Бостандық ауданы бойынша 2021 ж 9 айына Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Бостандық ауданының аумағы 9 мың 943,2 гектарды құрайды (2011 жылы 2 мың 776 гектарды құрады, 720 гектар Дулати көшесінің жоғарғы бөлігі қосылды, 2012 жылы 269,1 гектар қосылды: Бағанашыл ықшам ауданының шығысы, Дулати көшесінің батысы мен Алматы қаласының оңтүстік шекарасы, 2014 жылы 6 мың 178 гектары құрады: Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылды аймағының  8 елді мекені қосылды (Алатау ауылы, Ерменсай ауылы, Нурлытау ауылы, Жайлау ауылы, Көкшоқы ауылы, Алмарасан ауылы, Қарғалы ауылының жарты бөлігі , сонымен қатар Талғар ауданының Көктөбе ауылдық аймағынан 2 елді мекен қосылды (Ремизовка ауылы, Ақтөбе ауылы).

Халық саны – 361 604 адам. Тұрғындардың басым көпшілігі жергілікті халық (қазақтар) – 62,7%, келесі ұлттардың ішінде көбісі орыстар –  26,3%, басқа ұлт өкілдерінің саны – 11% құрайды.

Салық

01.10.2021 жылға Бостандық  ауданы  бойынша  мемлекеттік  бюджеттің кірісіне 107% орындауда  387,3 млрд. тенге түсті, оның ішінде  республикалық – 210,1 млрд.тг 45,4% орындалуда, жергілікті – 177,3 млрд. тенге 67,6% орындалуда. (ұқсас  кезең 2020 ж. – 305,9 млрд. тг., оның ішінде РБ – 178,4 млрд.тг., ЖБ – 127,5 млрд.тг.).

 Бюджет

2021 жылға 9 млрд.336 млн. тг. бөлінді, жоспар бойынша қаңтар мен қыркүйек айларына бөлінген сома 6 млрд. 332 млн. тг.

30 қыркүйек дейінгі бойынша игерілген сома  6 млрд. 324 млн.теңгені құрайды.  

Өнеркәсіп

2021 жылдың қаңтар -қыркүйек   айларынын аралығында өнеркәсіп өнім  өндіру  көлемі  60,6 млрд. тенге ИФО-111,1%. (ұқсас  кезең 2020 ж. – 61,2 млрд. тг.).

Өнеркәсіптік  потенциал  аудан  ұсынылған  компаниялар: АО «Алатау жарық компаниясы», ТОО «Беккер и К», ТОО «Конкрит Продактс», ГКП «Алматы Су».

Инвестиция

Негізгі   инвестициялар  капиталы  2021 жылдың қаңтар - қыркүйек айларынын аралығында 199,8  млрд. тенге құрайды. (ұқсас  кезең 2020 ж.- 144,3 млрд.тг) немесе өткен жылдың  кезеңімен  салыстырғанда 131,7%, қалалық  көлемдегі  ауданның  инвестиция  үлесі 26,5%. (Алматы қ. – 752,8 млрд.тг.).

2021 жылғы қаңтар- қыркүйек бөлшек  тауар айналымының  көлемі- 419,9 млрд. тг. (ұқсас кезең 2020ж. – 299,4 млрд.тг.).

Көтерме сауда тауар айналымы 1 210,4 млрд.тг құрады. (ұқсас кезең 2020ж. – 1 826,1 млрд.тг)                                                   

2021 жылда ашылған жаңа жұмыс орындары (жоспар - 4000)

 2021 жылдың қаңтар - қыркүйек айларынын аралығында 4000 жұмыс орны ашылды. Жылдық жоспар 100%.

 

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау

 2021 жылдың 3 тоқсанында Бостандық ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 30 617 құрады, олардың ішінде 19 679 белсенді жұмыс істеп тұр.

Бостандық ауданында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жалпы сомасы 23 млрд.теңге болатын 99 жоба мақұлданды. «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында. Мемлекеттік гранттар бойынша 53,5 млн.теңгеге 46 жоба қатысты. Ауданда жалпы сомасы 48,7 млн.теңгеге 4 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында 150 млн.теңге сомасында 1 жоба қаржыландырылды.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Аудан бойынша жұмыссыздықтың деңгейі – 5,2% құрайды, 2020 жылыда 5,2% көрсеткішті құраған.

