серуендеу, айкуне гимнастикасы, кинезиология, йога, киноклуб, есте сақтау қабілетін нығайту техникасы бойынша клуб, шығармашылық үйірмелер өткізіледі.
Әлеуметтік орталықтың қызметтерін алатын адамдардың жалпы саны күніне кемінде 120 адам.
Орталығы Батырхан Шөкенов көшесі, 66А мекенжайында орналасқан.
Жобаны іске асыруды "Асыл жүрек" қоғамдық қоры жүзеге асырады.
2023 жылға арналған жобаны қаржыландыру 43 535 232 теңгені құрайды.