Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 сәуіріндегі № 02 – ш шешімі
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ШЕШТІМ:
- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1545 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
1) осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес № 277, 288, 295, 296 сайлау учаскелерінің шекаралары және № 277, 288, 295, 608, 685 сайлау учаскелерінің орталықтары өзгертілсін;
2) осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес жаңадан құрылған № 706 сайлау учаскесімен толықтырылсын.
- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешімді ресми жарияланған кейін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Алматы қаласының аумақтық
сайлау комиссиясы