Жұмыспен қамту орталығының 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі ақпараты бойынша 3 913 адам жұмыссыздар (2020 жылы – 5 421 адам), 188 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (2020 жылы – 166 адам), 226 адам жастар іс-тәжірбиесіне (2020 жылы – 191 адам) жіберілген. Қоғамдық жұмысқа 1190 адам жіберілген (2020 жылы – 2 208 адам). Берілген Грант 200 АЕК – 155 (2020ж. - 190). Кәсіби дайындық курстары аяқталған 180 адам (2020 жылда - 145 адам). Жұмыспен қамту орталығына жылдың басынан бастап 2 762 адам жұмыссыз ретінде тіркелді (2020 жылы – 2634 адам).

2021 жылдың 30 қыркүйегінде 257 (2020 жылы – 304 отбасы) аз қамтамасыз етілген отбасына 1 118 адам (2020 жылы – 1342 адам) жалпы сомасы 55 821 170 теңгені құрайтын әлеуметтік көмек тағайындалды (2020 жылы – 99 251 740 теңге). Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1 адамға 19 650 теңгені құрайды (2020 жылы – 18 325 теңге).

Ағымдағы жылдың 9 айында тұрмыс деңгейі төмен 344 адамға тұрғын-үй көмегі көрсетілді (2020 жылы – 289 адам), жалпы сомасы 2 629 606 теңгені құрайды (2020 жылы – 2 740 752 теңге).

 

Денсаулық сақтау

 Аудан көлемінде 25 мемлекеттік медициналық мекемелер, оның ішінде 8 республикалық, 17 қалалық ғылыми институттар мен орталықтар және 7 медицина орталық мемлекеттік тапсырыс бойынша, 200-ден аскан жеке меншік медициналық мекемелер орналасқан. Аталған мекемелерде 6 мыңнан аса жуық  медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Туберкулез ауруы бойынша 2021 жылдың 9 айында – 26 жағдай тіркелді (2020ж. - 41).

Ана өлімі  жоқ.

Нәресте өлімі жылдың 9 айында – 11,9 % (2020 – 12,6%).

Геппатит А бойынша 3 жағдай тіркелді (2020ж – 14).

АИТВ жұқпасы бойынша аудан тұрғындарының арасынан  – 6 азамат тіркелді (2020ж – 6).

Онкология ауруы бойынша 2021 жылдың 9 айында аудан тұрғындары арасынан барлығы – 555 тұрғын тіркеуге алынды (2020ж – 391 адам).

 

Білім беру

 Жалпы орта білім беру ұйымдарының жүйесі 58 ұйымнан тұрады, оның ішінде 24 жекеменшік және 34 мемлекеттік мектеп.

2021-2022 оқу жылының басында оқушылардың жалпы контингенті 47740 оқушыны құрады, оның ішінде: мемлекеттік мектептерде – 37356 оқушы, жеке меншік мектептерде - 10384 оқушы.

Мектептер

 

Аудан бойынша мектептер саны

Оқыту тілі

 

Оқушылар саны

Жобалық сыйымдылығы

Орын тапшылығы

Орын профициті

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Аралас тілді

Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Барлығы

Мемлекеттік мектептер

34

9

12

13

-

11152

26204

-

 

37356

 

27035

3323

 

8507

Жеке меншік мектептер

24

4

13

6

 

1

2074

7640

670

 

10384

15924

-

-

 

Барлығы:

58

23

25

19

 

1

 

13226

 

33844

 

670

 

47740

42959

3323

8507

 

Мектепке дейінгі тәрбие:

 Бостандық ауданында 2021-2022 оқу жылында жалпы контингенті 10836 баланы құрайтын 30 мемлекеттік (6275) және 42 жекеменшік балабақша (3711), 32 шағын орталық (850) жұмыс істейді.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде "Балапан" республикалық бағдарламасы бойынша Бостандық ауданында 2021 жылы 1649 баланы қамтитын 32 ұйым жұмыс істейді.

