Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2021 жылғы 9 айға жұмысы есебі

Бостандық ауданының тұрғын үй қоры  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, АЭС-2, АЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің, 15 басқарушы компаниялардың, 120 мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ), 139 жай серіктестіктердің құрамына кіретін 1 866 көппәтерлі үйден (алаңы 7 294 432 м2 болатын 99 420 пәтерден) тұрады.

Көппәтерлі үйлердің Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы бағдарламасы аясында жөнделуі

2011 – 2020 жылдар арасында мемлекеттік Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы (2021 жылдың басынан бастап бағдарлама «Нұрлы Жер» деп аталады) аясында 379 үй жалпы сомасы 4 590,6 млн.  теңгеге күрделі жөндеуден  өткізілген.

2021 жылға 54 көппәтерлі үйлерді 951,7 млн. теңгеге жөндеу, оның ішінде 34 үйде 85 лифті алмастыру жоспарланған болатын.

Ағымдағы жылдың өткен 9 айында 34 үйде 85 лифт қондырғысы алмастырылды, жыл соңына дейін 6 үйде 18 лифт алмастыратын жұмыстар қалды.

Онан өзге 9 үйде шатырларды, инженерлік желілерді және үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары аяқталды, 6 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қалған 5 үйдің жөндеу жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталатын болады.

Көппәтерлі үйлерді ПИК-тердің есебінен ағымды жөндеуден өткізу

Үй қорын қалпында сақтау мақсатында пәтер иелері кооперативтері және өзге де үй қорын басқару органдары (ПИК, ЖШС, МИБ, ЖС) тарапынан үйлерді  күтуге жиналған  қаржылар есебінен жыл сайын жылу беру маусымы аяқталған кезде көппәтерлі үйлерді ағымды жөндеуден өткізу шаралары атқарылып келеді.

Көппәтерлі меңгеру органдарының ақпаратына қарағанда 2021 жылы  720 көппәтерлі үйді ағымды жөндеуден өткізу жоспарланған. Өткен 9 айдың ішінде 683 көппәтерлі үй ағымды жөндеуден өткізілді, жыл аяғына дейін қалған 37 үйдегі ағымды жөндеу жұмыстары аяқталатын болады.

Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау

Алматы қаласының сәулетін жаңғырту мақсатында 2016 жыл мен 2019 жыл аралығында инвесторларды шақыру жолымен ауданда орналасқан 132 көппәтерлі үйлердің қасбеттеріне жалпы сомасы 290,2 млн. теңгені құрайтын сырлау жұмыстары жүргізілген.

2020 жылдың аяғына дейін магистралдық көшелерде орналасқан 29 көппәиерлі үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары  атқарылды, оның ішінде:

-инвесторларды тарту жолымен 5 көппәтерлі үйдің қасбеті 10,8 млн. теңгеге сырланды;

-жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасы аясында  24 үйдің қасбеті 65 млн. теңгеге сырланып бітті;

2021 жылы инвесторларыды тарту жолымен 6 көппәтерлі үйдің қасбетін сырлау жоспарланған.

Өткен 9 ай ішінде 4 үйдің қасбеті 9,5 млн. теңгеге сырланды.

Көппәтерлі үйлерде жаңадан  меңгеру органдарын құру

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2020 жылғы 7 қаңтарда күшіне енген жаңа талаптарына сай көппәтерлі үйлердің жалпы мүліктерін меңгеру мақсатында пәтер иелерінің қатысуымен Мүлік иелерінің бірлестіктерін (екі және онан да көп меншік иелері қатысқан заңды тұлға) және жай серіктестіктер (мүлікті жалпылай меңгеру) құру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған Заң күшіне енгелі бері 1 866 көппәтері үйлердің пәтер иелері қатысқан 720 жалпы жиналыстар өткізілді. Бүгінгі күнде аудан бойвнша 120 мүлік иелері бірлестіктері мен 139 жай серіктестіктер құрылды, оның ішінде ағымдағы жылдың тоғыз айында 8 мүлік иелері бірлестіктері мен 101 жай серіктестіктер құрылды.

