Осы іс-шаралар Жоспары тармақтарының жүзеге асыру барысында Бостандық ауданында келесі шаралар өткізілді.
2 тармақ бойынша. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі – мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша кеңес беру болып табылады. 2020 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес көптеген жұмыстар атқарылды.
Аудан әкімі аппаратының ғимаратында, Бостандық ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында әдеп жөніндегі уәкілдің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттері мен азаматтарды қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған. Осылайша, есепті кезеңде әдеп жөніндегі уәкілден 15 мемлекеттік қызметші кеңес алды. Негізінен мемлекеттік қызметшілер өзінің фотосуреттерін үшінші тараптардың әлеуметтік желілерде орналастырғаны үшін жауапкершілігі (қандай суреттерді әлеуметтік желілерде орналастыруға болады), түскі үзілісті қысқарту арқылы жұмыс уақыты регламентін өзгерту, өзінің жұмысы туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде тарату, мемлекеттік қызметшілердің келісімісіз қосымша және демалыс күндердегі жұмыстарға тарту мүмкіндігі туралы сұрақтар бойынша қызығушылық танытты.
Этикалық нормалардың бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік қызметшілер этикасының деңгейін арттыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты семинар түрінде түсіндерме жұмыстарын жүргізеді, барлығы 10 алдын алу және түсіндерме шараларын өткізді, оның ішінде 10 семинар мен дәрістер.
Мемлекеттік қызметшілердің қарым қатынасында жағымсыз басылымдарды анықтау және жеке аккаунтарында суреттер, бейнематериалдар мен пікір қалдыру, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін түсініктемелер орналастыру бойынша танымал әлеуметтік желілердің басылымдарын үнемі бақылау маңызды роль атқарады. Осыған байланысты әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен материалдарды орналастыруға жол бермеу мақсатында жеке әнгімелесулер жүргізеді. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунтарында орналастырылған мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін фотосуреттер, бейнематериалдар мен мәлімдемелер жоқ.
Әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен – 8 Наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Жоғары кәсіпқойлығы үшін аудандағы үздік әйелдер мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Отбасы күні мерекесіне орай 2020 жылдың 13 қыркүйегінде әдеп жөніндегі уәкіл іс-шаралар ұйымдастырды. Аудан әкімі аппаратында осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, отбасылық өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, жұмыс пен отбасы арасында жемісті ынтымақтастық орнату болып табылады.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы қаласы күніне арналған іс шараларда 4 мемлекеттік қызметші аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына азық-түлік жиынтықтарын тарату бойынша қайрымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері азық-түлік сатып алуға қаржылай көмек көрсетті.
Бостандық ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесінен мемлекеттік қызметшілер туралы ақпаратты талдады.
Ұсынылған мәлеметтерге сәйкес Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері 2020 жылы 17 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылды. Барлығы 864056 тенге сомасында айыппұл салынды, олар мемлекеттік бюджетке толығымен өндірілді. Жүргізілген мониторинг мемлекеттік қызметшілердің мас күйінде құқықбұзушылық жасау фактілері тіркелмегенін көрсетті.
Осыған байланысты, әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жыл бойы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында этикалық нормаларды бұзішылықтар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.
21 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk?lang=ru ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыру жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпаратты қамтитын, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу туралы құрылымдық бөлімдері бар ақпарат орналастырылған.
2020 жылдың 13 ақпанында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Almaty live» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
2020 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының әкімі А.Е. Рахымбетов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, оның барысында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.
Халықпен өткізілген кездесулер, «Ашық есік күндері», «Адалдық алаңы» аясында өткізілген шаралар аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде, сонымен қатар bostandyq.adaldyq_alany инстаграмм-парақшасында жарияланады.
26 тамыздан бастап әр апта сайын «Алматы» телеарнасында өтетін «Almaty live» жобасы аясында аудан әкімі А. Рахимбетов Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен тікелей эфирге шығуына қатысады, сол кезде ол аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.
2020 жылдың 22 қыркүйегінде аудан әкімінің орынбасары С.Б. Адилбаев 8-з айлық жұмыс қорытындысы бойынша және карантиндік шектеу шараларының режимін сақтау бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша өткізілген ZOOM арқылы брифингке қатысты. Барлық тұрғындардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Қазан, қараша айлары бойы «Алматы» телеарнасында «Almaty live» жобасы аясында өткен қаласы әкімінің тұрғындармен тікелей эфирлеріне Бостандық ауданы әкімі А. Рахимбетов қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Almaty live» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
29 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімімен 2020 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша алты семинар-сабақ өткізді.
31 тармақ бойынша. Бюджеттер мен есептер жыл сайын Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk?lang=ru интернет-ресурсында жарияланады.
32 тармақ бойынша. Аудан әкімі мен әкім орынбасарларының мүліктері және кірістері туралы мәлімет «Өзіңнен баста» акциясының аясында аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында жарияланған https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/documents/details/105387?lang=ru.
33 тармақ бойынша. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қосудың жөнділігі туралы ұсыныстар жоқтығына байланысты уәкілетті органға ұсынылған жоқ.
