Бостандық ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің атқарылған жұмыс туралы есебі

 Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін 17.01.2012 жылғы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексін, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы "28" мамырдағы №64 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.  

2020 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімімен 17938 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы-3994, Мемлекеттік корпорация арқылы – 9164, электрондық үкімет веб-порталы арқылы - 4780 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өткен кезеңде 536 бас тарту орын алды, Мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту болған жоқ.

Тіркелген барлық акт жазбалары - 11022 оның ішінде:

1) туу туралы -5244

2) неке қию туралы -2408

3) некені бұзу туралы -491

4) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы -338

5) өлім туралы -2358

Сондай-ақ, 2020 жылы 17 926044,5 теңге мемлекеттік баж өндірілді.

2021 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімімен 26497 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы-4552, Мемлекеттік корпорация арқылы – 12744 , электрондық үкімет веб-порталы арқылы - 9201. Өткен кезеңде 1016 бас тарту орын алды, Мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту болған жоқ.

Тіркелген барлық акт жазбалары - 14908 оның ішінде:

1) туу туралы -5738

2) неке қию туралы -2795

3) некені бұзу туралы -488

4) тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы -545

5) өлім туралы -5495

 

Сондай-ақ, 2021 жылы -22 817207,2 теңге мемлекеттік баж өндірілді.

Бостандық ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің атқарылған жұмыс туралы есебі
Дата публикации
11 марта 2022