Ауданда көше жарықтандыру желілерін жөндеу, қызмет көрсету және қалпына келтіру жұмыстарын Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Алматы Қала Жарық" МКК жүргізеді. 16 742 Жарық нүктелеріне қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы осы кезеңде қызмет көрсетілетін жарық нүктелерінің саны 15 511 дананы құрады.
II.Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету:
"Алматы Тазалық" КМК жалпы ұзындығы 272,8 км болатын 6 жол айрығын, 263 көше мен өтпе жолдарды тазалау және ұзындығы 179 км тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары жүргізілуде.
«ЕвразияКазИнвест» ЖШС мердігерлік ұйымымен 7 жерүсті және 12 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін ұстау жүзеге асырылады.
Контейнерлік алаңшалардан және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын басқа да орындардан қоқысты шығарумен Бостандық учаскесіне қарасты "Тәртіп" АҚ-ы айналысады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың күнделікті шығару көлемі шамамен 170 тоннаны құрайды.
Аудан аумағы бойынша барлығы 1730 қоқыс контейнерінен тұратын 295 қоқыс алаңы, бар: оның ішінде 79 тереңдетілген, жер астында орнатылған (394 контейнер), 178 стандартты қоқыс алаңы мен 38 қоқыс құбыры алаңдарында – 1336 контейнерлері бар.
III. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру:
"Stamp Service" ЖШС саябақтарды, скверлерді, бөлу жолақтарын, қоғамдық пайдалану орындарын, Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын және жалпы ауданы 309,7 га көлік айрықтарын тазалау және ұзындығы 177 км арық желілерін тазалау жұмыстарын жүргізеді.
2022 жылдың бірінші тоқсанында аудан аумағында 9000-нан астам көшет отырғызылды. Өткен жылы осы кезеңде 2000-нан астам көшет отырғызылды.
Көктем-2022 " Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде "құтқару қызметі" КМК, "Қазселденқорғау" ММ және аудан қызметтерімен бірлесіп Розыбакиев көшесінің арық жүйесін тазарту жұмыстары жүргізілді. 3 текше метр тұнба, құм және кездейсоқ қоқыс шығарылды.
Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастады.