Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2022 жылдың I тоқсанға есебі

Мәдениет және спорт

Ауданда 150-ге жуық үйірмелері бар 29 мәдени-демалыс нысандар жұмыс істеп, онда 4700-ден астам адам үйірмелерге қатысады.

Аудандағы барлық оқу орындарында (жоғары, арнаулы орта және мектептерде) тегін негізде 450-ге жуық үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Онда шұғылданатын оқушылар мен студенттердің саны 23 000-ға жуық адамды құрайды.

Халықтың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін аудан аумағында 7 млн. кітап қоры бар 5 кітапхана жұмыс істейді және оқырмандар саны 88 683 құрайды. Кітап қоры үнемі жаңартылып отырады.

Анықтама: (5 кинотеатр, 5 кітапхана, 2 музыкалық мектеп, 2 өнер колледжі, 7 аула клубы, 1 мұражай, 1 цирк, Студенттер сарайы, №3 Оқушылар үйі, 4 саябақ).

  Мәдени мұраларды қорғау бойынша ауданда орналасқан 17 тарихи және мәдениет ескерткіштерді күтіп ұстау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 3 республикалық және 14 жергілікті маңызы бар. (1 археологиялық қорған, 7 монументалды ескерткіш, 9 сәулеттік ескерткіш).

Сондай-ақ, бүгінде аудан аумағында 508 спорт нысандары орналасқан.

Анықтама: (1 спорт колледжі, 6 ірі спорт нысаны, 3 стадион, 3 теннис орталығы, 3 мұз айдыны, хоккей корты, 11 бассейн, 40 фитнес-орталық, 57 спорт клубы, 72 спорт залы, 311 алаңдар).

Мәдени іс-шаралар

Рухани даму мен құндылықтарды және отансүйгіштікті арттыру мақсатында тұрғындарға арналып Алғыс айту күні, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамына арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Тілдерді дамыту

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мынадай жұмыстар жүзеге асырылуда:

- мемлекеттік тілде құжаттарды жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

 2022 жылдың I тоқсанында 1080 кіріс хаттар тіркелді, оның ішінде 560 мемлекеттік тілде, яғни 52 % құрайды.

 2021 жылдың I тоқсанында 1679 кіріс хаттар тіркелді, оның ішінде  1562 мемлекеттік тілде, яғни 93 % құрайды.

- Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданылу аясын кеңейту және «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымдарын құру бойынша Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қаласы бірлестігінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Спорт бойынша мемлекеттік қызмет

2022 жылдың I тоқсанында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша комиссиямен 226 мемлекеттік қызмет алушыға беріліп, 9 бас тартылды.

2021 жылдың I тоқсанында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша комиссиямен 108 мемлекеттік қызмет алушыға беріліп, 3 бас тартылды.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындары

Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 12 жоғары оқу орны бар, оның ішінде: ұлттық – 2, мамандандырылған – 2, жеке – 8. Студенттердің жалпы саны шамамен 63 200 адам, жатақханалар саны 40 (14 806 орын) құрайды.

Аудан бойынша орта арнаулы оқу орындарының саны 20, студенттердің жалпы саны – 15 493 адам, жатақханалар саны 8 (2 530 орын) құрайды.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2022 жылдың I тоқсанға есебі
Дата публикации
26 апреля 2022