38 тармақ бойынша. «Алматы» телеарнасында сұхбат беруін ұйымдастыруды қамтамасыз ету барысында, 2020 жылдың 13 ақпанында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Almaty live» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
2020 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының әкімі А.Е. Рахымбетов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, оның барысында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.
26 тамыздан бастап әр апта сайын «Алматы» телеарнасында өтетін «Almaty live» жобасы аясында аудан әкімі А. Рахимбетов Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен тікелей эфирге шығуына қатысады, сол кезде ол аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.
2020 жылдың 22 қыркүйегінде аудан әкімінің орынбасары С.Б. Адилбаев 8-з айлық жұмыс қорытындысы бойынша және карантиндік шектеу шараларының режимін сақтау бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша өткізілген ZOOM арқылы брифингке қатысты. Барлық тұрғындардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Almaty live» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Қазан, қараша айлары бойы «Алматы» телеарнасында «Almaty live» жобасы аясында өткен қаласы әкімінің тұрғындармен тікелей эфирлеріне Бостандық ауданы әкімі А. Рахимбетов қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
39 тармақ бойынша. Аудан қызметтерінің өкілдері және аппарат қызметкерлерімен өткізілетін жиындарда мемлекеттік қызметкерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың негативті салдарын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және қолданыстағы заңнамаларда бекітілген нормалар түсіндіріледі.
Ағымдағы жылдың 28 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында аудан әкімінің халықпен өткізген жеті есептік кездесуінде сыбайлас жемқорлықтын көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын қалыптастыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар талқыланды.
Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында «Nur Otan» партиясы Бостандық ауданы филиалында аудан әкімі А.Рахимбетов пен Алматы қаласы мәслихат депутаты И.Байрамуковтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты А.Платонов аудан тұрғындарына қабылдау өткізді. Мәжілісмен қабылдауға келген әр адаммен егжей-тегжейлі әңгіме өткізіп, әр өтінішті бақылауға алды.
20 қаңтарда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының жеке құрамы Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту штабының өкілдерімен кездесу өткізді, шара барысында «Ішкі істер органдарының жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбына дәрістер оқылды. Сонымен қатар, кездесуге Алматы қаласы бойынша арнайы мониторинг тобының мүшесі Н.Зигангиров қатысты. Кездесу барысында, сыбайлас жемқорлық және оған қарсы тұрудың жолдары талқыланып, орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық оқиғалар туралы мысалдар келтірілді.
22 қаңтарда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бастапқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту штабының өкілдерімен «Ішкі істер органдарының жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс түрде кездесу өткізді.
27 қаңтарда Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының «Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне кезекті құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті.
31 қаңтарда аудан әкімі А. Рахимбетовтың төрағалығымен Алматы қаласы №4 қалалық емхананың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы активінің жиыны өтті. Еріктілік сұрақтары талқыланып, еріктілер жобасының негізгі бағыттары аталды. Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтардға назар аударылды.
11 ақпанда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының азаматтық процестік құқық пәні бойынша кәсіби дйындық факультетінің курсанттарына Алматы қаласы жеке сот орындаушыларының қатысуымен дәріс-семинар нысанында сабақ өткізілді. Сабақ барысында жеке сот орындаушылар сот орындаушыларының қызметі жайында сұрақтар талқыланды, соның ішінде сот актілерін орындау тәртібі жөнінде мағлұмат берілді. Негізгі сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болды.
17 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен 50-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында «Білім беруді цифрландыру жағдайында Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты ғылыми методикалық конференциясында «Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары» секциясы өтті. Сонымен қатар, қоғамда, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылды.
28 ақпанда аудан әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы заңнамасына өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Іс-шараға ПИК-ң төрағалары мен сервистік компаниялардың жектешілері қатысты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтары талқыланды.
29 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қиыр шығыс кафедрасында Корей Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесу өтті, кездесу барысында ол болашақө ынтымақтастық тақырыбында дәріс оқиды. Шараға университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Сонымен қатар, қоғамда, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылды.
03 наурызда «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы және «Жас Отан» жастар қанаты «ЮСИМАС» бастауыш партия ұйымымен бірлесіп, балалар мен ата-аналарға арналған «Табысты кәсіпкерлік және цифрландыру және жоғары технологиялар дәуіріндегі кәсіби бағдар» тақырыбында бизнес-тренингін өткізді. Аталмыш шараға №146, №125, №10, №93 иектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты. Негізгі талқыланған сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болды.
05 наурызда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында «Әлемдегі діни жағдайдың дамуының негізгі тенденциялары» тақырыбында дәріс-семинар нысанында сабақ өткізілді. Дәріскер мәдениетті тәрбиелеу, зайырлы мемлекеттің идеологиясын дамыту, теологиялық білім беру, өскелең ұрпақты еңбекпен қамту мәселелерінде барлық қоғамның, отбасының, мектептің күш-жігері қажет екенін атап өтті. Негізгі талқыланған сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту сұрағы болды.
05-06 наурызда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының тыңдаушыларына «Алматы қаласы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» ММ-ң базасында шығу семинар сабақтары өткізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін айта отырып, Орталық қызметкерлері ІІО-мен бірлескен жұмыстың маңыздылығын, осы проблеманы әр түрлі алаңдарда талқыланудың өзектілігін, сындарлы тәжірибені зерделеу мен заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіруді атап өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтарға назар аударылды.
