Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің 2020 ж 11 айға талдамалық анықтамасы

  Біз, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудан өткізу құрамы және жұмыс тобының төрағасы Батима Жақсылықызы Әлиярованың және мүшелері Айя Базарбайқызы Мурзамуратованың, Адилет Болатбекұлы Алипбековтың, Ренат Серғазыұлы Сейдрамановтың, Досхан Шәкішәріпұлы Рахметілдаевтың қатысуымен ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің хаттарды қарау және кадрлардың ауысуы мәселелері бойынша тексеру жүргізіліп, төменде берілген жағдаяттар анықталды:

Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің штат кестесі бойынша қызметкерлер саны – 6 бірлікті құрайды (бөлім басшысы және 5 бас маман).

Соның ішінде 2 бірлік бала күтімі бойынша негізгі демалыста (декреттік демалыс):

 

№

Аты-жөні

Демалыс күні

Лауазымы

1

Үмбетова Гүлмира Алимбекқызы

2020ж. 23.06

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

2

Джакупова Асем Дюсенғалиқызы

2020ж. 28.10

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

Кадрлардың ауысуы

Өз еркімен 1 адам жұмыстан босатылды.

№

Аты-жөні

жұмыстан шығу күні

Лауазымы

1

Тұрғимбекова Гүлнар Құрманғалиқызы

 03.12.2020ж.

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

 

Тәртіптік жазалары жоқ.

   Құжатайналым

Жыл басынан аудан әкімі аппаратының құжат айналымы – 8 995 өтінішті құрады, оның ішінде: жеке тұлғалар – 2 226, заңды тұлғалар – 691, шығыс – 2 742, ҰӨҚ (ұйымдастыру-өкімдік құжаттар) – 79, ҰҚ (ұйымдастыру құжаттары) – 122, қызметтік хат – хабарлар – 3 041, ҚБП (қызметтік бабында пайдалану үшін) - 94.

2020 жыл басынан аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2 917 жазбаша өтініш келіп түсті, 2019 жылмен салыстарған кезеңде – 3 064 (айырмашылық 147 өтініш).

Жеке тұлғалардың өтініштері – 2 226 (2019ж. 2 375);

Заңды тұлғалардың өтініштері - 691 (2019ж. 689).

Жоғары тұрған органдардан келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері - 133, оның ішінде Алматы қаласы әкімдігінен – 127, Президент Әкімшілігінен – 6.              

2 917 өтініштің ішінен оң шешілді – 329, уәкілетті органдарға – 665 жолданды, 1 907 түсініктеме берілді.

Есеп беру кезеңінде азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі талдау жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізгі саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, халықты әлеуметтік қорғау, шағын және орта бизнес объектілерінің қызметі, сондай-ақ жолаушылар көлігі мәселелерін қозғайтынын көрсетеді.

Аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде келесі мәселелер қозғалды:

          - ветеринария – 7;

          - тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері – 1 396;

          - денсаулық сақтау – 1;

          - жасыл экономика – 246;

          - мәдениет және өнер – 29;

          - жер пайдалану – 12;

          - білім беру – 19;

          - кәсіпкерлік мәселелері - 126;

          - құрылыс мәселелері – 47;

          - көлік - 446;

          - жұмысқа орналастыру – 8;

          - сот төрелігі мен құқық тәртібі - 3;

          - әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері - 332;

          - қаржы – 13;

          - архив сұрақтары – 184;

          - төтенше жағдайлар – 42 және басқа сұрақтар – 6.

Ағымдағы жылдың басынан аудан әкімі аппаратының регламентіне сәйкес, аудан әкімінің 26 жеке қабылдауы өткізілді, онда 167 адам қабылданды, оның 18 – ы оң шешілді, 149 – ы түсініктеме берілді.

Барлық сұрақтар бойынша жазбаша түрде түсініктеме берілді, қажет болған жағдайда, мәселелер жергілікті жерге барып қаралып, тиісті шаралар қабылданды.

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жоспарына сәйкес:

  • Алматы қаласы әкімі аппаратына 2020 жылдың 1,2 және 3 тоқсандағы электрондық құжатайналымы бойынша есеп;
  • Алматы қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасына 1-ОЛ нысаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайынғы есеп;
  • Аудан әкімінің жеке қабылдауы бойынша ай сайынғы есеп Алматы қаласы әкімі аппаратына уақытылы жолданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша тексеру қорытындысы бойынша келесі ҰСЫНЫЛДЫ:

  1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңын қатаң сақтау.
  2. «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысын сақтау.

 

Жұмыс тобының төрағасы:    Б.Ж. Әлиярова

Жұмыс тобының мүшелері:  А.Б. Мурзамуратова

                                                     А.Б. Алипбеков

                                                     Р.С. Сейдраманов

                                                    Д.Ш. Рахметілдаев

 

Жұмыс тобының хатшысы:   А.Б. Алимбетова

 

 

 

Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің 2020 ж 11 айға талдамалық анықтамасы
Дата публикации
21 декабря 2020