2021-2022 оқу жылының басында күрделі жөндеуден кейін келесі мектептер ашылды: №40 ЖББМ, №45 ЖББМ, № 81 МГ және мектеп ғимаратына қосымша құрылыстар:

1) 600 орындық № 38 Қазақстан-Ресей гимназиясы;

2) 600 орындық № 60 Гимназия;

3) 425 орынға арналған мамандандырылған № 199 гимназия.

2021 жылдың желтоқсан айында №191 ЖББМ ғимаратына 300 оқушы орындық қосымша ғимарат ашу жоспарлануда, мердігер "Sheberbuild" ЖШС.

2021 жылдың шілде айында "№146 мектеп-лицейі"КММ ғимаратына 300 оқушы орындық қосымша ғимарат құрылысы басталды.

2021 жылдың шілде айында № 145 жалпы білім беретін мектепте қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық нығайту жұмыстары басталды.

 

Жоғарғы оқу және арнайы орта білім орындары

Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 12 жоғарғы оқу орындары бар. Оның ішінде: Ұлттық – 2, мамандырылған – 2, жеке – 8. Білім алушылардың жалпы саны 66 185 адам, жатақханалардың саны – 40 (14 806 адам).

Ауданда арнайы орта білім орындарының саны – 21, білім алушылардың жалпы саны 13 493 адам.

 

Идеологиялық жұмыстар

 2021 жылдың 3 тоқсанында  аудан аумағында ақпараттық-насихаттық және тәрбиелік сипаттағы 70 онлайн іс-шара өткізілді. Оған «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының мүшелері, оның ішінде «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері белсенді қатысты.

Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді. Еліміз ұлтаралық тұрақтылықты, қоғамдағы біртұтастықты сақтай алды. Оның аумағына тұратын халықтар мен этностардың араздылығын тудыратын идеяларға жол берілмейді.

Ауданда 18 діни ұйымдар тіркелген, оның ішінде 4 мешіт, 1 шіркеу, оған қоса 13 мәдени құрылым басқа деноминациялар мен конфессияларға қарасты. Осы орайда аудан әкімінің аппараты діни ахуалды дамыту тенденцияларына көп көңіл бөлуде, конфессияаралық қарым-қатынастардың күрделенуіне бағытталған кейбір деструктивті діни ағымдардың қызметтеріне жол бермеу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

 

Мәдениет нысандары

 Ауданда 41 мәдени-демалыс объектілері, 2 музыкалық мектеп, 2 өнер колледжі және 1 спорт колледжі орналасқан. Ауданның барлық оқу орындарында (жоғары, арнаулы орта және мектептерде) тегін негізде 400-ге жуық секциялар жұмыс істейді. Онда шұғылданатын оқушылар мен студенттердің саны 20 000-ға жуық адамды құрайды. Халықтың зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында аудан аумағында 7 млн. аса кітап қоры бар 5 кітапхана жұмыс істейді және олар үнемі жаңартылып отырады.Анықтама: (6 кинотеатр, 5 кітапхана, 7 демалыс орталығы, 1 мұражай, 1 цирк, Студенттер сарайы, №3 оқушылар үйі, 4 саябақ, 5 Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 10 жүзу бассейні).Мәдени мұраларды қорғау бойынша ауданда орналасқан 18 тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау бойынша жыл ағымында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, ескерткіштердің жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде 3 республикалық және 15 жергілікті маңызы бар. (1 археологиялық қорған, 5 монументалды ескерткіш, 11 сәулеттік ескерткіш, 1 ансамбльдер және кешендер).

 

Мәдени іс-шаралар

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында, халықтың рухани  құндылығын және отансүйгіштігін арттыру мақсатында аудан аумағында орналасқан мәдени мекемелерде 221 іс-шара онлайн және офлайн форматта өткізілді. Анықтама: 65 – көрме, 119 – танымдық іс – шаралар (конкурс, зияткерлік ойындар, сынып сағаттары, ашық сабақтар, ақпараттық сағаттар және т.б.), 4 – Рухани жаңғыру, 20 – дөңгелек үстелдер, 13 – мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған іс-шаралар (Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы т.б.).