27 наурызда карантин жағдайында ҚазҰУ-дың қашықтықтан оқытудың ұйымдастырылуын тексеру және тану мақсатында университетке «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Қ.Токушев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Е.Игиликов келді. «Саналы ұрпақ – Жарқын болашақ» жобасы сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамау ортасын қалыптастыру арқылы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты жою – стратегиялық міндетті шешуге бағытталған атап өткен жөн. Бағдарламаның негізгі міндеттері университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар институтымен қамтамасыз етіледі. Оның негізгі мақсаты - ғалым-заңгерлер, экономистер, саясаттанушылар, педагогтарғ әлеуметтанушылар және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың, сондай-ақ жаңа доктриналдық тәсілдер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды әзірлеу үшін практиктердің күш-жігерін біріктіру.
04 сәуірде АЭжБУ-де қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша ректор С.С.Сагинтаеваның, проректорлардың және оқытушылардың қатысуымен студенттік белсенділердің онлайн конференциясы өтті. Конференция open talk форматында өтті, әңгімелесу тең дәрежеде болды. Пікірлестердің жанды диалогы орын алды. АЭжБУ-дың өз тарихында еліміздің барлық техникалық жоғары оқу орындарында қойған сапалы білім алу, студенттер мен оқытушылардың қажеттілігіне қамқорлық таныту және сұраныстарына назар аудару сияқты басты жоғары планканың сақталуына бірдей мүдделі кездесу қатысушылары көптеген мәселелерді талқылады. Негізгі талқыланған сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болды.
Сәуірдің 23 мен 24 аралығында ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы ғылыми мектеп аясында кәсіби дайындық факультет курсанттары арасында «Болашақ педагог» деп аталатын байқау өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды: 1) оқыту әдісінің интерактивтік формалы (презентация, бейклиптар) арқылы дәрәс сабағын өткізу, 2) профессорлық-оқытушылар құрамымен бірінші кезеңдегі дәріс тақырыбы бойынша семинар сабақтарын өткізу. Байқау өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтарға да назар аударылды.
24 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң әскери кафедрасында студенттермен «Карантиндік іс-шаралар кезінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы студенттерді оқыту тәртібі туралы» бекітілген нұсқау бойынша қашықтықтан сабақ өтті. Студенттермен үнемі байланыста болу мақсатында әрбір оқу взводында электрондық пошталар ашылып, чаттар мен скайп-топтар құрылды. Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтардға назар аударылды.
28 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де коронавирус пандемиясы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы Ғылыми кеңесінің онлайн-отырысында талқыланды. Университет ректоры Ғ. Мұтанов сөз сөйледі, өз сөзінде тап болған жағдайдан сабақ алу және дұрыс қорытынды шығарып, соған орай өз қызметіңді жедел әрі жаңаша үйлестіру қажет екендігін атап өтті. «Біз алдағы күндерде кездесетін жаңа талаптар мен қатерлерді ескере отырып, экономиканың мемлекеттік басқару жүйесінің, денсаулық сақтау және білім беру салаларының тұтастай және ауқымды түрде жаңғыртылуына дайын болуымыз керек» деді. Сонымен қатар, негізгі талқыланған сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту сұрағы болды.
29 сәуірде Бостандық ауданы әкімінің аппаратында аппарат қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі нормалары» тақырыбында кезекті құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті. Сонымен қатар, аталған заңның 22 бабына ұсынылған басшылардың жауапкершілігі жөнінде өзгерістер талқыланды.
04 мамырда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Ғылыми-зерттеу орталығы мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасымен бірлесіп «Жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу мен тергеп-тексеру ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған вебинар ZOOM платформасының кері байланыспен интербелсенді форматында ұйымдастырылды. Сөз сөйлеген кезенде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту сұрақтары талқыланды.
04 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысында кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері талқыланды. Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі, Болон процессі және академиялық ұтқырлық орталығы, ҚР ЖОО және «Атамекен» ҰҚП өкілдері қатысты. Кездесуге ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проеркторы А. Хикметов модераторлық етті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту сұрақтарына назар аударылды.
25 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Пандемия кезеңіндегі заң және адам құқықтары» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Іс-шараны Еуропалық адвокаттар Қауымдастығы, халықаралық заңгерлер комиссиясы, құқықтық саясатты зерттеу орталығы және «De Facto» заң фирмасының қолдауымен адам құқықтарын қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Түркия, Беларусь, Испания, Франция, Германия, Украина, Швейцария, Польша, Литва, Грузия сияқты әлемнің 17 елінен 300-ден астам қатысушы мен спикер жиналды. Онлайн конференция бағдарламасы төрт сессиядан тұрды. Бірінші сессияның барысында спикерлер заңгерлердің қашықтан жұмыс істеуі, қашықтықтан заңгерлік білім беру және біліктілікті арттыру жаңа форматтары мен мүмкіндіктерін талқылады. Екінші сессия карантин және төтенше жағдай кезінде адам құқықтарын іске асыру мәселелеріне арналды. Пандемия жағдайында түрлі елдерде сот төрелігін жүзеге асыру ерекшеліктеріне арналған сауалдар үшінші сессияда талқыланса, төртіншісінде кезеңде-төтенше жағдайдың түрлі міндеттерді орындауға әсері мен заңды салдары тақырыптары қаралды. Адвокаттар мен заңгерлер туындаған сауалдарды шешудің тәжірибесімен бөлісті.
