Білім беру
Бостандық ауданында 34 мемлекеттік, 21 жеке меншік, барлығы 56 білім беру мекемесі жұмыс істейді.
2020-2021 жаңа оқу жылының басында жалпы аудан бойынша - 44786 мың оқушы контингенті аудан желісіне (Сеть) тіркелді.
Оның ішінде: мемлекеттік білім беру ұйымдарында – 36370 оқушы болса, жеке меншік мектептерде – 8416 оқушы саны тіркелді.
2021 жылдың бірнші жартыжылдығында - 44856 оқушы болса, оның ішіндегі мемлекеттік мектептердегі жалпы көрсеткіш – 36269 оқушы санын көрсетсе, жеке меншік мектептердегі оқушы саны – 8587 оқушы санын көрсетуде.
Жалпы алғанда мектеп тығыздығының келесі көріністе байқалады:
|
Мектептер |
Аудан бойынша жалпы мектептер саны |
Оқыту тілі |
Оқушылар саны |
жоспар сыйымдылығы |
Орын жетіспеушілік |
Артық орындар |
||||||
|
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Аралас тілде |
Ағылшын тілінде |
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Ағылшын тілінде |
Барлы ғы |
|||||
|
Мемлекеттік мектептер |
34 |
9 |
13 |
12 |
|
10751 |
25518 |
- |
36269
|
26373 |
5375 |
8037 |
|
Жекеменшік |
21 |
3 |
13 |
5 |
1 |
1456 |
6598 |
533 |
8587 |
18201 |
|
|
|
Барлығы: |
55 |
12 |
25 |
17 |
1 |
12144 |
32135 |
507 |
44747 |
44574 |
|
|
Мектепке дейінгі тәрбие:
Бостандық ауданында 2020-2021 оқу жылында 30 мемлекеттік (6677) және 36 жекеменшік балабақша (2831), 36 миницентр (915) жұмыс істейді, барлығы – 10 423 бала.
Республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында Бостандық ауданында 2020 жылы жалпы саны 984 баланы қамтитын 19 ұйым жұмыс істейді.
2021 жылы:
Жоғарғы оқу және арнайы орта білім орындары
Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 13 жоғарғы оқу орындары бар. Оның ішінде: Ұлттық – 2, мамандырылған – 2, жеке – 9. Білім алушылардың жалпы саны 66 185 адам, жатақханалардың саны – 40 (14 806 адам).
Ауданда арнайы орта білім орындарының саны – 21, білім алушылардың жалпы саны 13 4930 адам.
Идеологиялық жұмыстар
2021 жылдың 1 жартыжылдығында аудан аумағында ақпараттық-насихаттық және тәрбиелік сипаттағы 140 онлайн іс-шара өткізілді. Оған «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының мүшелері, оның ішінде «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері белсенді қатысты.
Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді. Еліміз ұлтаралық тұрақтылықты, қоғамдағы біртұтастықты сақтай алды. Оның аумағына тұратын халықтар мен этностардың араздылығын тудыратын идеяларға жол берілмейді.
Ауданда 18 діни ұйымдар тіркелген, оның ішінде 4 мешіт, 1 шіркеу, оған қоса 13 мәдени құрылым басқа деноминациялар мен конфессияларға қарасты. Осы орайда аудан әкімінің аппараты діни ахуалды дамыту тенденцияларына көп көңіл бөлуде, конфессияаралық қарым-қатынастардың күрделенуіне бағытталған кейбір деструктивті діни ағымдардың қызметтеріне жол бермеу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар жүзеге асырылуда.