Бостандық ауданының тұрғын үй қоры «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, ӨЭС-2, ӨЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің және 15 меңгеруші компаниялардың құрамына кіретін 1 866 көппәтерлі үйден (алаңы 6 825 274 м2 болатын 96 860 пәтер) тұрады.
Көппәтерлі үйлердің Өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы бағдарламасы аясында жөнделуі
2011 – 2019 жылдар арасында мемлекеттік Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) аясында 342 үй жалпы сомасы 3 976,2 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.
Аталған Бағдарлама аясында 2020 жылға 67 көппәтерлі үйлерді жөндеу, оның ішінде 76 лифті алмастыру жоспарланған.
2020 жылдың аяғына дейін 28 көппәтерлі үйдің жалпыүйлік бөліктерін жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 8 үйдің шатырлары, қасбеттері, инженерлік желілері 161,3 млн. теңгеге жөнделіп, 330 млн. теңгеге 20 көппәтерлі үйде 45 лифт қондырғылары алмастырылды. Коронавирус індетінің жайылуына байланысты Алматы қаласында жарияланған шектеу (карантин) шаралары салдарынан 39 көппәтерлі үйді жөндеу жұмыстары 2021 жылға өткізілді.
2019 жылы 61 көппәтерлі үй күрделі жөндеуден өткізілген болатын.
Көппәтерлі үйлерді ПИК-тердің есебінен ағымды жөндеуден өткізу
Үй қорын қалпында сақтау мақсатында пәтер иелері кооперативтері және өзге де үй қорын басқару органдары (ПИК, ЖПИК, ТК, ЖШС) тарапынан үйлерді күтуге жиналған қаржылар есебінен жыл сайын жылу беру маусымы аяқталған кезде көппәтерлі үйлерді ағымды жөндеуден өткізу шаралары атқарылып келеді.
2020 жылдың қаңтар және қазан айлары арасында түзілген жоспар бойынша 840 көппәтерлі үйге жалпы сомасы 17,6 млн. теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілдіі.
2019 жылы 1 058 көппәтерлі үй ағымды жөндеуден өткізілген болатын.
Көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау
Алматы қаласының сәулетін жаңғырту мақсатында 2016 жыл мен 2019 жыл аралығында инвесторларды шақыру жолымен ауданда орналасқан 132 көппәтерлі үйлердің қасбеттеріне жалпы сомасы 290,2 млн. теңгені құрайтын сырлау жұмыстары жүргізілді.
2020 жылдың аяғына дейін магистралдық көшелерде орналасқан 29 көппәиерлі үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары атқарылды, оның ішінде:
-инвесторларыды тарту жолымен 5 көппәтерлі үйдің қасбеті 10,8 млн. теңгеге сырланды;
-тұрғындарды жұмысқа тартудың Жол картасы бағдарламасы аясында 24 үйдің қасбеті 65 млн. теңгеге сырланып бітті.
2019 жылы 2 көппәтерлі үйдің қасбеттері сырланған болатын.
Көппәтерлі үйлерде жаңадан меңгеру органдарын құру
Қазақстан Республика сының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2020 жылғы 7 қаңтарда күшіне енген жаңа талаптарына сай көппәтерлі үйлердің жалпы мүліктерін меңгеру мақсатында пәтер иелерінің қатысуымен Мүлік иелерінің бірлестіктерін және жай серіктестіктер құру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл бойына 1 693 көппәтері үйлердің пәтер иелері қатысқан 561 жалпы жиналыс өткізілді. Бүгінгі күнде аудан бойвнша 44 мүлік иелері бірлестіктері мен 15 жай серіктестіктер құрылған.
Көппәтерлі үйлердің аулаларын жөндеу және балалардың
ойын алаңдарын орнату
2020 жылы көппәтерлі үйлердің тұрғындарына жайлы өмір сүретін ортаны қалыптастыру мақсатында сараптамадан өткен және заң талаптарына сай бекітілген жобылық-сметалық құжаттамаларға сәйкес аудандағы 120 көппәтерлі үйлердің аулаларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жыл аяғында аталған аулалардың барлығында жөндеу жұмыстары аяқталды.
2021 жылға 100 аулада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар жыл басынан бері 20 аулада балалардың ойын алаңдары инвесторларды тарту жолымен көріктендірілді.
Бюджетке қатысу
«Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында жыл бойына Жароков көшесі, 284/1 үй ауласында спорт алаңының құрылысы аяқталды және «Қазақфильм» ықшам ауданында Воркаут-спорт алаңы салынды.