2021 жылы Бостандық ауданы әкімінің аппаратына барлығы 14 420 өтініш келіп түсті, оның ішінде 3 453-і әкім аппаратына және 10 967-өтініш әлеуметтік желілер арқылы.
Ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне 3453 өтініш түсті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда (3122) 9,6%-ға артық.
3453 өтініштің ішінде: өтініш берушілерден қабылданғаны - 2464, Ашық Алматыдан түскен өтініш саны – 989, Алматы қаласы әкімінің аппаратынан түскен өтініш – 108, Қазақстан Республикасы Президентінің виртуалды қабылдау бөлмесінен – 6 өтініш, Президент Әкімшілігінен – 14 өтініш, Премьер-Министрдің Кеңсесінен – 3 өтініш болып отыр.
Әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан түскен 14 420 өтініштің ішінде әлеуметтік желілер арқылы аудан әкімінің сайтына – 473 өтініш, әкім аппаратының аккаунтына – 10494.
Аудан әкімі аппаратының әлеуметтік желідегі аккаунтына көріктендіру, аулаларды жөндеу, инженерлік коммуникациялар салу, сондай-ақ ауданда өткізіліп жатқан саяси, әлеуметтік-мәдени және спорттық іс-шаралар бөлімдерінің жұмысын көрсететін 1055 материал орналастырылған.
Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды, мерзімі өтіп кеткен өтініштер жоқ.
1. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың сипаты.
Тұрғындардан аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жалпы саны коммуналдық мәселелер бойынша 1529 (44%), көріктендіру мәселелері бойынша 719 (20%), әлеуметтік мәселелер бойынша 477 (14%), кәсіпкерлік қызмет бойынша 116 (4%), басқа сұрақтар бойынша 612 (18%) өтініштер келіп түсті.
Аудан әкімінің сайтына түскен 473 тұрғындардың сұрақтары бойынша коммуналдық мәселелер бойынша 246 (52%) өтініш, көріктендәру бойынша– 98 (20%) өтініш, әлеуметтік мәселелер бойынша – 53 (11%) өтініш, сауда мәселелері бойынша– 47 (8%) өтініш және табиғатты қорғау инспекциясына сауалдар – 48 (9%) өтініш.
Азаматтардың өтініштерін қарау туралы ақпарат.
Әкім аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы түскен 3453 өтініштің оң шешімін тапқаны – 781 өтініш (22%), 1729 (50%) өтініш бойынша түсіндірме берілді, 920 (26%) - өтініш уәкілетті органдарға жолданған, 23 (2%) - өтініштің қаралуы тоқтатылғаны.
Аудан әкімінің сайтына түскен 473 өтініштің, 97-сі (20%) оң шешімін тауып, 376-сына (80%) түсініктеме берілді.
Аудан әкімінің әлеуметтік желідегі аккаунтына түскен тұрғындардың 10 494 өтінішінің барлығына бір сағат ішінде алтын чат қағидасы бойынша жан-жақты жауаптар берілді.
Бір диалог алаңы бойынша – тұрғындар өз мәселелерімен тікелей әкімге жүгінетін әкімнің жеке қабылдаулары. 2021 жылы барлығы 47 тағайындау өткізіліп, 231 адам қабылданды.
Азаматтардың өтініштері мәселелерінің сипаты бойынша олар келесідей бөлінеді: коммуналдық – 126 (54%), көріктендіру – 27 (11%), әлеуметтік мәселелер – 31 (13%), тұрғын үй мәселелері – 15 (6%), кәсіпкерлік 11 (5%) және басқа мәселелер – 21 (11%).
2021 жылға аудан әкімінің орынбасарлары 36 қабылдау өткізіп, 89 азамат қабылданды.
Азаматтардың өтініштегі мәселелерінің сипаты бойынша келесідей бөлінеді: коммуналдық – 47 (52%), көріктендіру – 14 (15%), әлеуметтік мәселелер – 17 (19%), кәсіпкерлік – 11 (14%).
