Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Сенімді жоғалту оңай, табу оңай емес. Ежелгі гректер: "Мемлекеттің әл - ауқатының екі белгісі бар-байлық пен мемлекетке деген сенім", - деп айтқан, ал азаматтардың мемлекетке деген сенімі мемлекеттік аппараттың жұмысы негізінде қалыптасатыны белгілі. Халық сенімінің іргетасы билік өкілдерінің мінез-құлқы және олар орындайтын жұмыстардың ашықтығы болып табылатыны сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті шара болып табылады, өйткені сыбайлас жемқорлық тұтастай алғанда әлеуметтік-экономикалық дамуды баяулатады, қоғамдағы қоғамдық-саяси жағдайға теріс әсер етеді, азаматтар тарапынан сенімсіздіктің өсуіне ықпал етеді.
Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі бола түсуде. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептеріне көп көңіл бөлінді, алдын алу жұмыстары жүргізілуде».
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалық нормаларды және қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, "Нұр Отан" партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспары шеңберінде жұмыстар атқарылуда.
Меншік нысанына қарамастан ауданның барлық мекемелері мен ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алу мақсатында тұрақты негізде кездесулер, түсіндірме семинарлар мен дәрістер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, кеңестер, онлайн-сабақтар, жеке қабылдаулар өткізіледі, онда сыбайлас жемқорлық көріністерін, құқық бұзушылықтардың кез келген түрлеріне төзбеушілікті жоюға ерекше мән беріледі. Аудан әкімі аппаратының сайтында бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және игеру туралы мәліметтер орналастырылған, сондай-ақ ақпарат Жоғары тұрған мемлекеттік органға уақтылы ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды мәселелердің бірі мемлекеттік органдардағы процестерді, оның ішінде олардың халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылын цифрландыру болып табылады. Атап айтқанда, азаматтар олардың өтініштері қалай қаралып жатқанын көріп, сапалы жауаптарды уақытында алуы тиіс.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында, уақытылы және сапалы құқықтық және консультативтік көмек көрсету, сондай – ақ азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенім деңгейін арттыру үшін аудан әкімі аппараты ғимаратының бірінші қабатында "Bostandyq - Adaldyq alany" жобалық кеңсесі жұмыс істейді, Бостандық ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі бекітілді. Сонымен қатар, «Ашық әкімдік - Open Akimat» фронт - кеңсесі жұмыс істейді, сенім телефонының үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілген (275-43-80), осы телефон арқылы қандай да бір тұлғалардың заңсыз әрекеттері, дайындалып жатқан құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Аудан әкімі аппаратының және Мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәшіктер орнатылған. Сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету және туындаған проблемаларды шешуде құқықтық көмек көрсету, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және арттыру – бұл басым болып табылатын бірінші кезектегі міндеттер.
Аудан әкімі аппаратымен жүргізілетін барлық жұмыстар заңдылық, ашықтық, әдептілік; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау; мүдделер қақтығысын болдырмау, яғни аудан әкімі аппаратының бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарына сәйкес. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарларының алдын алу мақсатында аппараттың барлық қызметкерлерімен және аудан қызметтерінің өкілдерімен барлық кеңестер өткізу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда және қолданыстағы заңнамада бекітілген нормалар түсіндіріледі.
Бекітілген кесте бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі: аудан әкімімен – әр жұма сайын; аудан әкімінің орынбасарларымен апта сайын; аппарат басшысымен және бөлім басшыларымен - күн сайын.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес аудан әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы бекітілді, оның жұмыс жоспарына сәйкес жылына екі рет талдау жүргізіледі. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында атап өткендей"сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шенеуніктердің жауапкершілікке тартылудан қорқып, дербестігін, бастамашылдығын, жеделдігін жоғалтуына себеп болмауы тиіс". Біз тұрғындар мен азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен жаңа технологияларды қолдана отырып, халықтың тұрмысын жақсарту үшін бар күш-жігерімізді саламыз.
Бұдан әрі аудан әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жалғастырады және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын барлық талаптарға сәйкес болу үшін өзінің білімі мен дағдыларын жетілдіре отырып, мемлекеттік қызметшілерге жүктелген лауазымдық функциялардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы
Алиярова Батима Жақсылыққызы