25 мамырда Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне арналған құқықтық жаппай оқыту өткізілді, шара барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды. Сонымен қатар, аталған заңдарға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер ИПГО жүйесі арқылы барлық аппарат қызметкерлеріне жолданылды.
05 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиринг орталығы «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобасының жүзеге асырылу тиімділігіне қатысты қоғамдық пікірді анықтау, қашықтықтан оқытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ пандемия жағдайындағы студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік көңіл-күйін бағалау бойынша сауалнамалар жүргізді. Сауалнамада жалпы университеттің 15 мыңнан астам студенттері мен оқытушылары қамтылды. Әлеуметтанулық мониторинг әдіснамасы «Оқытушы студенттердің көзімен», «Оқытушы әріптестердің көзімен», «Студенттердің қанағаттануын бағалау», «Университет түлектердің көзімен», «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» сияқты жаппай және іріктелген сұрақ-жауаптарға негізделген сауалнамалар сериясынан тұрады. Олар жоо-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жай-күйін және тиімділігін бағалаудың бірыңғай жүйесін құрайды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиринг орталығымен «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» атты жобасының аясында жеті жыл бойы жинақталған тәжірибелік әзірлемелері оған негіз болды. Аталмыш жобаны жүзеге асыру университеттің барлық салаларында жемқорлыққа қарсы технологиялардың бірегей кешенін енгізуді және олардың тиімділігін үнемі бағалауды қамтамасыз етті. Мақұлданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі жүйесі студенттер мен оқытушылар тұрғысынан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе оқытушылардың корпоративтік мәдениет нормалары кодексі мен кәсіби құндылықтарды ұстануы, білім беру және оқу-тәрбие үдерісінің ашықтығы дәрежесі, оқу жетістіктерін және академиялық шынайылықты бағалаудың объективтілігі, көрсетілетін қызмет сапасы деңгейімен қанағаттану дәрежесі және жоо ортасында жосықсыз тәжірибелердің таралуы сияқты маңызды көрсеткіштер бойынша бағалауды қамтиды. 2020 жылы университет бойынша сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі 10 баллдың 9,11-ін құрады (нөл сыбайлас жемқорлық деңгейін білдіретін меже бойынша жоғарғы, 10 – төменгі деңгейді білдіреді). Дәстүрлі түрде зерттеу нәтижелері бойынша бөлімшелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингісі ұсынылды. Аталмыш рейтинг нәтижеге бағытталған басқару аясында енгізілген оқытушылар, кафедралар, факультеттер қызметін жыл сайынғы кешенді рейтингтік бағалаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оның негізінде жыл сайын факультет декандары, кафедра меңгерушілері және барлық профессорлық-оқытушылық құрам лауазымдарына байқау жүргізіледі.
11 маусымда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінде «Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың және ескертудің тиімді әдістері» тақырыбы бойынша (шет елдердің мысалдары бойынша) ЖҚИ инспекторлары біліктілігін арттыруда. On-line режимінде қашықтықтан оқыту форматын қолдану арқылы ZOOM бұлтты платформасын, оқытудың интерактивті құралдарын қолдана отырып Алматы қ. ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының арнайы іс-шаралар және әзірлеу бөлімінің жедел уәкілі полиция подполковнигі Тоқтамысов Нұржан Жалғасұлы қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл тұжырымдамасы: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілер» атты тақырыпқа сабақ өткізілді.
22 маусымда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінде «ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша ӨҚБ басқа, басқарма бастықтары орынбасарларының, бөлімше бастықтарының біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Сабақтар қашықтықтан білім беру форматын және ZOOM ұлтты платформасын қолдана отырып он-лайн режимде, интерактивті оқыту құралдарын және тәжірибелік қызметкерлердің қатысуымен өтті.
25 маусымда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының тындаушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында по Бостандық ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Қоғамдық кеңесінің хатшысы А.А. Сюй-Миннің қатысуымен дәріс өтті.
24 шілдеде ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында «Ішкі істер органдарының қызметіндегі ғылым» тақырыбында бастапқы кәсіби дайындық тықдаушылардың қатысуымен оқыту семинар-тренингі өтті. Талқылау барысында құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды.
27 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті халықаралық онлайн-вебинар аясында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесі бірнеше қоғамдық деңгейде жүзеге асырылады. Бастапқы деңгейде университеттік қоғамдастықтың әрбір мүшесі ішкі және сыртқы ортаны жақсарту бойынша өзіне міндеттемелер алуы тиіс деген міндеттеме қойылған. Студенттерді қайырымдылыққа баулу бағдарламалары енгізілуде, ізгілік этикасы бойынша арнайы оқу курстары және университеттік «Парасаттылық мектебінің» жұмысы осы шараның маңызды құрамдас бөліктері болып табылады. Әлеуметтік жауапкершіліктің аймақтық және ұлттық деңгейлері ҚазҰУ-дың жергілікті қоғамдастық пен қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
29 шілдеде Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамаларымен реттелетін нормалар» тақырыбында кезекті құқықтық жаппай оқыту өткізілді, шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»» Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.