320 өтініштің 91-і оң шешімін тауып, 229-ына түсініктеме берілді.
Барлығы 2021 жылы аудан әкімі аппаратымен негізгі қызмет мәселелері бойынша аудан әкімінің 280 өкімі және аудан әкімінің 1 шешімі қабылданды.
Сонымен қатар, «Қызметтік пайдалану үшін» (Қызметтік пайдалану үшін) белгісімен 61 құжат және 27 шығыс құжат жолданды.
Кадр мәселесіне қатысты аудан әкiмiнiң жеке құрамы бойынша 300 өкім, негізгі қызметіне қатысты 6 өкiм дайындалып, тіркелді.
Бекітілген жоспарға сәйкес 13 мемлекеттік қызметші бiлiктілігін арттыру курстарына жіберілді, 3 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарын аяқтап, куәліктерін алды. 13 мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтті.
2021 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметшілердің демалыс кестесі бекітілді, бекітілген кестеге сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер кезекті еңбек демалысына жіберілді.
Аудан әкімі аппаратында лауазымдық айлықақы алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия ай сайын кезекті отырысын откізеді, аппаратта жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек өтілін есептеп, хаттамаға өзгертулер енгізіп отырады.
2021 жылдың 25 желтоқсанында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді, онда 2021 жылдың қорытындысы бойынша 34 мемлекеттік қызметшінің қызметі бағаланды.
2021 жылы тәлімгерлік кеңесінің 3 отырысы өткізілді, онда тәлімгерлер мен сынақтан өтушілердің атқарылған жұмыс туралы есептері мен пікірлері тыңдалды. Комиссия шешімі негізінде аудан әкіміне үш айлық сынақ мерзімінен өтушілер жөнінде ұсыныс енгізілді.
2021 жылы 5 мемлекеттік қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру өткізілді. Тергеп-тексеру кезінде жиналған барлық құжаттар мен материалдар Алматы қаласының бірыңғай тәртіптік комиссия қарауына жіберілді. Комиссия қорытындысы негізінде 4 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды.
Келіп түскен барлық хаттар дер кезінде қаралып, жауаптары берілді.
2021 жылғы штаттық кестесі бойынша мемлекеттік қызметшілер – 43, азаматтық қызметшілер – 55, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер – 23, жергілікті өзін-өзі басқару (аумақтық кеңесінің) комитетінің төрағалары – 10 бірлік бекітілді. Барлық қызметкерлерге жеке істері ресімделді, қажет болған жағдайда озгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырады. 2021 жылы – 36 қызметкерге жұмыс орнынан анықтамалар берілді.
Қажеттілігіне қарай мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тізімдеріне жазбалар енгізіліп отырады.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілердің магнитті картаны қолдану арқылы кіру және шығу уақытын есепке алатын қолжетімділікті есептеу және бақылау жүйесі арқылы еңбек тәртiбi бақылауға алынған.
Аудан әкімі аппаратындағы қызметкерлердің табелі мен еңбекке уақытша жарамсыз парақтары ай сайын ресімделіп, қаржы шаруашылық бөліміне жалақы төлеу үшін тапсырылады.
2021 жылы 29 қоғамдық қызметкер мен жастар іс тәжірибесінен өтушілер жұмысқа қабылданды. Жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлерге еңбек шарттары жасалды, жеке істері мен еңбек кітапшалары ресімделіп, жүргізілді. Жұмыссыз тұлғалар туралы мәліметтер мен табелдер ай сайын Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ тапсырылды.
Кадр мәселесіне қатысты айлық, тоқсандық және жылдық есептер уақытында тапсырылды.
Күнделікті АИС ЕУОЛ, ЕСЭДО, ОДО, Е-өтініш, МОИП бағдарламасында жұмыс жүргізіледі, мемлекеттік қызметшілерге қатысты 2021 жылғы толық мәліметтер «Е» қызмет жүйесіне енгізілді.