Бостандық ауданы ікімі аппаратының Көріктендіру бөлімінің 2021 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі

  1. Елді мекендерді жарықтандыру:

Аудан аумағында орналасқан көше жарықтандыру желілерін жөндеу, қызмет көрсету және қалпына келтіру жұмыстарын Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Алматы Қала Жарық" МКК жүргізеді. 16 742 Жарық нүктелеріне қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Энергия тиімділігі басқармасы ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 155 жарықтандырылмаған учаскелердің бойына жарықтандыруды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 140 учаскелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, ауданның 6 көшесінде сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жарықтандыру тіректерінің техникалық жағдайын қадағала мақсатында аудан аумағындағы көшелердің сыртқы жарықтандыру нүктелерінің мониторингі жүргізілуде. "Алматыэлектротранс" ЖШС және ШЖҚ "Алматықала Жарық" МКК ШУНО мен жарықтандыру тіректері мен байланыс желісін жөндеу және сырлау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

  1. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету:

"Алматы Тазалық" КМК жалпы ұзындығы 272,8 км болатын 6 жол айрығын, 263 көше мен өтпе жолдарды тазалау және ұзындығы 179 км жаяу жүргінші жолдарының механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары жүргізілуде.

"ЕвразияКазИнвест" ЖШС мердігер ұйымымен 7 жерүсті және 12 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін күтіп-ұстау жұмыстары жүзеге асырылады.

Қалалық және аудандық іс-шараларды өткізу кезінде 480 биодәретхана орнатылған.

Контейнерлік алаңшалардан және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын басқа да орындардан қоқысты шығарумен Бостандық учаскесіне қарасты "Тәртіп" АҚ-ы айналысады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың күнделікті шығару көлемі шамамен 170 тоннаны құрайды.

Аудан аумағы бойынша барлығы 1730 қоқыс контейнерінен тұратын  295 қоқыс алаңы, бар: оның ішінде 79 тереңдетілген, жер астында орнатылған (394 контейнер), 178 стандартты қоқыс алаңы мен 38 қоқыс құбыры алаңдарында – 1336 контейнерлері бар.

Ағымдағы жылы жөндеу бригадасымен  82 контейнер алаңында, 350 контейнерлерінде сырлау жұмыстарын жүргізді.

79 қалалық және аудандық (жергілікті) сенбіліктер өткізу кезеңінде 817 тоннадан астам қоқыс, жапырак, бұтақтар мен сынған ағаштар шығарылды.

 

III. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру:

"Stamp Service" ЖШС-гі аудан аумағында орналасқан саябақтарды, гүльзарларды, көше бойындағы бөлу жолақтарын, қоғамдық пайдалану орындарын, Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын, көлік айрықтарын жасыл желектерін және жалпы ауданы 309,7 га тұратын аудан аумағындағы жасыл желектерінің тазалау және ұзындығы 177 км тұратын арық желілерін тазалау жұмыстарын жүргізеді.

2 220 ағашты формалық кесу, 6 865 дана ағаштарды санитарлық кесу, 330 апатты ағаштарды бұзу, 8 156 ағаш көшеттері мен 4 715 бұтақтар отырғызылды. Сондай-ақ, көше бойындағы ағаштардың бұтақтарын алып тастау және ағаштардың санитарлық қырқу (штамб көтеру) жұмыстары жүргізілуде.

Көктем кезеңінде ауданы 31 941 м2 тұратын гүлзарларға гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді. Магистралды көшелерде 319 гүлзар бар. Отырғызу жұмыстары жоспар-кесте бойынша жүргізіледі. Барлық гүл құмыралары ретке келтірілген (боялған, ағартылған).

Ағымдағы жылдың "бюджетке қатысу 2021" жобасы бойынша барлық проектілердің  ағымдағы жөндеу жұмыстар аяқталды:

- №3 оқушылар үйінің аумағын ағымдағы жөндеу;

- «Көкшоқы» ықшам ауданындағы жарықтандыруды жөндеу;

- Радостовец көшесіндегі жарықтандыруының ағымдағы жөндеу;

- Қожанов көшесіндегі қоғамдық көлік тұрағын көріктендіру;

- Гагарин жасыл желегінің суару су құбырын ағымдағы жөндеу;

- Тұрғыт-Озал көшесіндегі жер асты коллекторының ағымдағы жөндеу;

- Абай даңғылынан Платинаға дейнгі Ү. Алматы өзенінің бойын ағымдағы жөндеу;

- Скейт және спорт алаңдарын салу;

- «Бағанашыл-2» ықшам аудандағы сквердің ағымдағы жөндеу;

- «Бағанашыл-2» ықшам аудандағы аумақты абаттандыру;

- Дунаевский көшесі бойындағы аумақтың ағымдағы жөндеу;

- Бұхар-Жырау жасыл желегінің суғару желісін орнату;

- Тимирязев көшесінің бойындағы жер асты өткеліне көтергіш нысанын орнату;

- Әль-Фараби мен Сейфуллин даңғылы қиылысында жер асты өткеліне көтергіш нысанын орнату;

- Әль-Фараби мен Навои көшелерінің қиылысында жер асты өткеліне көтергіш нысанын орнату;

- Абай даңғылынан жоғары Мүсірепов көшесінде пандус құрылысы;

Аудан аумағын көріктендіру шеңберінде:

- ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы скверді ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді;

- Алматы қаласы әкімдігінің гүлзарындағы сыртқы жарықтандыру тіректерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді;

- Әл-Фараби даңғылы мен Алматы өзені бұрышының көпір асты кеңістігін көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

- ауданның магистральды көшелерінің бойындағы 412 дана қоқыс жәшіктерін ауыстыру және жаңаларын орнату жұмыстары жүргізілді.

Көктем-2021 " Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде "құтқару қызметі" КМК, "Қазселденқорғау" ММ және аудан қызметтерімен бірлесіп М-1 каналын тазарту жұмыстары жүргізілді. 3 текше метр тұнба, құм және кездейсоқ қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, "Қазселденқорғау" ММ-сі «Есентай» өзенінің арнасын құмнан тазарту және Үлкен Алматы өзенінің жағалауын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ, "Қыс-2021-2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде ТЖД және аудандық ТЖБ, "АЖК РЭС5" АҚ бірлесіп ЖЭО аумағында алғашқы көмек көрсету сапасын арттыру және төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында оқу-жаттығулар өткізілді.

Аудан қызметтерімен аудан аумағындағы қоқыс жәшіктерін, орындықтарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, көшелер мен көлік жолайырықтары бойындағы қоршауларды сырлау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ СМЭУ-Алматы ЖШС-де дөңгелекті қайтарғыштарды жөндеу және сырлау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Алматы қаласы, Жасыл экономика басқармасына қарасты мердігер ұйымдарымен аудан аумағында орналасқан Қастеев атындағы мұражайдың іргелес аумағындағы су бұрқағының жөндеу жұмысы мен Тұңғыш Президент Саябағында орналасқан су бұрқағының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасымен аудан аумағында орналасқан  жасыл желектерді биологиялық өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақ кобелек биологиялық препараты қолданылады. Өңдеудің бірінші кезеңі мен био-өңдеудің екінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы ұзындығы 17 км тұратын, 16 көше мен 1 көлік айрығының жол-асфальт төсемдеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ұзындығы 3,9 км тұратын жаяу жүргіншілер жолын салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Бостандық ауданы ікімі аппаратының Көріктендіру бөлімінің 2021 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі
Дата публикации
17 января 2022