 

Тілдерді дамыту

 Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мынадай жұмыстар жүзеге асырылуда:- мемлекеттік тілде құжаттарды жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:2021 жылдың 9 айында 4738 кіріс хаттар тіркелді, оның ішінде 4192 мемлекеттік тілде, яғни 88 % құрады. «ҚР Тіл туралы» Заңының 21 және 25-2-баптарына сәйкес, ағымдағы жылы «PROMENADE», «Атакент молл», «АДК», «Алма-ата», «Форум» ойын-сауық орталықтарында, «Қиял әлемі» саябағында, «Француз үйі», «Mon Amie» дүкендерінде Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының инспекторларымен, тіл мамандары және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, қызмет көрсету объектілерінде орнатылған деректемелер мен көрнекі ақпараттардағы қателерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

 

Спорт

 2021 жылдың 9 айында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі комиссиясымен 529 мемлекеттік қызмет қаралды. Оның ішінде 526 қызмет алушыға берілді, 3 қызмет алушыға бас тартылды.

Коммуналдық шаруашылық

 Бостандық ауданының тұрғын үй қоры  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, АЭС-2, АЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің, 15 басқарушы компаниялардың, 112 мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ), 38 жай серіктестіктердің құрамына кіретін 1 866 көппәтерлі үйден (алаңы 7 294 432 м2 болатын 99 420 пәтерден) тұрады.

 

Көппәтерлі үйлердің Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы бағдарламасы аясында жөнделуі

 2011 – 2020 жылдар арасында мемлекеттік Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) аясында 379 үй жалпы сомасы 4 590,6 млн.  теңгеге күрделі жөндеуден  өткізілген.

2021 жылға 54 көппәтерлі үйлерді 951,7 млн. теңгеге жөндеу, оның ішінде 34 үйде 85 лифті алмастыру жоспарланған болатын.

Ағымдағы жылдың өткен 6 айында 28 үйде 67 лифт қондырғысы алмастырылды, жыл соңына дейін 6 үйде 18 лифт алмастыратын жұмыстар қалды.

Онан өзге 8 үйде шатырларды, инженерлік желілерді және үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Көппәтерлі үйлерді ПИК-тердің есебінен ағымды жөндеуден өткізу

Үй қорын қалпында сақтау мақсатында пәтер иелері кооперативтері және өзге де үй қорын басқару органдары (ПИК, ЖШС, МИБ, ЖС) тарапынан үйлерді  күтуге жиналған  қаржылар есебінен жыл сайын жылу беру маусымы аяқталған кезде көппәтерлі үйлерді ағымды жөндеуден өткізу шаралары атқарылып келеді.

Көппәтерлі меңгеру органдарының ақпаратына қарағанда 2021 жылы  720 көппәтерлі үйді ағымды жөндеуден өткізілетін жоспарланған. Өткен 6 айдың ішінде 585 көппәтерлі үй ағымды жөндеуден өткізілді, жыл аяғына дейін қалған 135 үйде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау

 Алматы қаласының сәулетін жаңғырту мақсатында 2016 жыл мен 2019 жыл аралығында инвесторларды шақыру жолымен ауданда орналасқан 132 көппәтерлі үйлердің қасбеттеріне жалпы сомасы 290,2 млн. теңгені құрайтын сырлау жұмыстары жүргізілген.

2020 жылдың аяғына дейін магистралдық көшелерде орналасқан 29 көппәиерлі үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары  атқарылды, оның ішінде:

-инвесторларды тарту жолымен 5 көппәтерлі үйдің қасбеті 10,8 млн. теңгеге сырланды;

-жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасы аясында  24 үйдің қасбеті 65 млн. теңгеге сырланып бітті;

2021 жылы инвесторларыды тарту жолымен 6 көппәтерлі үйдің қасбетін сырлау жоспарланған.

Өткен 6 ай ішінде 4 үйдің қасбеті 9,5 млн. теңгеге сырланды.

 

Көппәтерлі үйлерде жаңадан  меңгеру органдарын құру

 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2020 жылғы 7 қаңтарда күшіне енген жаңа талаптарына сай көппәтерлі үйлердің жалпы мүліктерін меңгеру мақсатында пәтер иелерінің қатысуымен Мүлік иелерінің бірлестіктерін (екі және онан да көп меншік иелері қатысқан заңды тұлға) және жай серіктестіктер (мүлікті жалпылай меңгеру) құру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған Заң күшіне енгелі бері 1 866 көппәтері үйлердің пәтер иелері қатысқан 720 жалпы жиналыстар өткізілді. Бүгінгі күнде аудан бойвнша 112 мүлік иелері бірлестіктері мен 38 жай серіктестіктер құрылған.

