Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2022 жылғы 27 қыркүйегіндегі № 06 шешімі ҚР Әділет министрлігінде 2022 жылдың 28 қыркүйегінде № 29855 болып тіркелген.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы    11 сәуірдегі № 2 «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

ШЕШТІМ:

  1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1545 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппаратына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                    

 

        Әкім                                                        А. Рақымбетов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Алматы қаласының аумақтық

сайлау комиссиясы               

                  

Решение акима Бостандыкского района города Алматы от 27 сентября 2022 года № 06 Зарегистрировано в Министерстве юстиции РК 28.09.2022 года № 29855
Дата публикации
28 сентября 2022