24 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ректораттың кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сөйлеген сөзінің негізгі тұжырымдарын талқылады. Мемлекет басшысы түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлыққа алып келетін жағдайларға сапалы талдау жүргізу қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы қызметтің тиімділігін бағалау анықталған пара фактілерінің санына емес, «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді азайту және мелекеттік қызметтерді алу кезіндегі кедергілерді жою бойынша қабылданатын шараларға негізделуі тиіс». Күн тәртібі бойынша әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл, проректор Шолпан Жаманбалаева сөз алды. Ол университетте сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, болдырмау және тәуекелдерін төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде екендігін атап өтті. 2011 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде қызметтің барлық бағыттары бойынша ашықтықты, айқындықты және бақылауды қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар кешені енгізілуде.
29 тамызда ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – ұлттық құқықтық жүйенің түпқағазы» тақырыбында онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылып өтті. Аталған іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, академияның және жетекші ЖОО-ң профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Онлайн режиміндегі конференция барысында құқық қорғау жүйесінің конституциялық-құқықтық дамуы, ұлттық және шетелдік тәжірибесі, құқық қорғау органдарымен адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етілуі, бүгінгі таңдағы ішік істер органдарының азаматтық қоғаммен конструктивті өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде мәселелер талқыланды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту сұрақтарына назар аударылды.
02 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, ол реформамалардың негізгі векторларын және қазіргі жағдайда елдің одан әрі қарышты әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын айқындайды. Мемлекет басшысының маңызды және нақты тапсырмалары, ең алдымен, дағдарысқа қарсы және дағдарыстан кейінгі шараларды іске асыруға және халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға бағытталған. Ғылыми кеңестің онлайн-отырысында сөз сөйлеген оқытушылар мен ғалымдар Президентті қолдай отырып, Жолдау – жүргізіліп жатқан реформаларға қуатты серпін беретін уақтылы және мұқият тексерілген стратегия екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ұсынған кешенді шараларды іске асыру қазіргі кезеңде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Талқылау қорытындысы бойынша ҚазҰУ-ң Ғылыми кеңесінде Жолдауды жүзеге асыру бойынша кешенді жол картасы қабылданды.
10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру шеңберінде ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Алматы қаласы Полиция департаментімен бірлесіп: «Жергілікті полиция қызметінің тиімділігін арттыру: «Полиция қадамдық қолжетімділікте»» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция қатысушыларын академия бастығының орынбасары Дильбарханова Ж.Р. құттықтау сөзімен қарсалып, Мемлекет басшысының «Азаматтардың мүдделерін қорғаудағы әділетті мемлекет» атты бөлімін іске асыру аясында құқық қорғау жүйесін жетілдіру мен дамыту, ішкі істер органдарының кадр әлеуетінің Мемлекет басшысы қойған ауқымды міндеттерді шешуге дайындығы мен қабілетіне байланысты екенін атап өтті. Қазіргі жағдайда полицияның тұжырымдамалық доктринасы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті болып табылады. Сөйлеу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтары да талқыланды.
24 қыркүйекте ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің өкілі қатысуымен қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Есмуратов, аға оқытушы-әдіскер Г. Батырбекова 401-і оқу тобы курсанттары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» тақырыбында on-line режимінде кедесу өткізілді. Шара өткізу барысында жалпы, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын жағдайларға жол бермеу туралы сұрақтар талқыланды.
30 қыркүйекте «Алматы - Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында Бостандық ауданы әкімінің аппаратында «Ashyq akimdik» фронт-кеңсе өз жұмысын бастады. «Ashyq akimdik» жобасының мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне, қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға, әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге ерекше назар аудару болып табылады. Жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік жоба Бостандық ауданы әкімі аппараты мен Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірге іске асырылды.
08 қазанда ауданы әкімі аппаратының кіші залында ауданы әкімі орынбасары М.Е. Балбаеваның төрағалығымен аудандық емханалардың бас дәрігерлерімен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Алдағы жылдары Бостандық ауданында дәрігерлік амбулаториялардың даму перспективалары туралы» тақырыпта кездесу-жиын өтті. Денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаттары: халықты қол жетімді, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, жалпы қоғамның және әрбір азаматтың денсаулығын жақсарту. Кездесу барасында медицина қызметкерлері тегін медициналық көмекті ұйымдастыру, жеке медицинаны дамыту, міндетті медициналық сақтандыру проблемалары, медициналық қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету, кадрларды даярлау мәселелерін талқылады және медициналық қызметтерді көрсетудің аумақтық шекараларын анықтады, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтары да талқыланды. .
14 қарашада ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті А.К. Батырбаев 3-і курс курсанттары мен бастапқы кәсіби дайындық курс тыңдаушыларына «Сыбайлас жемқорлық туралы» тақырыпта дәріс өткізді. Дәріс барысында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 19 тамызындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте 5 бағыттарына тоқталып өтті. Сонысен қатар, сыбайлас жемқорлық белгілері, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және сыбайлас жемқорлық үшін туындайтын құқықтық жауаптылықтарды атап өтті.
