Бостандық ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2021 жылдың ІІ тоқсанына атқарған жұмыстары туралы есебі

                                                Коммуналдық шаруашылық

Бостандық ауданының тұрғын үй қоры  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, ӨЭС-2, ӨЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің және 15 басқарушы компаниялардың құрамына кіретін 1 866 көппәтерлі үйден (алаңы 7 294 432 м2 болатын 99 420 пәтерден) тұрады.

Көппәтерлі үйлердің Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы бағдарламасы аясында жөнделуі

2011 – 2020 жылдар арасында мемлекеттік Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) аясында 379 үй жалпы сомасы 4 590,6 млн.  теңгеге күрделі жөндеуден  өткізілді.

Ағымдағы жылға 54 көппәтерлі үйлерді 951,7 млн. теңгеге жөндеу, оның ішінде 34 үйде 85 лифті алмастыру жоспарланған.

2021 жылдың өткен 6 айында 28 үйде 67 лифт қондырғысы алмастырылды, жыл соңына дейін 6 үйде 18 лифт алмастыратын жұмыстар қалды.

Көппәтерлі үйлерді ПИК-тердің есебінен ағымды жөндеуден өткізу

Үй қорын қалпында сақтау мақсатында пәтер иелері кооперативтері және өзге де үй қорын басқару органдары (ПИК, ЖПИК, ТК, ЖШС) тарапынан үйлерді  күтуге жиналған  қаржылар есебінен жыл сайын жылу беру маусымы аяқталған кезде көппәтерлі үйлерді ағымды жөндеуден өткізу шаралары атқарылып келеді.

Көппәтерлі меңгеру органдарының ақпаратына қарағанда үстіміздегі жылы 720 көппәтерлі үй ағымды жөндеуден өткізілетін болады.

Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау

Алматы қаласының сәулетін жаңғырту мақсатында 2016 жыл мен 2019 жыл аралығында инвесторларды шақыру жолымен ауданда орналасқан 132 көппәтерлі үйлердің қасбеттеріне жалпы сомасы 290,2 млн. теңгені құрайтын сырлау жұмыстары жүргізілді.

2020 жылдың аяғына дейін магистралдық көшелерде орналасқан 29 көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары  атқарылды, оның ішінде:

-инвесторларды тарту жолымен 5 көппәтерлі үйдің қасбеті 10,8 млн. теңгеге сырланды;

-жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасы аясында  24 үйдің қасбеті 65 млн. теңгеге сырланып бітті;

2021 жылы инвесторларыды тарту жолымен 6 көппәтерлі үйдің қасбетінжоспарлануда.

- 6 ай ішінде – 4 көппәтерлі үйдің қасбеті 9,5 млн. теңгеге сырланды;

Көппәтерлі үйлерде жаңадан  меңгеру органдарын құру

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2020 жылғы 7 қаңтарда күшіне енген жаңа талаптарына сай көппәтерлі үйлердің жалпы мүліктерін меңгеру мақсатында пәтер иелерінің қатысуымен Мүлік иелерінің бірлестіктерін (екі және онан да көп меншік иелері қатысқан заңды тұлға) және жай серіктестіктер (мүлікті жалпылай меңгеру) құру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған Заң күшіне енгелі бері 1 866 көппәтері үйлердің пәтер иелері қатысқан 720 жалпы жиналыстар өткізілді. Бүгінгі күнде аудан бойвнша 112 мүлік иелері бірлестіктері мен 38 жай серіктестіктер құрылған.

2020 жылы 13 мүлік иелері бірлестіктері мен 15 жай серіктестіктер құрылған

Көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және балалардың ойын алаңдарын орнату

2020 жылы көппәтерлі үйлердің тұрғындарына  жайлы өмір сүретін ортаны қалыптастыру мақсатында сараптамадан өткен және заң талаптарына сай бекітілген жобылық-сметалық құжаттамаларға сәйкес аудандағы 120 көппәтерлі үйлердің аулаларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылға 100 аулада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыстарды мемлекеттік сатып алу сынақтары аяқталып, мердігер мекемелер анықталған соң басталады.

Өткен 2020 жылы  20 аулада балалардың ойын алаңдары инвесторларды тарту жолымен көріктендірілген болатын.

Ағымдағы жылдың басынан бері 15 аулада балалардың ойын алаңдары инвесторларды тарту жолымен көріктендірілді, жыл аяғына дейін 21 балалар алаңы көріктендірілетін болады.

Бюджетке қатысу бағдарламасы

2020 жылы «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында  Жароков көшесі, 284/1 үй ауласында спорт  алаңының құрылысы аяқталды және «Қазақфильм» ықшам ауданында Воркаут-спорт алаңы салынды.

Үстіміздегі жылы 8 аулада балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдары мына мекен-жайларда көріктендірілетін болады: Хусаинов көшесі, 225, Сәтбаев көшесі, 9 Б, «Нұрлы-Тау» ықшам ауданы, Баязит көшесі, 9, 15, Мыңбаев көшесі, 93, Навои көшесі, 308/2, «Орбита-1» ықшам ауданы, 24, Гагарин даңғылы, 196 А.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыстарды мемлекеттік сатып алу сынақтары аяқталып, мердігер мекемелер анықталған соң басталады.

Құрылыс

2021 жылдың 6 айында 227 558 м2  тұрғын үй қолдануға тапсырылды, оның ішінде 169 711 м2 – көппәтері үйлер , 57 847  м2 – жеке үй құрылысы. 2020 жылдың осы уақытында  қолданысқа берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 265 429 м2.

Бостандық ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2021 жылдың ІІ тоқсанына атқарған жұмыстары туралы есебі
Дата публикации
23 июля 2021