Бостандық ауданы бойынша халық санағының бірінші кезеңін өткізу нәтижелері және екінші кезеңіне дайындық туралы
Дайындық кезеңінің басты мақсаты интервьюерге барған кезде тұрғын үй қорын және тұратын халықты нақтылау болды.
Ұлттық халық санақтың дайындық кезеңі барысында (01.06. 30.06.2021 ж.) Алматы қаласының Бостандық ауданында интервьюерлермен алдын ала жоспар бойынша 118 652 нысан (үй) қамтылды. Онда 295 121 адам тұрады және 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 27 509 адамға өсті.
Алатған жұмысқа 143 адам тартылды (аудан бойынша уәкіл – 1, учаскелер бойынша уәкіл – 4, нұсқаушы - бақылаушы – 10, интервьюер - 128 ).
Тұрғын үй-жайларды аралау кезінде интервьюерлер арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілген планшеттерді пайдаланды.
Жұмыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен, басқарушы компаниялармен үй-жайларға, кодтық құлыптармен, күзетпен және т. б. қол жетімділігі шектеулі санақ учаскесінің үйлеріне санақ персоналының қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау арқылы жүргізілді.
Дайындық кезеңі барысында интервьюерлермен мінез-құлық этикасы және халық туралы құпия мәліметтерді рұқсатсыз қол жеткізуден, жария етуден және таратудан қорғау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта жұмыстың бірінші дайындық кезеңі аяқталды: нәтижелерді талдау, қамту және деректердің сапасын бағалау, материалдық-техникалық құндылықтарды түгендеу және тапсыру бойынша жұмыс, орындалған жұмыстар туралы актілерді тапсыру жүргізілді.
2-ші кезеңде Бостандық ауданы бойынша 61 нұсқаушы-бақылаушы (2021 жылғы қыркүйек-қараша, 1,5 айға 125 мың теңге төлеу) және 434 есептегіш (2021 жылғы 1 қазаннан 30 қазанға дейін, 1 айға 104 мың теңге төлеу) жұмылдырылады.
Ағымдағы жылғы 1-30 қазан аралығында халықты жаппай аралау өтеді, 2-ші кезеңде бір интервьюер үшін жүктеме 833 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта екінші негізгі кезеңге дайындық шеңберінде уәкілдердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және санауыштардың, оның ішінде халық санағының І кезеңіне тартылғандардың тізімі қалыптастырылуда. Осы мақсатта халық санағы бойынша жұмысқа мұғалімдерді, тәрбиешілерді, әлеуметтік қызметкерлерді тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Енгізілетін карантиндік шараларға да ерекше назар аударылды: короновирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында тек вакцинацияланған қызметкерлерді жұмысқа тарту бойынша шаралар қабылдануда.