Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2021 жылдың 9 айдағы есебі

Ауданда 41 мәдени-демалыс объектілері, 2 музыкалық мектеп, 2 өнер колледжі және 1 спорт колледжі орналасқан.

Ауданның барлық оқу орындарында (жоғары, арнаулы орта және мектептерде) тегін негізде 400-ге жуық секциялар жұмыс істейді. Онда шұғылданатын оқушылар мен студенттердің саны 20 000-ға жуық адамды құрайды.

Халықтың зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында аудан аумағында 7 млн. аса кітап қоры бар 5 кітапхана жұмыс істейді және олар үнемі жаңартылып отырады.

Анықтама: (6 кинотеатр, 5 кітапхана, 7 демалыс орталығы, 1 мұражай, 1 цирк, Студенттер сарайы, №3 оқушылар үйі, 4 саябақ, 5 Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 10 жүзу бассейні).

 Мәдени мұраларды қорғау бойынша ауданда орналасқан 18 тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау бойынша жыл ағымында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, ескерткіштердің жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде 3 республикалық және 15 жергілікті маңызы бар. (1 археологиялық қорған, 5 монументалды ескерткіш, 11 сәулеттік ескерткіш, 1 ансамбльдер және кешендер).

Мәдени іс-шаралар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында, халықтың рухани  құндылығын және отансүйгіштігін арттыру мақсатында аудан аумағында орналасқан мәдени мекемелерде 221 іс-шара онлайн және офлайн форматта өткізілді.

Анықтама: 65 – көрме, 119 – танымдық іс – шаралар (конкурс, зияткерлік ойындар, сынып сағаттары, ашық сабақтар, ақпараттық сағаттар және т.б.), 4 – Рухани жаңғыру, 20 – дөңгелек үстелдер, 13 – мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған іс-шаралар (Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы т.б.).

Тілдерді дамыту

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мынадай жұмыстар жүзеге асырылуда:

- мемлекеттік тілде құжаттарды жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

 2021 жылдың 9 айында 4738 кіріс хаттар тіркелді, оның ішінде 4192 мемлекеттік тілде, яғни 88 % құрады.

«ҚР Тіл туралы» Заңының 21 және 25-2-баптарына сәйкес, ағымдағы жылы «PROMENADE», «Атакент молл», «АДК», «Алма-ата», «Форум» ойын-сауық орталықтарында, «Қиял әлемі» саябағында, «Француз үйі», «Mon Amie» дүкендерінде Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының инспекторларымен, тіл мамандары және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, қызмет көрсету объектілерінде орнатылған деректемелер мен көрнекі ақпараттардағы қателерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

Спорт

2021 жылдың 9 айында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі комиссиясымен 529 мемлекеттік қызмет қаралды. Оның ішінде 526 қызмет алушыға берілді, 3 қызмет алушыға бас тартылды.

Бостандық ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2021 жылдың 9 айдағы есебі
Дата публикации
19 октября 2021