Инженерлік желілер

Аудандағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 280,7 км құрайды, су құбырларының ұзындығы – 440,8 км, кәріз желілері – 279,4 км, электр желідеоі – 1 250 км, газ құбырларының ұзындығы – 482,3 км.

2017 – 2020 аралығында ұзындығы 15,9 км болатын су құбырларында, 10,2 км кәріз желілерінде, 515 км жылу желілері мен 23,1 км электр және 10,2 км газ құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қуаты тәулігіне 9 000 м3 құрайтын «Ерменсай» су дайындау бекетінің құрылысын «Нұрлы-Тау» ықшам ауданында салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасы аяқталуға жақын (тапсырыс беруші Алматы қаласы ЭжИД басқармасы).

Құрылысы 2020 жылы басталған «Алмагүл» электр подстанциясының және ПС-110/10-10 кВ электр желілерінің торабының құрылысы жалғасуда, жоба құны 8,6 млрд. теңге, желілердің ұзындығы 4,8 км (подстанция ғимаратының құрылысы 70%  аяқталған, электротехникалық қондырғылар мен кабель-өткізгіштер алынған, кабелдерді тарту жұмыстары үстіміздегі жылдың қазан айында басталады).

Қалаға қосылған аймақтардағы электр желідерін дамыту мақсатында  ПС-110/35-10 кВ  «Каскад» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде (подстанция ғимаратының құрылысы 100%  аяқталған, электротехникалық қондырғылар мен кабель-өткізгіштер алынған, кабелдерді тарту жұмыстары жүргізілуде).

Ағымдағы жылдың 9 айында тұрғындарға толыққанды  коммуналдық қызмет көрсету мақсатында  2 мекен-жайда орналасқан жалпы ұзындығы 861 метр болатын су құбырлары, 4 мекен-жайда орналасқан жалпы ұзындығы 2 980 метрді құрайтын электр желілері (КЛ-0,4 кВ), 2 мекен-жайда орналасқан жалпы ұзындығы 1 754,1 метр болатын жылу желілері және жалпы ұзындығы 9 516,08 м газ құбырлары қайта құрудан өткізілді.

Көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және балалардың ойын алаңдарын орнату

2020 жылы көппәтерлі үйлердің тұрғындарына  жайлы өмір сүретін ортаны қалыптастыру мақсатында сараптамадан өткен және заң талаптарына сай бекітілген жобылық-сметалық құжаттамаларға сәйкес аудандағы 120 көппәтерлі үйлердің аулаларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылға 100 аулада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі кезде 35 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған, қалған  65 аулада жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Өткен 2020 жылы  20 аулада балалардың ойын алаңдары инвесторларды тарту жолымен көріктендірілген болатын.

2021 жылдың 9 айында  17 аулада балалардың ойын алаңдары инвесторларды тарту жолымен көріктендірілді, жыл аяғына дейін қосымша 4 балалар алаңы инвесторлардың күшімен көріктендірілетін болады.

Бюджетке қатысу бағдарламасы

2020 жылы «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында  Жароков көшесі, 284/1 үй ауласында спорт  алаңының құрылысы аяқталды және «Қазақфильм» ықшам ауданында Воркаут-спорт алаңы салынған.

2021 жылға 8 аулада балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын көріктендіру жоспарланған болатын, атап айтқанда мына мекен-жайларда: Хусаинов көшесі, 225, Сәтбаев көшесі, 9 Б, «Нұрлы-Тау» ықшам ауданы, Баязитова  көшесі, 9, 15, Мыңбаев көшесі, 93, Навои көшесі, 308/2, «Орбита-1» ықшам ауданы, 24, Гагарин даңғылы, 196 А.

Қазіргі кезде  4 мекен-жай бойынша (Навои көшесі, 308/2, «Орбита-1» ықшам ауданы, 24,  Сәтбаев көшесі, 9 Б, Баязитова  көшесі, 9) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс

2021 жылдың 8  айында 262 234  м2  тұрғын үй қолдануға тапсырылды, оның ішінде 197 605 м2 – көппәтері үйлер, 64 629  м2 – жеке үй құрылысы.

(2020 жылдың осы уақытында  қолданысқа берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 318 808 м2).

 

 

Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2021 жылғы 9 айға жұмысы есебі
Дата публикации
19 октября 2021