2022 жылдың 1 тоқсанында Бостандық ауданы әкімінің аппаратына барлығы 542 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан.
Ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне 542 өтініш түсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (716) 9,6%-ға артық.
542 өтініштің ішінде: өтініш берушілерден қабылданғаны - 347, Ашық Алматыдан түскен өтініш саны – 195.
Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды, мерзімі өтіп кеткен өтініштер жоқ.
Тұрғындардан аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жалпы саны коммуналдық мәселелер бойынша 1529 (44%), көріктендіру мәселелері бойынша 719 (20%), әлеуметтік мәселелер бойынша 477 (14%), кәсіпкерлік қызмет бойынша 116 (4%), басқа сұрақтар бойынша 612 (18%) өтініштер келіп түсті.
Аудан әкімінің сайтына түскен 473 тұрғындардың сұрақтары бойынша коммуналдық мәселелер бойынша 246 (52%) өтініш, көріктендәру бойынша– 98 (20%) өтініш, әлеуметтік мәселелер бойынша – 53 (11%) өтініш, сауда мәселелері бойынша– 47 (8%) өтініш және табиғатты қорғау инспекциясына сауалдар – 48 (9%) өтініш.
Азаматтардың өтініштерін қарау туралы ақпарат.
Әкім аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы түскен 542 өтініштің оң шешімін тапқаны – 157 өтініш (29%), 194 (35%) өтініш бойынша түсіндірме берілді, 920 (26%) - өтініш уәкілетті органдарға жолданған, 191(36%).
Бір диалог алаңы бойынша – тұрғындар өз мәселелерімен тікелей әкімге жүгінетін әкімнің жеке қабылдаулары. 2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша барлығы 13 тағайындау өткізіліп, 54 адам қабылданды.
Азаматтардың өтініштері мәселелерінің сипаты бойынша олар келесідей бөлінеді: коммуналдық – 23, көріктендіру – 9, әлеуметтік мәселелер –5, тұрғын үй мәселелері – 9 және басқа мәселелер – 8.
54 өтініштің 10-ы оң шешімін тауып, 44-ына түсініктеме берілді.
Барлығы 2022 жылы 1-тоқсанында аудан әкімі аппаратымен негізгі қызмет мәселелері бойынша аудан әкімінің 84 өкімі қабылданды.
Сонымен қатар, «Қызметтік пайдалану үшін» (Қызметтік пайдалану үшін) белгісімен 61 құжат және 27 шығыс құжат жолданды.
Кадр мәселесіне қатысты аудан әкiмiнiң жеке құрамы бойынша 49 өкім, негізгі қызметіне қатысты 1 өкiм дайындалып, тіркелді.
Бекітілген жоспарға сәйкес 13 мемлекеттік қызметші бiлiктілігін арттыру курстарына жіберілді, 2 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарын аяқтап, куәліктерін алды. 3 мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтті.
2022 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметшілердің демалыс кестесі бекітілді, бекітілген кестеге сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер кезекті еңбек демалысына жіберілді.
Аудан әкімі аппаратында лауазымдық айлықақы алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия ай сайын кезекті отырысын откізеді, аппаратта жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек өтілін есептеп, хаттамаға өзгертулер енгізіп отырады.
2022 жылдың 1-тоқсанында тәлімгерлік кеңесінің 1 отырысы өткізілді, онда тәлімгерлер мен сынақтан өтушілердің атқарылған жұмыс туралы есептері мен пікірлері тыңдалды. Комиссия шешімі негізінде аудан әкіміне үш айлық сынақ мерзімінен өтушілер жөнінде ұсыныс енгізілді.
2022 жылы 5 мемлекеттік қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру өткізілді. Тергеп-тексеру кезінде жиналған барлық құжаттар мен материалдар Алматы қаласының бірыңғай тәртіптік комиссия қарауына жіберілді. Комиссия қорытындысы негізінде 4 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды.
Келіп түскен барлық хаттар дер кезінде қаралып, жауаптары берілді.
2022 жылғы штаттық кестесі бойынша мемлекеттік қызметшілер – 38, азаматтық қызметшілер – 55, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер – 23, жергілікті өзін-өзі басқару (аумақтық кеңесінің) комитетінің төрағалары – 10 бірлік бекітілді. Барлық қызметкерлерге жеке істері ресімделді, қажет болған жағдайда өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырады. 2022 жылы – 15 қызметкерге жұмыс орнынан анықтамалар берілді.
Қажеттілігіне қарай мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тізімдеріне жазбалар енгізіліп отырады.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілердің магнитті картаны қолдану арқылы кіру және шығу уақытын есепке алатын қолжетімділікті есептеу және бақылау жүйесі арқылы еңбек тәртiбi бақылауға алынған.
Аудан әкімі аппаратындағы қызметкерлердің табелі мен еңбекке уақытша жарамсыз парақтары ай сайын ресімделіп, қаржы шаруашылық бөліміне жалақы төлеу үшін тапсырылады.
2022 жылдың 1-тоқсанында 13 қоғамдық қызметкер мен жастар іс тәжірибесінен өтушілер жұмысқа қабылданды. Жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлерге еңбек шарттары жасалды, жеке істері мен еңбек кітапшалары ресімделіп, жүргізілді. Жұмыссыз тұлғалар туралы мәліметтер мен табелдер ай сайын Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ тапсырылды.
Кадр мәселесіне қатысты айлық, тоқсандық және жылдық есептер уақытында тапсырылды.
Күнделікті АИС ЕУОЛ, ЕСЭДО, ОДО, Е-өтініш, МОИП бағдарламасында жұмыс жүргізіледі, мемлекеттік қызметшілерге қатысты 2022 жылғы толық мәліметтер «Е» қызмет жүйесіне енгізілді.