Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі аппаратының АХАТ бөлімі 26.11.2011 жылы күшіне енген ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, ҚР Әділет Министрінің 2020 жылдың 28 мамырында №64 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасына» сәйкес өз қызметін жүргізеді.
2020 жылдың 10 айында АХАТ бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер барлығы – 14830, оның ішінде: ХҚКО арқылы – 7802, портал арқылы –3880, мемлекеттік орган арқылы – 3148.
Барлық тіркелген акт жазбалар саны- 9243, оның ішінде:
|
1 |
Туу туралы |
-4445 |
|
2 |
Әкелікті анықтау туралы |
-169 |
|
3 |
Бала (қыз) асырап алу туралы |
-14 |
|
4 |
Некені қию туралы |
-1942 |
|
5 |
Некені бұзу туралы |
-405 |
|
6 |
ТАӘ өзгерту туралы |
-272 |
|
7 |
Қайтыс болу туралы |
-2001 |
2020 жылдың 10 айында алынған мемлекеттік баж салығы - 14 440814,8 теңге құрайды.