2022 жылдың 9 айында Бостандық ауданы әкімі аппаратының құжат айналымы 18 094 құрайды.
Оның ішінде: кіріс хат-хабар – 3 862, шығыс хат – 6 401, азаматтардың өтініші – 2 194, оның ішінде Open Almaty – 651, әлеуметтік желілер ( Instagram, Facebook) – 5637.
«Е-отыныш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасына 3272 өтініш келіп түскен.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың сипаты.
Аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде мынадай мәселелер көтерілді:
Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды, мерзімі өткен өтініштер жоқ.
Тағы бір диалог алаңы – әкім және оның орынбасарларының жеке қабылдаулары, мұнда тұрғындар өз мәселелерін тікелей шешеді.
2022 жылдың 9 айында басшылар тарапынан 66 қабылдау өткізіліп, 255 адам қабылданды.
Мәселелердің сипатына қарай азаматтардың өтініштері былайша бөлінеді: коммуналдық мәселелер – 97, абаттандыру – 68, әлеуметтік мәселелер – 31, тұрғын үй мәселелері – 19 және басқа да мәселелер – 40.
255 өтініштің 59-ы оң шешімін тауып, 196-сына түсініктеме берілді.