Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің 2021 ж ІІ тоқсан есебі

Бостандық ауданының аумағы 9 мың 943,2 гектарды құрайды (2011 жылы 2 мың 776 гектарды құрады, 720 гектар Дулати көшесінің жоғарғы бөлігі қосылды, 2012 жылы 269,1 гектар қосылды: Бағанашыл ықшам ауданының шығысы, Дулати көшесінің батысы мен Алматы қаласының оңтүстік шекарасы, 2014 жылы 6 мың 178 гектары құрады: Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылды аймағының  8 елді мекені қосылды (Алатау ауылы, Ерменсай ауылы, Нурлытау ауылы, Жайлау ауылы, Көкшоқы ауылы, Алмарасан ауылы, Қарғалы ауылының жарты бөлігі , сонымен қатар Талғар ауданының Көктөбе ауылдық аймағынан 2 елді мекен қосылды (Ремизовка ауылы, Ақтөбе ауылы).

Халық саны – 360 446 адам. Тұрғындардың басым көпшілігі жергілікті халық (қазақтар) – 54,5%, келесі ұлттардың ішінде көбісі орыстар – 31,2%, басқа ұлт өкілдерінің саны – 14,3% құрайды.

Салық

01.07.2021 жылға Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісіне 53,7% орындауда 261,7 млрд. тенге түсті, оның ішінде республикалық – 138,2 млрд.тг 45,4% орындалуда, жергілікті – 123,5 млрд. тенге 67,6% орындалуда. (2020 жыл - 213,2 млрд. тг., оның ішінде РБ – 121,3 млрд.тг., ЖБ – 91,8 млрд.тг.).

Бюджет

2021 жылға 9 млрд. 946,8 млн. тг. бөлінді, жоспар бойынша қаңтар мен маусым айларына бөлінген сома 2 млрд. 806,9 млн. тг. 30 маусымға дейінгі бойынша игерілген сома 2 млрд. 800,8 млн.теңгені құрайды.

Өнеркәсіп

2021 жылдың қаңтар - маусым айларынын аралығында өнеркәсіп өнім  өндіру  көлемі 42,8 млрд. тенге ИФО-113,6%. (ұқсас  кезең 2021 ж. – 43,7 млрд. тг.).

Өнеркәсіптік  потенциал  аудан  ұсынылған  компаниялар: АО «Алатау жарық компаниясы», ТОО «Беккер и К», ТОО «Конкрит Продактс», ГКП «Алматы Су».

Қалалық  көлемдегі  ауданның  өнеркәсіп  өндірісінің  үлесі 6,3% құрайды.

Инвестиция

Негізгі инвестициялар капиталы 2021 жылдың қаңтар - маусым айларынын аралығында 136,0 млрд. тенге құрайды. (ұқсас кезең 2021 ж.- 83,1 млрд.тг).

2021 жылғы қаңтар-маусым бөлшек  тауар айналымының  көлемі- 253,8 млрд. тг. (ұқсас кезең 2021ж. – 190,5 млрд.тг.).

Көтерме сауда тауар айналымы 715,0 млрд.тг құрады. (ұқсас кезең 2021ж. – 1 107,4 млрд.тг)                                                    

2021 жылда ашылған жаңа жұмыс орындары (жоспар - 4000)

2021 жылдың қаңтар - маусым айларынын аралығында 2 670 жұмыс орны ашылды. Жылдық жоспардың 66,8%. (жылдық жоспар-4000)

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау

2021 жылдың 1 жартыжылдығында Бостандық ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 30 070 құрады, олардың ішінде 19 615 белсенді жұмыс істеп тұр.

Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің 2021 ж ІІ тоқсан есебі
Дата публикации
22 июля 2021