Бостандық ауданы әкімінің 2022 жылы 17 наурыздағы өткен тұрғындармен кездесуі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы № 826 "әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы" Жарлығын орындау мақсатында Бостандық ауданының әкімі 2022 жылға Халықпен 11 кездесу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 17 наурызында аудан әкімінің аудан тұрғындарымен  алғашқы кездесуі  М. В. Ломоносов  атындағы №38 мектеп-гимназиясында өтті.

Кездесу туралы хабарландыру "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" қалалық газеттерінде және аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Аудан басшысымен кездесуге қатысқан тұрғындар саны-122 адам. 17 адам сөйледі, 33 сұрақ қойылды; 10 жазбаша өтініш түсті (13 сұрақ), жеке қабылдауда – 6 адам.

Кездесу жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының, ауданның коммуналдық қызметтерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.

Кездесуге тұрғындар ПИК қызметі, жолдарды және арық желілерін жөндеу, көлікпен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ("ескі тұрғын үй" бағдарламасы бойынша үйлерді бұзу), аула аумақтарын абаттандыру, жарықтандыру, су құбыры және кәріз желілерін жүргізу және басқа да мәселелер бойынша мәселелерді көтерді.

Аудан әкімінің баяндамасында сандар мен фактілер қалалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде өткен жылы өткізілген іс-шаралар мен ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары көрсетіліп, 2022 жылға міндеттер қойылды. Баяндамада слайдтармен сүйемелденді.

Ағымдағы жылдың 01 наурызына 127,2 млрд.теңге салықтық түсімдер түсті.

Аудан кәсіпорындары негізгі капиталға 17,3 млрд. теңге инвестициялады., НКИ 142,9%, көтерме-бөлшек сауда тауар айналымы - 205,2 млн.теңгені құрады, 2022 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі - 8,7 млрд. теңгені құрады., НКИ-99,6%.

Бостандық ауданында барлығы 1 900 КПТҮ, оның ішінде 397 үй тіркеуге жатпайды, оның ішінде 303 – ескірген тұрғын үй, 94-жаңадан пайдалануға берілген аз қоныстанған үйлер, қалған 1503 КПТҮ-нің ішінде 305 үйді және 348 ПТ қамтитын 132 ПЖБ құрылды және тіркелді, барлығы 653 үй басқарудың жаңа нысандарына көшті, бұл 43,4 % үйді құрайды. Қалған 850 КПТҮ бойынша басқарудың жаңа нысандарын құру және тіркеу жұмыстары жүргізілуде.  "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша 2021 жылы 55 КПТҮ 951,6 млн.теңге сомасына жөндеу жүргізілді, оның ішінде: 20 үйдің шатырын, қасбетін, кіреберістерін, инженерлік желілерін жөндеу бойынша 289,4 млн. теңге сомасына, 35 үйде 662,2 млн. теңге сомасына 85 лифт ауыстырылды.

2021 жылы 100 аула аумағын абаттандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде осы алаңда 4 аула жөнделді (Розыбакиев көшесі, 283а, 281, Гагарин даңғылы, 223, Радостовец көшесі, 271, 273, 277).Сондай-ақ, ағымдағы жылы әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 80 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, олардың тізбесінде осы алаңның 7 ауласы бар (Байқадамов көшесі, 2в, 2д, Гагарин даңғылы, 311А, Ә. Кекілбайұлы көшесі, 97, 99, 119,119 а, Розыбакиев көшесі, 250,250 Б, 250 в, Розыбакиев көшесі, 173, Қожабеков көшесі, 21).

Ауданда көше жарығымен қамтамасыз ету 80% құрайды. Қазіргі уақытта Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы 214 өткел мен жартылай жарықтандырылмаған көшелерде сыртқы жарықтандыру желілерін салуға, сондай-ақ 8 көшені жаңғыртуға ЖСҚ әзірледі.

Ағымдағы жылы Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы желісі бойынша ұзындығы 13,6 км 15 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда, оның ішінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін Левитан көшесі бойынша жаяу жүргінші жолын жайластыру.

Сондай-ақ, Гагарин даңғылы мен Қожабеков көшесінің қиылысы, Розыбакиев көшесі мен Левитан көшесінің қиылысы, Розыбакиев көшесі мен Есқараев көшесінің қиылысы бойынша бағдаршам объектілерін салу жоспарлануда. Розыбакиев көшесі мен Лисянский көшесінің қиылысы, Гагарин даңғылы бойындағы "Гагарин үйі"ТК жанындағы жаяу жүргіншілер үшін реттелетін бағдаршам объектісі.

Бостандық ауданында халыққа қызмет көрсететін 4 қалалық емхана және мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 7 жеке медициналық орталық жұмыс істейді.

 Сапалы медициналық қызмет көрсету және халыққа медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Бостандық ауданы аумағында 3 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. ("Алатау"," Нұр-Мүбарак университеті","Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжі" жанындағы). Сондай-ақ, басқа аудандар тұрғындарының бір бөлігіне қызмет көрсететін 3 дәрігерлік амбулатория ("Жандосов ТК", "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті" жанындағы, "Қазақ спорт және туризм академиясы").

 2021 жылдың сәуір айында Розыбакиев көшесі, 181а мекенжайында орналасқан "Атамекен" ТК №17 қалалық емхананың жанында дәрігерлік амбулатория ашылды және жұмыс істейді.

Кездесу барысында түскен сұрақтар бойынша аудан әкімі түсініктеме берді. Комиссиямен немесе жергілікті жерге барып қарау қажет мәселелер бойынша әкім аппараттың жауапты қызметкерлеріне және аудан қызметтеріне тапсырмалар берді.

Қала әкімі мен аудан әкімінің атына ешқандай сын айтылған жоқ.

Қойылған 33 сұрақтың 12 - сі оң шешімін тапты, 11 – і түсініктеме берілді, 10-ы жұмыста.

 

Алматы қ.   Бостандық ауданы әкімінің

аппарат басшысы                                                                           Б. Алиярова

 

                                                                           

Бостандық ауданы әкімінің 2022 жылы 17 наурыздағы өткен тұрғындармен кездесуі туралы ақпарат
Дата публикации
22 апреля 2022