08 желтоқсанда Мемлекет басшысының 2020 жылғы 19 тамыздағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрі іс-қимыл шаралары туралы» кеңес хаттамасының 5.3 тармағын орындау мақсатында, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб бастығы Балғымбаев С.С., ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері Құшқанбаев Ж.Ж., Зайров Ә.Ш. және академияның жеке құрамының қатысуымен ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының 3-ші курс курсанттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы дәріс өткізді. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы парасаттылық қағидаттарын насихаттау сұрақтары бойынша мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты іске асыру негізіндегі парасаттылық идеологиясы, адалдық, заңдылық, сенімділік, моральдық және этикалық қағидаларды ымырасыз ұстану сияқты құңдылықтар айтылды. Қатысушылар тақырып бойынша талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларын айтты. Дәріс соңында жиналғандар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты бейне-роликтер көрсетілді.
15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында бұрын қол жеткізілген келісімдерді іске асыру шеңберінде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту шаралары» атты қашықтықтағы дөңгелек үстелге қатысты. Аталған іс-шараны Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау және Қазақстан Республикасы азаматтарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік деңгейін арттыру.
42 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында қазіргі таңда Бостандық ауданы аумағында: Әл-Фараби – Гагарин, Әл-Фараби – Жароков, Сәтбаев – Сейфуллин, Розыбакиев – Қожабеков, Әл-Фараби – Навои көшелерінің қиылысында бейнебилбордтар орналастырылған.
43 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері, қызметтік әдеп ережесі мәселелері, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері жөнінде бtйне-жадынамаларды жолдаған кезде, оларды Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk?lang=ru ресми интернет-ресурсына орналастыру қамтамасыз етіледі.
54 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік сұхбатты жолданған кезде, олардың таратылуы қамтамасыз етіледі.
55 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вайндарды жолдаған кезде, олардың жастар және жастар ұйымдары арасында, әлеуметтік желілерде таратылуы қамтамасыз етіледі.
56 тармақ бойынша. Бейне және аудиороликтер жолданған кезде, олардың әлеуметтік нысандарда көрсетілуі қамтамасыздырылады.
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі ғимаратында орналасқан АХАТ бөлімінде мемлекеттік қызметтерді «электрондық портал үкіметі» арқылы электронды түрде алудың тәсілдері жөніндегі видеоролик көрсетілімі орнатылған (видеоролик көрсетілімі Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұсынымы бойынша орнатылды).
57 тармақ бойынша. 2020 жылдың 13 ақпанында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Almaty live» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
2020 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының әкімі А.Е. Рахымбетов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, оның барысында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.
07 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментімен өткізілген «Antikor.Live» жобасы аясында, Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Алиярова әлеуметтік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтары бойынша «тікелей эфирге» қатысты. Іс-шара онлайн-форматында өткізілді, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнаманың негіздеріне сәйкес жауап берілді.
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған аудан әкімінің аппарат басшысы Б.Ж.Алиярованың «Сыбайлас жемқорлыпен күрес – ортақ іс» атты мақаласы орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/documents/details/101408?lang=ru.
63 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонның «эстафета» қағидаты бойынша өткізу кестесі жолданған кезде, тиісті шаралар өткізіледі.
2020 жылдың 8 қаңтарында Бостандық ауданы әкімінің аппараты "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында «Ашық есік күндерін» бастады. Бостандық ауданының Сәтпаев көшесі, 101 мекен-жайы бойынша орналасқан №65 мектеп базасында аудан тұрғындарымен кездесуге аудан әкімі Алтай Рахымбетов, әкім орынбасары және әкім аппаратының бөлім басшылары қатысты. Бұл жолы тұрғындар дәмхананың жұмысына, аулалардың абаттандырылуы мен санитарлық жағдайына және тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да маңызды мәселелер көтерді.
2020 жылдың 09 қаңтарында Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Алматы қаласы бойынша ақпараттық-ағарту штабының басшысы С. С. Балғынбаевтың төрағалығымен Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен жиналыс өтті. Кеңесте сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері және штаб мүшелері қатысты.
2020 жылдың 15 қаңтарында Бостандық ауданы әкімінің аппараты «Бостандық ауданы - адалдық алаңы» жобасы аясында «Ашық есік күнін» өткізді. Кездесуде қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, шешімін табу үшін кейбір сұрақтар аудан басшылығының қарауына және бақылауына алынды.
27 қаңтарда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында "Салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі туралы жаппай оқыту өтті. Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Д. Аймырза салық салу объектісі болып табылатын кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі жөнінде мәлімдеді. Сонымер қатар, аппарат басшысы Б. Алиярова мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығы жөнінде айтты.
28 қаңтарда сағат 11.00де №68 мектеп-гимназиясында аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті. Халыққа есеп беру кездесуіне қала басшысы Б.Сағынтаев және қалалық әкімдіктің басқармалары мен аудан қызметтерінің өкілдері қатысты. Залға жиналған 230 адамнан 66 ауызша, 16 жазбаша сұрақтар келіп түсті. Содан кейін, азаматтарға жеке қабылдау ұйымдастырылды.
