

Бостандық ауданы – Алматы қаласындағы ірі аудандардың бірі. Ауданда 352 963 тұрғын тұрады. Оның ішінде 41,115 мың зейнеткер бар. Олардың 36-сы Ұлы Отан соғыс ардагерлері және 2, 64-і тыл майталмандары, 5-і фашистік концлагерь тұтқындары, 12-і Ленинград қоршауында болғандар,3-і ғасыр құрдастары, 509-ы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар, 61-і «Нұр Отан» мүшелері.
Ардагерлер ауданның барлық әртүрлі іс-шараларына белсенді қатысады.
Аудандық Ардагерлер кеңесі аудан әкімі аппаратымен, аудандық білім бөлімімен, жоғары оқу орындарымен, мектептермен, мекемелермен және «Нұр отан» партиясының аудандық филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Осы тұрғыда бастауыш ардагерлер ұйымдарына ерекше көңіл бөлінеді.
Ауданда 90-нан астам бастауыш ардагерлер ұйымдары бар, олардың құрамында 25 цехтық құрылымдар бар.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл майталмандары, Ауған соғысы ардагерлері және алдыңғы қатарлы өндіріс еңбеккерлері студенттермен, оқушылармен үнемі кездесу өткізіп отырады.
Бостандық ауданында орналасқан «Әлеуметтік тұрғын үйде» тұратын соғыс адагерлерін және тыл майталмандарын мектеп- гимназияларының оқушылары, Алматы электро-механикалық колледж студенттері және жеке кәсіпкерлер бағалы сыйлықтар мен мерекелік ас ұйымдастырып құттықтайды.
Бостандық ауданының әкімі аппараты және Аудандық Ардагерлер ұйымы бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс және Отан қорғаушылар күніне, «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік концерттер ұйымдастырады.
Бостандық ауданының әкімі және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы бірлесе отырып, 100 жасқа келген ғасыр құрдастарын үйлерінде мерекелік азық-түлік себеттері мен құттықтау конверттерінде табыс етеді.
Қала және аудан әкімінің, аудандық Ардагерлер кеңесінің атынан әкімшілік аппаратының қызметкерлері мен аудандық Ардагерлер кеңесінің белсенділері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің , тыл майдангерлерінің үйлеріне мерекелік азық-түлік себеттері мен құттықтау ашықхаттары жолданып тұрады.
28 панфиловшылар саябағында Жеңіс күніне арналған «Мәңгілік отқа» гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Бұл іс-шараға соғыс және тыл ардагерлері, Ленинград қоршауында қалғандар, фашистік концлагерь тұтқындары қатысады.
Ауданның әртүрлі мейрамханаларында мерекелерге арналған іс-шаралар әрдайым өтіп тұрады. Мектеп оқушылары және ІІМ, ҰҚК академиясының студенттері ардагерлерге мерекелік концерт пен дастархан ұйымдастырады.
Аудандық мектептерде Ұлы отан соғысының ардагерлері, Ленинград қоршауында болғандар, фашистік концлагерь тұтқындарының үйлерінде оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар, құттықтаулар болады.
Бостандық ауданының артықшылығы, бұл аудан – Алматы қаласының мәдени-ағарту орталығы. Ауданда 2,9 мың гектар жерде 349,670 адам немесе мегаполистің бестен бір бөлшегі, тығыздығы мен жалпы тұрғын санынан қазір аудан Оңтүстік астанада бірінші орында.
Аудан - қала бойынша ең ірі жастар ортылығы. Бұл ауданда ірі және мемлекетімізге маңызды жоғары оқу орындары орналасқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университеті, Қазақ Бас Архитектура және құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті тағы басқа, барлығы 12 Жоғары оқу, 22 орта арнайы білім орындарында 60,0 мыңнан астам студенттер меноқушылар білім алады. 33 жалпы білім беру және 2 кәсіби-техникалық мектептерінде 30,0 мыңнан астам оқушылар, ал 69 мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі мекемелерде 10,0 мыңнан астам бала тәрбиеленеді.
Аудандық Ардагерлер кеңесі рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарында жастарға патриоттық сезімді жоғары қалыптастыруға, Отанға адалдық сезімге, азаматтық парызды және конституциялық міндеттерді Отан алдында орындауға бағыттайды.
Әрдайым осы мақсаттарда Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерімен студенттер мен мектеп оқушылары арасында кездесулер ұйымдастырылады. Ардагерлер арасында мерекелерге арналған шахматтан, дойбыдан, асық-атудан, бильярдтан жарыстар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табысталады.