Бостандық ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы сондай-ақ әдіскері, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттарын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 "спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы №56 "спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаттарды беру үшін нормалар мен талаптар туралы"бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет порталы (Egov) арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылы спорттық разрядтар мен білікті санаттар беру жөніндегі комиссиямен 630 Мемлекеттік қызмет қаралды. Оның ішінде 621 қызмет алушыға берілді, 9-ы бас тартылды.
Спортттық разрядтар мен біліктілікті беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат
|
№ |
спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаты атауы |
Көрсетілген мемлекеттік қызмет саны |
|
|
«Біліктілігі екінші санатты Жоғары деңгейдегі жаттықтырушы»
|
28 |
|
|
«Біліктілігі екінші санатты орташа деңгейдегі жаттықтырушы» |
3 |
|
|
«Спорттық судья» |
22 |
|
|
«ІІ- разряд» |
110 |
|
|
«ІІІ-разряд» |
130 |
|
|
«І- жасөспірімдер разряды» |
90 |
|
|
«ІІ- жасөспірімдер разряды» |
96 |
|
|
«ІІІ- жасөспірімдер разряды» |
142 |
2020 жылы спорттық разрядтар мен білікті санаттар беру жөніндегі комиссиямен 605 Мемлекеттік қызмет қаралды. Оның ішінде 604 қызмет алушыға берілді, 1-уінен бас тартылды.