Бостандық ауданының 2022 жылға "Бюджетке қатысуі" жобалары бойынша ақпарат

2022 жылға арналған "Бюджетке қатысу" бағдарламасы аясында Бостандық ауданының тұрғындарынан 65 жобалық ұсыныстар берілді, келесі бағыттар бойынша:

       1.Полигондарды жою-50 млн. теңге сомасына 2 өтінім.;
       2.Аумақты көгалдандыру-164,8 млн.тг сомасына 5 өтінім.;
       3.Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу-256,9млн.            теңге сомасына 8 өтінім.;
       4.Жалпы пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру                  (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және басқа                      объектілер) – 778,0 млн.теңге сомасына 16 өтінім.;
       5. Жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған күркелер, орындықтар, урналар, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу – 1,116 млрд.теңге сомасына 34 өтінім.

Өтінімдердің жалпы сомасы - 2,36 млрд.теңгені құрады.

Сараптамалық кеңестің шешімімен 30 жобалық ұсыныс қабылданбады, 35 жобалық ұсыныс дауыс беруге жіберілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша 31 жобалық ұсыныс Бостандық ауданы тұрғындарының 10-нан астам дауысын жинады, ең көп дауыс жинаған 766,3 млн.теңге сомасына 21 жобалық ұсыныс Сараптамалық кеңес хаттамасымен іске асыруға жіберілді.

Бостандық ауданының 2022 жылға "Бюджетке қатысуі" жобалары бойынша ақпарат
Дата публикации
03 июня 2022