 

Көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және балалардың

ойын алаңдарын орнату

2020 жылы көппәтерлі үйлердің тұрғындарына  жайлы өмір сүретін ортаны қалыптастыру мақсатында сараптамадан өткен және заң талаптарына сай бекітілген жобылық-сметалық құжаттамаларға сәйкес аудандағы 120 көппәтерлі үйлердің аулаларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылға 100 аулада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі кезде 65 аулада жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өткен 2020 жылы  20 аулада балалардың ойын алаңдары инвесторларды тарту жолымен көріктендірілген болатын.

2021 жылдың 6 айында  15 аулада балалардың ойын алаңдары инвесторларды тарту жолымен көріктендірілді, жыл аяғына дейін қосымша 21 балалар алаңы көріктендірілетін болады.                             

 

Бюджетке қатысу бағдарламасы

2020 жылы «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында  Жароков көшесі, 284/1 үй ауласында спорт  алаңының құрылысы аяқталды және «Қазақфильм» ықшам ауданында Воркаут-спорт алаңы салынған.

2021 жылға 8 аулада балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын көріктендіру жоспарланған болатын, атап айтқанда мына мекен-жайларда: Хусаинов көшесі, 225, Сәтбаев көшесі, 9 Б, «Нұрлы-Тау» ықшам ауданы, Баязит көшесі, 9, 15, Мыңбаев көшесі, 93, Навои көшесі, 308/2, «Орбита-1» ықшам ауданы, 24, Гагарин даңғылы, 196 А.

Қазіргі кезде 2 мекен-жай бойынша (Навои көшесі, 308/2, «Орбита-1» ықшам ауданы, 24) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс

 2021 жылдың 9  айында 273 162 м2  тұрғын үй қолдануға тапсырылды, оның ішінде 194 085 м2 – көппәтері үйлер , 79 077 м2 – жеке үй құрылысы.(2020 жылдың осы уақытында  қолданысқа берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 318 808 м2).

Көлік

 2021 жылдың алғашқы 6 айында қала бойынша көлік тасымалдау ұйымдары 2 114,8 мың адам тасымалдаған.

Ауданда  №31, №67, №81 деген 3 маршрутқа қызмет ететін ірі «№ 2-ші Автопарк» жұмыс жасайды.

№2 автопарк 100%-ға жаңартылған.

Ауданда 3 метрополитен станциясы орналасқан: станция «Алатау» станциясы,  «Байконур» станциясы,  «Әуезов атындағы драмтеатр» станциясы, «Сайран» станциясы.

Жолаушылар тасымалының деңгейі барлық метро станцияларында: жұмыс күндерінде – 45 мың адам, сенбі күні – 25-30 мың адам,  жексенбі күні – күніне  10 мыңнан бастап 15 мыңға дейін болады.

 

Көріктендіру және санитарлық жағдай

 

  1. Елді мекендерді жарықтандыру:

Ауданда көше жарықтандыру желілерін жөндеу, қызмет көрсету және қалпына келтіру жұмыстарын Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Алматы Қала Жарық"МКК жүргізеді. 16 742 Жарық нүктелеріне қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Энергия тиімділігі басқармасы ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 155 жарықтандырылмаған учаскелердің бойына жарықтандыруды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, 140 учаскеде жұмыстар аяқталды.

Жарықтандыру тіректерінің техникалық жағдайына көшелерге мониторинг жүргізілді. "Алматыэлектротранс" ЖШС және ШЖҚ "Алматықала Жарық" МКК ШУНО мен жарықтандыру тіректері мен байланыс желісін жөндеу және сырлау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

II.Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету:

"Алматы Тазалық" КМК жалпы ұзындығы 272,8 км болатын 6 жол айрығын, 263 көше мен өтпе жолдарды тазалау және ұзындығы 179 км тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары жүргізілуде.

"ЕвразияКазИнвест" ЖШС мердігерлік ұйымымен 7 жерүсті және 12 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін ұстау жүзеге асырылады.

Қалалық және аудандық іс-шараларды өткізу кезінде 320 биодәретхана орнатылған.

