«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты»
КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша
талдамалық есеп
"Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты" КММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының Еңбек, салық, бюджет, Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін (бұдан әрі - ЖТІТ) Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Ерғазыұлы Рақымбетовтың өкімі негізінде Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы мен жұмыс жоспарын бекітілді.
ЖТІТ өткізуге жауаптылар ретінде Бостандық ауданы әкімінің орынбасарлары Маржан Ертайқызы Балбаева, Жанар Сейтжанқызы Садвакасова, Ренат Сергазыұлы Сейдраманов, Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Бәтима Жақсылыққызы Алиярова, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Гүлназ Садыққызы Мамбетова, әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Дина Болатбекқызы Дыльдыбаева, ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әсем Дүйсенғалиқызы Джакупова, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әділет Болатбекұлы Алипбеков, көріктендіру бөлімінің басшысы Арман Нұрғаипұлы Мизамбеков, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Абзал Болатұлы Алимкулов, азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Сәуле Қасымханқызы Маукеева, қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Рақымжан Бауржанұлы Мамырбек, Бостандық ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі және жоба жетекшісі «Бостандық – Адалдық алаңы» Гүлнар Нурғалиқызы Султанова, ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Сәуле Орақбайқызы Сатымова анықталды.
Жобаның жүзеге асырылуын бақылау – Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы Бәтима Жақсылыққызы Алияроваға жүктелді.
Ағымдағы ЖТІТ 2022 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
ЖТІТ өткізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Аудан әкімі аппаратының штат саны 2021 жылы 43 бірлікті құрады. 2022 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша штат саны 38 бірлікті құрайды, нақты саны – 38 бірлік, бос жұмыс орындары – 4 бірлік: азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің жұмысқа шығуы 18.08.2024 ж.), мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің жұмысқа шығуы 08.09.2023 ж.), қаржы-шаруашылық бөлімінің 1 бас маманы,
Басқарма құрылымы бойынша 9 бөлім:
|
№ |
Лауазымның атауы |
Штат бірлігінің саны |
Санаты |
|
1 |
Аудан әкімі |
1 |
|
|
2 |
Аудан әкімінің орынбасары |
3 |
Е-1 |
|
3 |
Аудан әкімі аппаратының басшысы |
1 |
Е-2 |
|
4 |
Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі |
1 |
Е-3 |
|
3 |
Е-4 |
||
|
5 |
Мемлекеттік-құқықтық бөлімі
|
1 |
Е-3 |
|
1 |
Е-4 |
||
|
6 |
Әлеуметтік сала бөлімі
|
1 |
Е-3 |
|
3 |
Е-4 |
||
|
7 |
Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі |
1 |
Е-3 |
|
4 |
Е-4 |
||
|
8 |
Коммуналдық шаруашылық бөлімі |
1 |
Е-3 |
|
4 |
Е-4 |
||
|
9 |
Көріктендіру бөлімі |
1 |
Е-3 |
|
4 |
Е-4 |
||
|
10 |
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
1 |
Е-3 |
|
1 |
Е-4 |
||
|
11 |
Азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімі |
1 |
Е-3 |
|
1 |
Е-4 |
||
|
Бостандық ауданы әкімінің аппараты бойынша жалпы жиыны: |
38 |
|
|
Конкурстық рәсімдер
2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметке барлық конкурстық рәсімдерді, тәртіптік жазаларды қолдануды және алып тастауды және т.б. Алматы қаласы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (бұдан әрі – БПББ) жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
Ішкі конкурстардың нәтижелері бойынша 1 адам қабылданды.
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметке алғаш рет 4 адам (оның ішінде 2022 жылы – 1), оны тоқтатқаннан кейін қайтадан 1 адам қабылданды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының) беру фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтен босату және теріс себептер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған фактілер жоқ.
Мемлекеттік қызметке қабылданған барлық қызметкерлер мәлімделген біліктілік талаптары мен функционалдық блоктарға сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызметшілердің қарым қатынасында жағымсыз басылымдарды анықтау және жеке аккаунтарында суреттер, бейнематериалдар мен пікір қалдыру, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін түсініктемелер орналастыру бойынша танымал әлеуметтік желілердің басылымдарын үнемі бақыланады. Осыған байланысты, үнемі мемлекеттік қызметшілермен материалдарды орналастыруға жол бермеу мақсатында жеке әнгімелесулер жүргізіледі. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунтарында орналастырылған мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін фотосуреттер, бейнематериалдар мен мәлімдемелер жоқ.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесінен мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтер талданды.
Жүргізілген мониторинг Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мас күйінде көлік құралын басқару және алкоголдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта және қызметтен тыс мақсаттарда пайдалану фактілері тіркелмегендігі көрсетті.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға анонимді сауалнама жүргізілді. Талдау көрсеткендей, моральдық-психологиялық климат тұрақты болып саналады, барлық қызметкерлер өз жұмысына қанағаттанған, ұжымда достық және мейрімділік атмосферасы қалыптасқан.
Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке және қылмыстық құқық бұзушылықтарға тарту тәжірибесінің жай-күйіне талдау жасалды.
Аудан әкімі аппаратымен 2022 жылдың бас кезінен қызметтік тексеру жүргізбей тәртіптік жауапкершілікке– 6 мемлекеттік қызметші тартылды, бұл 2021 жылға қарағанда 33,3% - ға азайған (8).
