Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі 2021 жылдың 3-ші тоқсанында бекітілген бөлімнің жұмыс Жоспарына сәйкес келесідей жұмыстар атқарды.
Есеп беру мерзімінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бөлімге келіп түскен әр түрлі мәселе бойынша 52 (2020 ж. - 48) заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен хаттар қарастырылып, оларға жазбаша түрде жауап берілді.
Жыл басынан аудан әкімінің 466 өкімдері мен 1 шешімге (2020 ж. – 487 өкімдері мен 3 шешімге) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі бойынша құқықтық сараптама жүргізілді және келісілді.
Аудандағы қызмет бөлімшелерінің бір аптада әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған және өндірілген айыппұл және де халықтың көші-қон туралы аудан әкіміне мәлімет дайындалып, апта сайын ұйымдастыру жұмыстар және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне ұсынылуда.
Мемлекеттік–құқықтық бөлім мамандары 46 азаматтық және 1 қылмыстық істер бойынша, оның ішінде жерге қатысты – 8, басқа мәселелер бойынша – 39, (2020 жылы -35 азаматтық істер бойынша, оның ішінде материалдық шығынды өндіру бойынша – 9, басқа мәселелер бойынша – 26) соттық үдерістеріне қатысты.
2021 жылға арналған аудан әкімі аппаратының басшы қызметкерлеріне және мамандарына арналған оқу тақырыптық жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына сәйкес келесідей тақырыптарда оқу семинарлары өтті:
- 27 шілдеде - Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамаларымен реттелетін нормалар;
- 27 тамызда - Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және көріктендіру салаларында қарым қатынастарды реттейтін заңдылық нормалар;
- 28 қыркүйекте – Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен реттелетін нормалар.
Құқықтық жаппай оқыту жөніндегі ақпараттар әр айдың 20-шы жұлдызында Алматы қаласы Әділет департаментіне жіберіледі.
Бөлімнің мамандары әрдайым төмендегі аудандық комиссиялардың жұмыстарына белсене ат салысуда. Атап айтқанда, бөлім мамандары кәмелетке толғандарға қамқоршы мен қорғаншы тағайындау туралы; кәмелетке толмағандарға қамқоршы мен қорғаншы тағайындау туралы; 1941-1945 жылдардағы ҰОС тылда 6 айдан аса жұмыс істеген азаматтардың еңбек стажын анықтау жөніндегі; Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу туралы арнайы комиссиялары.
Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын Қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткізілді: (21.07.2021ж.), (30.07.2021ж.), (09.09.2021ж.), (21.09.2021ж.) барлығы 3 құжат және 2 сұрақ жоспар бойынша қарастырылды.
Барлық құжаттар КТЖҚҚЖВК келесі мекемелермен ұсынылды: 2 құжат – ПБ- ның Жергілікті полиция қызметінің жасөспірімдер полициясымен ұсынылды, 1 құжат - №69 ЖББМ КММ-мен ұсынылды, 2 сұрақ – жоспар бойынша комиссияға шығарылды.
Оның ішінде: 3 сұрақ – кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын қарастыру, 2 сұрақ – жоспарлы сұрақтар.
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша аудан әкімі аппаратының құрылымдылық бөлімшелеріне тұрақты түрде іс-шараларды өткізу туралы шешімі қабылданды.
2021 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс – қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Бостандық ауданы бойынша ведомствоаралық штабының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
- Нашақорлықтың алдын алу бойынша іс – шаралар ұйымдастыру және өткізу туралы (баяндамашы – Алматы қаласы аудандық Ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлім басшысы Саркытбаева Толкын Саркытбаевна);
- Алматы қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталығының Бостандық ауданы бойынша дәрігер-наркологының нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу жұмыстары туралы (баяндамашы - Алматы қалалық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының нарколог- дәрігері, штаб мүшесі Жүзбаева Айтолқын Абдыбахытқызы);
Аудандағы мектептердің есірткі посттарының жұмыстарына талдау жасау (баяндамашы - №51 мектпеп гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Дауренбекова Алла Генадьевна).
Тиісті ақпарат Алматы қаласы әкімдігіне жолданылды.
Бостандық ауданы әкімінің аппарат қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар және аудандық комиссиялар өз қызметтерін жалғастыруда.