29 қаңтарда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында сағат 15.00де "Қазақфильм" ықшам ауданында орналасқан №88 мектепте "Ашық есік күндері" аясында аудан тұрғындарын қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдау барысында көтерілген барлық сұрақтар қарастырылды.
"Алмагүл" ықшам ауданындағы №125 мектепте аудан әкімінің тұрғындармен кезекті есептік кездесуі өтті. Халыққа есеп беру кездесуіне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы және қалалық әкімдіктің басқармалары мен аудан қызметтерінің өкілдері қатысты. Залға жиналған 300 адамнан 37 ауызша, 24 жазбаша сұрақтар келіп түсті. Содан кейін азаматтардың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
05 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында "Ерменсай" ықшам ауданында орналасқан №183 мектеп қабырғасында аудан әкімінің қатысуымен "Ашық есік күндері" аясында тұрғындарды қабылдау өткізілуде. Іс-шараға 30 жуық аудан тұрғындары келіп отыр. Қабылдау барысында "Ерменсай" ықшам ауданындағы сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жарықпен қамту деген сияқты өзекті сұрақтар талқылануда.
06 ақпанда "Алматы энергетика және байланыс" университетінде аудан тұрғындарына есеп беру кездесуім өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев, қалалық мәслихат депутаттары және жалпы саны 530 аудан тұрғындары қатысты. Келіп түскен сұрақтардың саны 17. Олардың басым бөлігі аулаларды көріктендіру және жарықпен қамту мәселесіне қатысты болды.
07 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында №70 жалпы білім беретін мектепте "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі"тақырыбында дәріс өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлық ұғымын беру; Балалардың мейірімділік, адалдық, парасаттылық туралы білімдерін нақтылау; оң және теріс қылықтарды дұрыс бағалауға үйрету; адалдықты, шыншылдықты, сондай-ақ өз мемлекеті алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
08 ақпанда Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазынұлы 2019 жылға ауданның әлеуметтік – экономикалық даму қорытынды есеп беру кездесуін аяқтады. Шара ауданға жаңа қосылған аумақтағы №189 Білім беру ошағында өтті. Шара барысында Алтай Ерғазынұлы тұрғындар алдында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді. Ресми бөлімі аяқталғаннан кейін тұрғындарды мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді. Аудан тұрғындары Алтай Рақымбетовке өздерін толғандыратын сұрақтарын оларға тұшымды толық жауаптар алып ризашылықтарын білдірді. Сондай ақ аудан басшысы қойылған барлық сұрақтарды тиімді шешілуіне өз бақылауына алатынын жеткізді. Жиын артынан әдеттегідей азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
12 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында "Нұрлытау" ықшам ауданында орналасқан №190 мектеп қабырғасында "Ашық есік күні" өтті. Іс-шараға 30 жуық аудан тұрғындары келіп отыр. Қабылдау барысында "Нұрлытау" ықшам ауданындағы сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жарықпен қамту деген сияқты өзекті сұрақтар талқыланды.
17 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Алматы қаласы "№4 Қалалық емхана" ШЖҚ КМК базасында Бостандық ауданының медициналық ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды. Ол өткен жылы пациенттер мен медициналық ұйымдардың қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерге шағым түскен жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ, 2020 жылы медициналық көмектің "айқындылығын" қамтамасыз етуді жалғастыру, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты қамтитын азаматтар мен қызметкерлердің өтініштерін қарау жоспарлануда.
26 ақпанда "Bostandyq aýdany-Adaldyq alańy" жобасы аясында Қалалық студенттер емханасында азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдауды аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары өткізді. Қабылдауға ауданның 20-дан астам тұрғыны қатысты. Сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жарықпен қамту деген сияқты өзекті сұрақтар талқыланды.
26 ақпанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында
Бостандық ауданындағы №29-шы Балалар кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел болып өтті. Бұл іс шараға №40-шы ж.б.б мектептің оқушылары қатысты. Мақсаты:1. Оқушылардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту; 3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
"Бостандық ауданы - Адалдық алаңы" жобасы аясында М.В.Ломоносов атындағы №38 гимназия қабырғасында тұрғындарды қабылдауы өтті. Келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі қабылдау барысында шешілді. Уақыт талап ететін кейбір мәселелер бойынша жұмыс атқаратын боламыз.
11 наурызда "Орбита" ықшам ауданында орналасқан №4 қалалық емханада "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдау өтті. Іс-шараға аудан басшылығы, аудандық құрылымдардың өкілдері қатысты. Өз кезегінде біз халықтың мұң-мұқтажы мен өтініш-арыздарын уақытында және тиімді шешуге тырысамыз.
Ағымдағы жылдың 13 наурызында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты ғимаратының кіші залында «Бостандық ауданы – Адалдық Алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Д. А. Мурзинның төрағалығымен Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және Бостандық ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бақармасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сонымен қатар 37 аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен жиылыс өтті. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету. Кәсіпкерлер көкейінде жүрген өздерін қызықтыратын сұрақтарға, атап айтқанда мемлекеттік қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар бойынша қажетті түсініктеме және кеңес алуға мүмкіндік алды.
