Құрылыс
2020 жылы аудан бойынша 545,0 тыс. м2 тұрғын үй қолдануға тапсырылды немесе ұқсас өткен жылдың 81,5% оның ішінде ЖТҚ - 92,2 мың м2, КПТҮ - 452,8мың м2. (2019 жылы қолданысқа берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы - 668 514 м2).
Көлік
2020 жылда қала бойынша көлік тасымалдау ұйымдары 2 114,8 мың адам тасымалдаған.
Ауданда №31, №67, №81 деген 3 маршрутқа қызмет ететін ірі «№ 2-ші Автопарк» жұмыс жасайды.
№2 автопарк 100%-ға жаңартылған.
Ауданда 3 метрополитен станциясы орналасқан: станция «Алатау» станциясы, «Байконур» станциясы, «Әуезов атындағы драмтеатр» станциясы, «Сайран» станциясы.
Жолаушылар тасымалының деңгейі барлық метро станцияларында: жұмыс күндерінде – 45 мың адам, сенбі күні – 25-30 мың адам, жексенбі күні – күніне 10 мыңнан бастап 15 мыңға дейін болады.
Көріктендіру және санитарлық жағдай
Елді мекендерді жарықтандыру:
Ауданда көшелердегі және тысқы жарық көздерін күту, жөнлеу және қалпына келтірумен «Алматы Қала Жарық» МКК айналысады. Аудан аумағында орналасқан 15 511 жарық көздерін күту жұмыстары атқарылды
2020 жылы аудан аумағында 1100 жарық көздері орнатылды және Гагарин даңғылы бойынша Абай даңғылынан Әл-Фараби даңғылы аралығындағы сыртқы жарықтандыру желісін жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету:
«Алматы тазалық» МКК мердігер мекемесі жалпы ұзындығы 261 км. 6 көлік жол айрықтарын, 243 көшені және өткел көшелерді санитарлық тазалау жұмыстарын атқарды. Механикаландырылған және қол жұмыстары негізінде жалпы ұзындығы 177 км. болатын жаяу жүргінші жолдары тазаланып отырды.
«ДМ строй» МКК мердігер мекемесі 7 жер үсті, 12 жер асты өткелдерін тазалау бойынша жұмыстар атқарды.
Қалалық және аудандық қоғамдық шаралар кезінде 1050 биодәретханалар орнатылды.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде күн сайын көшелерді, тротуарларды, саябақтарды, скверлерді және өткелдерді өңдеуге шығу жүзеге асырылды: 13 бірлік суару-жуу машиналары, 6 бірлік бөшкесі бар трактор, 3 бірлік пони (поливалка), 7 бригада (14 адам) дезинфекция бойынша бригада, 120 адам жол жұмысшылары.
Өңдеуге жалпы ұзындығы 261 км 249 көше, ұзындығы 176,9 км жаяу жүргіншілер тротуарлары, ұзындығы 15,4 км жаяу жүргіншілер жолы, 7 жерүсті, 12 жерасты өткелі, 4 саябақ, 9 бульвар, 2 өзен жағалауындағы 9 сквер, 295 контейнерлік алаң жатады.
Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру
«Stamp Service» ЖШС күшімен ауданда жалпы алаңы 309,7 га. болатын бақтар мен саябақтардың, көшелердегі бөлу жолақтарының аумақтарын, Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің жағалауларын тазалау, ағымды күту шаралары атқарылуда және ұзындығы 176,7 км. арық жүйелері тазаланды.
Ауданда 720 ағаш қалыпқа келтіретін қырқудан, 6 012 ағаш санитарлық қырқудан және 300 апаттық ағаш кесу жұмыстары өткізілді. 6 768 жасыл желектерді отырғызу және 4 182 тал-шіліктерді отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Алматы қаласының Құтқару қызметімен ГУ «Казселезащита» қосыла отырып М-1 және М-2 каналдарына тазарту жұмыстары атқарылды. Жалпы көлемі 80 м3 қоқыс пен құм-топырақ шығарылды, шараға 6 дана арнайы техника қатысты.
Ғабдуллин көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға күрделі жұмыстар аяқталды.
"Жұмыспен қамтудың Жол картасын" жүзеге асыру аясында:
- 1,2 км арық желісін ағымдағы жөндеу;
- Абай даңғылындағы бұрынғы КАЗГЮА ғимаратының іргелес аумағын жөндеу;
- Ә. Кекілбаев көшесі бойындағы М-2 каналының бойына қоршау орнату;
- Көктем - 1 шағын ауданында футбол және баскетбол алаңдарын, балалар және спорт алаңдарын орналастыру;
- ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы балалар және спорт алаңдары;
- Есентай және Үлкен Алматы өзендері жағалауларындағы пандустарды жөндеу;
Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Мұстафа Өзтүрік көшесіндегі саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
"Бюджетке қатысу" жобасы аясында «Тоғыз құмалақ» ойынына арналған 5 үстелдерді орнату.
Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы жұмыс жүргізуде:
- ҚР Тұңғыш Президенті саябағында фантанына күрделі жөндеу бойынша;
- Достық паркін қайта құру бойынша;
Алматы қаласы қалалық мобилдігі басқармасы тарапынан ауданда келесі жұмыстар жасалды:
-жалпы ұзындығы 25,7 км. болатын 59 көше және 1 көлік айрығына асфальт қыртысын орташа жөндеуден өткізілді және 3,8 км. жаяу жүргінші жолдарына орта жөндеу жұмыстары өткізілуде. Сондай-ақ ауданы 13 000 ш.м2 астам жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.