Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алматы қаласы Бостандық ауданы аумағында № 308 сайлау учаскесі таратылсын.
- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1545 болып 2019 жылғы 12 сәуірде тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 45-46 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2019 жылдың 16 сәуіріндегі № 44-45 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 234, 236, 237, 238, 239, 240, 261, 269, 305 сайлау учаскелері орталығының атауы, осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген шешiмнiң қосымшасындағы «№ 308 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 17 үй, «Қазақстан санаториясы» Акционерлік қоғамы, телефон: 378-01-83. Шекаралары: жабық» мәтін алынып тасталсын.
- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Алияроваға жүктелсін.
- Осы шешім, ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкім А. Рақымбетов
Келісілді:
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Ж. Асанова
«__» мамыр 2022 жыл