Жаза түрлері бойынша:
сөгіс - 2 (2021-2)
ескерту - 4 (2021 -10).
Алматы қаласының Бірыңғай тәртіптік комиссиясының хаттамасы негізінде тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау саны 2022 жылы – 0, ал 2021 жылы – 4.
Сондай-ақ, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтарға талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері жыл басынан 32 әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталды, оның ішінде айыппұлдар – 31, ескерту – 1 (2021 жылы – 55).
Қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген жоқ.
Жою туралы ұсыныс:
Арнайы есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйе арқылы қызметкерлерді тоқсан сайын тексеруді жалғастыру. Жұмысқа қабылданатын тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының болуын/болмауын тексерсін.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл ұжым арасында жасырын сауалнама жүргізді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Жұмыс тобы жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірлесіп жұмыс істеу фактілерін анықтау үшін қызметкерлердің жеке істерін тексерді, тексеру нәтижесінде фактілер анықталған жоқ.
Тексерілетін кезеңде аудан әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Ұсыныс: аудан әкімі аппаратының қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Аудан әкімінің аппараты тұрақты түрде БАҚ, аумақ тұрғындарымен өзара қарым-қатынас бойынша жұмыс жүргізеді. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде аккаунттары ашылған. Азаматтарды қабылдау мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Аудан әкімі А. Е. Рақымбетов Бостандық ауданы әкімінің Altairakhimbetov аккаунтын құрды. Ресми парақшада аудан әкімі аппаратының қызметі туралы, Мемлекеттік қызмет көрсету, ақпараттық бағыт, құрылымдық бөлімшелер басшыларының тікелей эфирлері және т.б. түрлі сипаттағы ақпараттар орналастырылған.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу үшін аудан әкімі аппараты ғимаратының 1-ші қабатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің және Бостандық ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің сенім телефоны көрсетілген азаматтардың өтініштері, шағымдары мен өтініштері үшін жәшік, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін "сенім телефоны" орнатылған.
Жыл басынан құжат айналымы – 11 528 құрайды, оның ішінде кіріс хат – хабарлар – 3 368, шығыс хат-хабарлар-5 737.
2021 жылғы 01 шілдеден бастап ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің Заңы қолданылғаннан кейін келіп түскен барлық өтініштер екі базада тіркеледі (қайталанады).
Documentolog базасы бойынша – 2423 өтініш, оның ішінде жеке тұлғалардан – 1929, заңды тұлғалардан – 494 өтініш түсті.
"E otinish" азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы бойынша – 2 854 өтініш, "Open Almaty" 574 өтініш, әлеуметтік желілер бойынша – 1658 өтініш келіп түсті.
Барлық өтініштер заңда белгіленген мерзімде қаралды, қарау мерзімі өткен өтініштер жоқ.
Тұрғындар өтініштерінің сипаты.
Аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерде келесі мәселелер қозғалды:
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері еңбек тәртібінің регламентін сақтайды (ҚББЖ арқылы жұмыс уақытын бақылау және есепке алу үшін магниттік карточкалар енгізілген), қызметшілердің мемлекеттік органда жұмыс уақытынан тыс негізсіз болу фактілері тіркелмеген.
Аудан әкімі аппаратымен қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдалануына қатаң бақылау қамтамасыз етілген. Автокөлік құралдарын жеке мақсатта, жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері пайдалануға тыйым салынған. Автокөлікті жұмыстан тыс уақытта және жеке мақсатта пайдалану фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің өздері құқықбұзушылықтар, қылмыстар немесе әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған жағдайда, жедел шаралар қабылдау үшін аудан әкімі аппаратының басшылығына дереу хабарлау керектігі жөнінде ақпарат берілді.
Осы бағыттағы жұмысты бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Ж. Алияроваға жүктелген.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру бойынша жиындар өткізілген, бұл 17.02.2022 ж., 14.03.2022 ж., 16.05.2022 ж., 16.09.2022 ж. хаттамалармен расталады.
Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратының 1-ші қабатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша жаңартылған плакаттар орналастырылған.
Сонымен қатар, Бостандық ауданы әкімінің 2022 жылғы 03 тамыздағы № 05-ө өкімімен аудан әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.
Талданып отырған кезеңде қандай да бір іс-шаралар үшін сыйлықтарды өткізу және ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері анықталған жоқ.
Ұсыным: Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің нормаларын түсіндіру бойынша жалпы оқыту жүргізуді жалғастыру. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды дайындау кезінде осы Кодекстің талаптарын сақтасын.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде төмендегілерді ұсынады:
|
Бостандық ауданы әкімінің орынбасарлары |
Р. Сейдраманов
|
|
Ж. Садвакасова
|
|
|
М. Балбаева |
|
|
Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы |
Б. Алиярова |
|
Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы
|
Г. Мамбетова |
|
Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы |
Д. Дыльдыбаева
|
|
Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
А. Джакупова |
|
Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы |
А. Алипбеков
|
|
Көріктендіру бөлімінің басшысы |
А. Мизамбеков
|
|
Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы |
А. Алимкулов
|
|
Азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы |
С. Маукеева
|
|
Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы |
Р. Мамырбек |
|
Бостандық ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі және жоба жетекшісі «Бостандық – Адалдық алаңы» |
Г. Султанова
|
|
Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы |
С. Сатымова |