«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бостандық ауданы әкімінің аппараты) Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
  2. Бостандық ауданы әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.
  3. Бостандық ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бостандық ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Бостандық ауданы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Бостандық ауданы әкімі аппаратының, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Бостандық ауданы әкімінің аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды және өкімдер шығарады.
  8. «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050057, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Айманов көшесі, 191.
  10. Осы Ереже Бостандық ауданы әкімі аппаратының құрылтайшылық құжаты болып табылады.
  11. Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  12. Бостандық ауданы әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Бостандық ауданы әкімі аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

          Егер Бостандық ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі

 

  1. Бостандық ауданы әкімі аппаратының міндеттері мен өкілеттіліктері

 

  1. Міндеттері: 

          1) Аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелерге және азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдесу;

          2) Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен бөлімдері қызметінің тиімділігін бағалау;

          3) Бостандық ауданының әкімі айқындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Өкілеттіктері:

          1) құқықтары:

          заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алуға; 

          жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізуге;

          Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте сотқа өтініш білдіруге құқылы; 

          заңнамаға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

          2) міндеттері:

          Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат-хабарларды, арнайы байланыс жүйесін пайдаланып, құпия хат-хабарларды мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен алмасу;

          өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру; 

          аудан әкімі аппаратының әкімгері болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

          өзіне берілген мүлікті басқару.

  1. Бостандық ауданы әкімі аппаратының функциялары Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 55 бабының 5 тармағымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 35, 36 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес белгіленген:

          1) Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі мен аппаратының қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

          2) аудан аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

          3) Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда аудан әкімі мен аппаратының мүдделерін қорғау және ұсыну, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;

          4) мемлекеттік қызметтер көрсету; 

          5) Бостандық ауданы әкімі аппаратының іс қағаздарын, оның ішінде құпия, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында құпиялылық режимін, объектішілік режимді қамтамасыз ету; 

          6) аудан әкімі, оның орынбасарлары, Бостандық ауданы әкімі аппараты басшысының қатысуымен кеңестер өткізуді ұйымдастыру, кеңес материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату;

          7) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, Бостандық ауданы әкімі аппараты басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау, оларды тарату және сақтау;

          8) аудан әкімі және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі кеңестерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкімін хабардар ету;

          9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

          10) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

          11) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу;

          12) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

          13) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

          14) жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

          15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

          16) әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

          17) Алматы қаласы Бостандық ауданының аумағын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; ;

          18) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

          19) Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

          20) қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу;

          21) кадр құрамы бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;

          22) Бостандық ауданы әкімі аппаратының кадрларын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру; 

          23) гендерлік аспектілерді қарау;

          24) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

          25) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

          26) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

          27) елді мекендердің санитариясын, жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және туысы жоқ адамдарды жерлеуді қамтамасыз ету;

          28) әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

          29) тұрғын үй көмегі бойынша жұмысты ұйымдастыру;

          30) жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

          31) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

          32) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, кәріз, кәріз сорғы станцияларының тарату желілерін жобалау, салу, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу және жаңғырту, газбен жабдықтау және жарықтандыру жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;

          33) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру;

          34) тұрғын үй қорын түгендеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

          35) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруды жүзеге асыру;

          36) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

          37) Бостандық ауданы әкімінің аппаратына жүктелген өзге де функциялар.

 

  1. Бостандық ауданы әкімі аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. Бостандық ауданы әкімі аппаратына басшылықты Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.
  2. Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысын Бостандық ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
  3. Бостандық ауданы әкімі аппараты басшысының өкілеттігі:

          1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастыру;

          2) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

          3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

          4) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

          5) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

          Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы өз орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады.
  2. Бостандық ауданы әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы жетекшілік етеді.

 

  1. Бостандық ауданы әкімі аппаратының мүлкі

 

  1. Бостандық ауданы әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бостандық ауданы әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бостандық ауданы әкімі аппаратына бекітілген мүлік Алматы қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бостандық ауданы әкімі аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бостандық ауданы әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Дата публикации
03 марта 2023