Контейнерлік алаңшалардан және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын басқа да орындардан қоқысты шығарумен "Тәртіп"АҚ Бостандық учаскесі айналысады. ҚТҚ күнделікті шығару шамамен 170 тоннаны құрайды.

Аудан бойынша барлығы 295 дана алаң, 1730 контейнер бар: оның ішінде 79 тереңдетілген, оларда – 394 контейнер, 178 стандартты КП, 38 қоқыс құбыры орнатылған – 1336 контейнер.

Жөндеу бригадасы 68 контейнер алаңын, 289 контейнерді сырлау жұмыстарын жүргізді.

71 қалалық және аудандық (жергілікті) сенбіліктер өткізу кезеңінде 735 тоннадан астам қоқыс, бұтақтар шығарылды.

 

III. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру:

"Stamp Service" ЖШС саябақтарды, скверлерді, бөлу жолақтарын, қоғамдық пайдалану орындарын, Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын және жалпы ауданы 309,7 га көлік айрықтарын тазалау және ұзындығы 177 км арық желілерін тазалау жұмыстарын жүргізеді.

1 440 ағашты қалыптап кесу, 4 500 дана ағаштарды санитарлық кесу, 200 апатты ағаштарды кесу жүргізілді, 5 567 ағаш көшеттері мен 2 215 бұта отырғызылды. Сондай-ақ, көше бойындағы ағаштардың бұтақтарын алып тастау және көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Көктемгі кезеңде ауданы 31 941 м2 гүлзарларды отырғызу басталды. Магистралды көшелерде 319 гүлзар бар. Отырғызу кесте бойынша жүргізіледі. Барлық гүл құмыралары ретке келтірілген (боялған, ағартылған).

Әл-Фараби даңғылы мен Үлкен Алматы өзенінің қиылысы қоғамдық кеңістігінің аумағын ағымдағы жөндеу, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының саябағын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы "бюджетке қатысу 2021" жобасы бойынша 6 жоба бойынша жұмыстар аяқталды

- №3 оқушылар үйінің аумағын ағымдағы жөндеу

- Көкшоқы М-дегі жарықтандыруды жөндеу

- Радостовец көшесіндегі жарықтандыруды жөндеу

- Қоғамдық көлік тұрағын абаттандыру

- Гагарин желекжолындағы суару су құбырын жөндеу

- Тұрғыт Озал көшесіндегі жер асты коллекторын жөндеу

9 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- Абай даңғылынан бөгетке дейін Үлкен Алматы өзенінің жағалауын ағымдағы жөндеу

- Скейт және спорт алаңдарын салу

- Шағын аудандағы скверді ағымдағы жөндеу. "Бағаналы-2"

- Шағынаудандағы аумақты абаттандыру. "Бағаналы-2"

- Дунаевский көшесі бойынша аумақты ағымдағы жөндеу

- Бұқар Жырау көшесі бойымен Жароков көшесінен Байзақов көшесіне дейін су құбырын салу;

- Тимирязев көшесі бойынша жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне көтергіш орнату

- Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне көтергіш орнату

- Әл-Фараби даңғылының қиылысы мен қиылысына лифт орнату. Науаи көшесі.

Көктем-2021 " Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде "құтқару қызметі" КМК, "Қазселденқорғау" ММ және аудан қызметтерімен бірлесіп М-1 каналын тазарту жұмыстары жүргізілді. 3 текше метр тұнба, құм және кездейсоқ қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, "Қазселденқорғау" ММ Есентай өзенінің арнасын құмнан тазарту және Үлкен Алматы өзенінің жағалауын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар басталды.

Аудан қызметтерімен қоқыс жәшіктерін, орындықтарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, көшелер мен көлік айрықтарының бойындағы қоршауларды сырлау бойынша жұмыстар аяқталды, сондай-ақ СМЭУ-Алматы ЖШС-де доңғалақ соққыштарды жөндеу және сырлау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы бұрқақты және мұражай маңындағы аумақты жөндеу жұмыстарын аяқтады. Ә.Қастеевтің және ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы фантанды күрделі жөндеу бойынша.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының мердігерлік ұйымымен жасыл желектерді биологиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. Емдеудің төрт кезеңі жүргізілді, ақ кобелек биологиялық препараты қолданылды. Сондай-ақ Бостандық ауданының жасыл қорын азықтандыру бойынша алдын алу жұмыстары екі кезеңде жүргізілді.

Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы ұзындығы 17,1 км 17 көше мен 1 көлік айрығының жол-асфальт жабынын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, 1 көше бойынша жұмыстар жүргізілуде, 15 көше мен 1 көлік айрығы аяқталды. Сондай-ақ, ұзындығы 3,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді, жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда.

 

Құқық тәртібі және заңдылықты нығайту

 2021 жылдың 9-з айының қорытындысы бойынша аудан аумағында қылмыстар саны азайғаны белгіленген – 3 101 қылмыс (2020 жылдың ұқсас мерзімінде – 3 147 қылмыс), азайғаны 1,5 % құрастырады.

Қылмыстардың статистикалық ашылуының жалпы пайызы 41,2 % құрды, 2020 жылдың ұқсас мерзімі бойынша (37,3 %) көрсеткішінен 3,9 % жоғары.

Аса ауыр және ауыр қылмыстар бойынша 750 қылмыс тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімінде – 758 қылмыс), төмендеуі 1,1 % құрастырады. Аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылуының пайызы 62,0 % құрды, 2020 жылдың ұқсас мерзімі бойынша (59,1 %) көрсеткішінен 2,9 % жоғары.

Қылмыстардың төмендеуі келесі түрлерінен байқалды:

- аса ауыр қылмыстар түрлері - 31,0 %  (2020ж. - 29, 2021ж. - 20);

- орташа және аса ауыр емес қылмыстар - 0,4 % (2020ж. – 2 085, 2021ж. – 2 076);

- аса ауыр емес -  14,3 % (2020ж. - 539, 2021ж. - 462);

- тонау – 22,0 % (2020ж. – 50, 2021ж. - 39), оның ішінде ауыр қылмыстар – 9,5 % (2020ж. – 21, 2021ж. - 19);

- зорлау – тұрақты (2020ж. – 9, 2021ж. - 9);

- біреудің мүлкін ұрлау – 27,8 % (2020ж. – 1 689, 2021ж. – 1 219), оның ішінде ауыр қылмыстар – 35,5 % (2020ж. – 422, 2021ж. - 272);

- пәтерлерден ұрлау – 3,0 есеге (2020ж. – 232, 2021ж. - 78), оның ішінде ауыр қылмыстар – 2,7 есеге (2020ж. – 170, 2021ж. - 62);

- көлік құралын иелену - 14,3 % (2020ж. - 14, 2021ж. - 12);

- сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету - 2,1 есеге (2020ж. - 36, 2020ж. - 17), оның ішінде ауыр қылмыстар – 2,4 есеге (2020ж. – 26, 2021ж. - 11);

- қорқытып алу – 3,5 есеге (2020ж. – 7, 2021ж. - 2), оның ішінде ауыр қылмыстар – 7,0 есеге (2020ж. – 7, 2021ж. - 1);

- бұзақылық  – 25,0 % (2020ж. - 28, 2021ж. - 21);

- қоғамдық орындарда – 2,1 есеге (2020ж. - 836, 2021ж. - 395);

- көшелерде – 7,1 есеге (2020ж. - 446, 2021ж. - 63);

- нашақорлық - 15,7 % (2020ж. - 121, 2021ж. - 102).

Қылмыстардың келесі түрлерінен көтерілуі байқалды:

- ауыр қылмыстар түрлері - 0,1 % (2020ж. - 729, 2021ж. - 730);

- кісі өлтіру – 33,3 % (2020ж. – 6, 2021ж. – 8);

- қарақшылық – 50,0 % (2020ж. - 4, 2021ж. - 6);

- ауыр зиян тигізу - 50,0 % (2020ж. - 6, 2021ж. - 9);

- тонау ішінде ауыр қылмыстар – 5,9 % (2020ж. – 17, 2021ж. - 18);

- көлік құралын иелену ішінде ауыр қылмыстар - (2020ж. - 0, 2021ж. - 2);

- бұзақылық ішінде ауыр қылмыстар - (2020ж. – 0, 2021ж. - 2);

- алаяқтық – 68,4 % (2020ж. – 770, 2021ж. – 1 297), оның ішінде ауыр қылмыстар – 65,3% (2020ж. – 219, 2021ж. - 362);

- интернеттегі алаяқтық - 6,5 есеге (2020ж. – 83, 2021ж. – 543).

