Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімімен 2020 жылға атқарылған жұмыс есебі

Салық

01.01.2021 жылға Бостандық  ауданы  бойынша  мемлекеттік  бюджеттің кірісіне 105% орындауда  453,6 млрд. тенге түсті, оның ішінде  республикалық – 271,6 млрд.тг 101% орындалуда, жергілікті - 182 млрд. тенге 112% орындалуда.

Өнеркәсіп

2020 жылғы қаңтар-жеклтоқсан өнеркәсіп өнім  өндіру  көлемі  79 млрд. тенге ИФО-103,9%. (ұқсас  кезең 2019 ж. – 73,9 млрд. тг.).

Өнеркәсіптік  потенциал  аудан  ұсынылған  компаниялар: АО «Алатау жарық компаниясы», ТОО «Беккер и К», ТОО «Конкрит Продактс», ГКП «Алматы Су», ТОО «Pure Pack».

Қалалық  көлемдегі  ауданның  өнеркәсіп  өндірісінің  үлесі 7,5 % құрайды. 

Инвестиция

Негізгі   инвестициялар  капиталы  2020 жылда  221,7 млрд. тенге құрайды. (ұқсас  кезең 2019 ж.- 204,1 млрд.тг) немесе өткен жылдың  кезеңімен  салыстырғанда 106,1 %, қала бойынша  негізгі  капиталға салынған  инвестициялар  үлесі  22,8 % құрайды. (Алматы қаласы – 971,2 млрд.тг.).

2020 жылдағы бөлшек  тауар айналымының  көлемі- 408,9 млрд. тг. (ұқсас кезең 2019ж. – 457,9 млрд.тг.).

Көтерме сауда тауар айналымы 2 426,4 млрд.тг құрады. (ұқсас кезең 2019ж. – 2 019,9 млрд.тг)

Ауданда  тіркелген  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінің саны-28 033, солардың ішінде 18 212 белсенді жұмыс жасайды.                                                   

2020 жылда ашылған жаңа жұмыс орындары (жоспар - 4000)

2020 жылы 4 619 жұмыс орны ашылды. Жылдық жоспар 115,5 % (2019 жылғы сәйкес кезеңде 4 511 жұмыс орны болды).

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау

01.01.2021 жылға Бостандық ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 30 076 құрады, олардың ішінде 19 416 белсенді жұмыс істеп тұр.

Ағымдағы жылдың басынан бері «Жол карта бизнесі 2020» бағдарламасының орындалуы барысында 37,1 млрд.теңге қаржы есебінде 85 жоба мақұлданды. Субсидиялардың болжамды сомасы – 1,2млрд. тенге. «Нәтижелі жұмыспен камтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» жобасының аясында аудан бойынша 255,4 млн. тенге. көлемінде 20 микрокредиттер берілді.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Almaty Business-2050» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 757,1 млн. тенге көлемінде 20 жоба қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономика» бағдарламасы аясында 2,6 млрд. тенге көлемінде 8 жоба қаржыландырылды.

Мобильді топтар

Мобильді топтар COVID-19 ауруының таралу қауіпсіздігі туралы ақпараттық плакаттарды орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Facebook және Instagram ресми беттерінде 189 ақпараттық материал (постерлер, бейнероликтер, инфографикалар) жарияланды.

Осылайша, 2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 34 673 ақпараттық материал дайындалды, орнатылды және таратылды, оның ішінде:

- 112 баннер, өлшемі 1,25х1,25 адам көп жиналатын орындарда (саябақтар, скверлер, өзен жағалаулары және т. б.);

- 531 баннер, өлшемі 1,2х0,6, өлшемі 1,2х1,25, адамдар көп жиналатын жерлерде және адамдар көп шоғырланған жерлерде (спорт нысандары, ірі бизнес-орталықтар, қоғамдық тамақтану орындары, білім беру мекемелері және т. б.)

- Көлемі 1, 2х0,6,08х06, 03Х0, 6 5 587 жапсырмалар (дүкендер, дәріханалар, салондар және басқа да кәсіпкерлік объектілер);

- 80 жапсырмалар, мөлшері 08х06, 1,2Х0,6 ("Алматы Тазалық" МКК, "Stamp service" ЖШС, "DM Stroy" ЖШС-ның арнайы коммуналдық техникаларына 60 бірлік орналастырылды»);

- Көп пәтерлі тұрғын үйлер кіреберістерінде, жеке үйлерде А4 өлшемді 13 638 жапсыру,;

- А5 форматындағы 9 600 үлестірме кітапшалар (адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда, аула аумақтары);

- Есентай,Үлкен Алматы өзендерінің жағалауларындағы көпірлерде 9 баннері (1-өлшемі 1, 0х10) орнатылды.

- - 14 өту баннері: 8 дана (өлшемі 1,5х26 м), 2 дана (өлшемі 1,1х38 м), 4 дана (өлшемі 1,5х34 м) Әл-фараби даңғылының бойындағы жерүсті өткелдерінде орналасқан.

- 2 баннер (көлемі 1,0х20м) Әл-фараби даңғылының бойындағы Есентай-молла маңындағы жерүсті өткелдерінде орналастырылған.

- Халыққа таратуға арналған 5 100 бетперделер.

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау мақсатында карантин кезеңінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша 4 мобильді топ жұмыс істеді.

2020 жылы 3 447 нысан тексерілді. 159 045 сома көлемінде 797 хаттама жазылды. Оның ішінде:

747 хаттама жеке тұлғаларға;

49 хаттама заңды тұлғаларға;

1 хаттама лауазымды тұлға Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ университетіне жазылды.

Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімімен 2020 жылға атқарылған жұмыс есебі
Дата публикации
27 января 2021