Бостандық ауданы әкімінің аппараты ағымдағы жылдың 04 қыркүйегінде "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында, «Алматы қаласының дәріханаларының халық арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуының алдын алу жөніндегі Келісімі» тақырыбында Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп Zoom бейне байланысы арқылы бейнеконференция өткізді.
Бостандық ауданындағы OPEN AKIMAT Фронт-офисі 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні Бостандық ауданының "Адалдық алаңына" 68 адам түрлі сұрақтар бойынша жүгінді. Келіп түскен өтініштердің 90% - ы оң шешімін тапты, қалғандары бақылауға алынып, әрі қарай шешу үшін уәкілетті органдарға жіберілді. Азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту, коммуналдық шаруашылықты, көріктендіру, әлеуметтік сала, ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдері мамандарымен жүргізіледі.
"Адалдық алаңы" жоспар аясында Бостандық ауданы мектептеріндегі кезекші сыныптардың жұмысына талдау жүргізілді. Мысалы, № 125 мектепте барлығы 827 оқушы бар, оның ішінде көп балалы отбасылар - 32, әлеуметтік осал отбасылардың аз қамтылғандар-29. № 68 мектепте барлығы 1240 оқушы бар, оның ішінде көпбалалы отбасылар - 41, әлеуметтік осал отбасылардың аз қамтылғандар-23. №146 мектепте барлығы 1903 оқушы бар, оның ішінде көп балалы отбасылар - 64, әлеуметтік осал отбасылардың аз қамтылғандар-48. Мектептер онлайн режимде жұмыс істейді, сондай-ақ кезекші сыныптар жұмыс істейді. Карантинге байланысты қауіпсіздік шаралары сақталады: маска режимі, қол гигиенасы, дене температурасын күнделікті өлшеу, санитайзерлер сатып алынды. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар компьютерлермен және планшеттермен қамтамасыз етілген.
"Адалдық алаңы" жоспары аясында қараша айында ауруханаларға мониторинг жүргізілді. "Орталық қалалық клиникалық ауруханаға", "перенатология және балалар кардиохирургиясы орталығына" ШЖҚ МКК, "№ 17 қалалық емханаға"ШЖҚ МКК барып қайтты. "Covid-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге стационарлық медициналық көмекті ұйымдастыру туралы" хаттама бар. Сонымен қатар, Covid-19 бар науқастарды емдеу және күтіммен қамтамасыз етуге қатысатын адамдардың тізімі бекітілді.
30 қарашада "Бостандық Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде әкімнің орынбасарлары С.Б. Әділбаев пен М. Е. Балбаева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына мамандар, бөлім басшылары және заңгер жауап берді.
"Bostandyq aýdany-Adaldyq alańy" жобасы аясында, денсаулық сақтау объектілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Ауданда барлығы: медициналық мемлекеттік ұйымдар - 16, жеке меншік медициналық орталықтар - 8 әлеуметтік нысандар – 4, стационарлар -6, оның ішінде 2 Жұқпалы аурулар ауруханасы пандемияның 2 - ші толқыны жағдайында дайын: 1). Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасыИ. Жекенова-160 төсек орын; 2). Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы - 24 төсек.
"Bostandyq aýdany-Adaldyq alańy" жобасы аясында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жөнінде мониторингі өткізілді. 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын жақсарту үшін 2011 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 3 976,2 млн.теңгеге 342 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 67 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу, оның ішінде 31 көпқабатты үйдегі 76 лифт ауыстыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 айында 7 көпқабатты тұрғын үйге ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін 1 үйді жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, 59 үйді жөндеу 2021 жылға ауыстырылады.
Барлық шаралар өткізілген сайын bostandyq.adaldyq_alany инстраграмм-парақшасында жарияланады.
65 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk?lang=ru сайтында жоспарлау және бюджеттік қаражаттардың игерілуі туралы мәліметерді орналастыру үшін арнаулы тарулардың жасалуы және толтырылуы қамтамасыздырылған.
67 тармақ бойынша. Отбасы күні мерекесіне орай 2020 жылдың 13 қыркүйегінде Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Б. Алиярова онлайн форматта бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Аудан әкімі аппаратында осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарын тәрбиелеу, отбасылық өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, жұмыс пен отбасы арасында жемісті ынтымақтастық орнату болып табылады. Тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына азық-түлік жиынтықтарын тарату бойынша қайрымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері азық-түлік сатып алуға қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, үлгілі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына балаларының тәрбиесіне қосқан ерекше үлестері үшін Бостандық ауданы әкімінің алғыс хаты жолданды.
68 тармақ бойынша. Ағымдағы жылдың 23 маусымында Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында салтанатты іс-шара өткізілді. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін төрт мемлекеттік қызметкерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.
70 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі Ұлттық баяндама туралы ақпарат уақытылы Алматы қаласы әкімдігіне жолданылады.
78 тармақ бойынша. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері бюджетті жасақтаудың қатысушылары болып табылады. Бюджетті жоспарлау мен жүзеге асырудың барлық сатыларында жауапты бюджеттік бағдарламаларына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жауапты. Жергілікті бюджет республикалық бюджет бекітілгеннен кейін 2 апталық мерзім ішінде бекітіледі. Бюджет кодесіне сәйкес, бюджеттің уақытылы жасақталуы мен жүзеге асырылмауына жазалау шаралары қарастырылған.