- нашақорлық ішінде ауыр қылмыстар – 19,2%  (2020ж. – 26, 2021ж. - 31).

          

COVID-19 қарсы күресу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар

2021 жылдың 9 айында аудан бойынша КВИ – дің 30 848 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомсыз – 24 325, симптомсыз – 6 523, емдеуге жатқызылғандар – 5 476, амбулаториялық - 25 372.

Ауданда барлық әлеуметтік нысандарда (емханалар, №1,2 АӘҚКО, ТЖД, ХҚКО, мектептер, балабақшалар және т.б.) Медициналық және санитарлық бақылау күшейтілді.

✓карантин кезінде ауданды санитарлық тазалау (дезинфекциялық жұмыс) бойынша ПИК және мердігерлік ұйымдар өкілдерімен нұсқаулық өткізілді.

Ауданда 655 аула аумағында 1863 көп пәтерлі тұрғын үй (5486 кіреберіс) бар, ошақтарда үйлер мен аула аумақтарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 928 ошақтар тіркелген.

✓ ауданда аудан әкімі аппаратының, СШК, АІІБ, Бостандық ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен қосымша шектеу, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мобильді топтар құрылды.

✓аудан аумағында орналасқан 6 дәріханамен аудан тұрғындары үшін медициналық маскаларды үздіксіз жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды.

Күн сайын ауданның 35 дәріханасы бойынша 51 қажетті дәрі-дәрмек пен вирусқа қарсы препараттардың, маскалардың болуына мониторинг жүргізіледі.

Мобильді топтар COVID-19 ауруының таралу қауіпсіздігі туралы ақпараттық плакаттарды орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Facebook пен Instagram-дағы ресми парақшаларда ақпараттық материалдар (постерлер, бейнероликтер, инфографикалар) жарияланады.

Қазіргі уақытта Бостандық ауданында келесі инфекциялық және провизорлық стационарлар қайта бейінделді және орналастырылды:

- ШЖҚ "Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКҚК Изатим Жекенова " 160 орынға арналған, оның ішінде 6 реанимацияда;

- ШЖҚ "Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы" МКҚК 235 орындық және 5 провизорлық.

Ауданда психикалық денсаулық орталығының базасында 200 төсек-орынға арналған провизорлық орталық ашылды.

Ауданда 200 төсек-орындық орталық қалалық клиникалық аурухана базасында КВИ инфекциялық орталығы ашылды.

 

Бостандық ауданында Вакцинация

 Бекітілген аудан халқы-357 836 адам.

Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 83 532.

235 413 адам вакцинациялауға жатады.

Бостандық ауданы бойынша вакцинацияланғандардың жалпы саны – 154 453 адам (65,6% орындалған).

Вакцинация 4 қалалық емхана базасында, 6 жеке медициналық орталықта ("Достар Мед" ЖШС, "Smart health university city" ЖШС, "Медикер Алатау" МО, "А CLINIC" ЖШС, "Медикер" МО, LS clinic МО), сондай-ақ сауда орталықтарында қосымша 5 вакцинация пунктінде жүргізіледі:

- СОО "MEGA центр Алма-Ата" (Розыбакиев к-сі, 247а);

- "Форум" СОО (Сейфуллин даңғылы, 617);

- "ESENTAI MALL" СОО (Әл-фараби даңғылы, 77/8);

- "ADK" СОО (Сәтпаев даңғылы, 90);

- "Галерея" СОО (Тимирязев к-сі, 42).

 

Мобильді топтар

 Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау мақсатында карантин кезеңінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша 6 мобильді топ жұмыс істеді.

2021 жылдың 3 тоқсанында 6105 нысан тексерілді. 59,5  млн.теңге көлемінде 686 хаттама жазылды. Оның ішінде:

589 хаттама жеке тұлғаларға- 25,9 млн.тенге;

97 хаттама заңды тұлғаларға- 33,7 млн.тенге.

Итоги социально-экономического развития Бостандыкского района за 9 месяцев 2021 года
Дата публикации
22 октября 2021