

Өнеркәсіп
Ауданда 2020 жылдың қаңтар-шілде айына 49,3 млрд.теңге мөлшерінде өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 100,6 % құрады. (2019 ж. – 37,7 млрд. тг.)
Өндіріс көлемінің өсуі келесі өндіріс орындарында байқалады «Конкрит Продактс» ЖШС, АҚ «Алатау Жарық Компаниясы», ЖШС «Беккер и К», МКМ «Алматы Су», «Pure Pack» ЖШС.
Ауданның қала көлеміндегі өнеркәсіп өндірісі көлемінің үлесі 9 %.
Кәсіпкерлік
2020 жылдың 7 айы аралығында тауар айналымы- 224,5 млрд. тенге (86,2%) теңгені құрады (2019ж. – 242,7 млрд.тг.).
Көтерме сауда айналымы 1 350,3 млрд.тг. құрайды (2019ж. – 1 125,4 млрд.тг.)
Бостандық ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 27 495 құрады, олардың ішінде 17 309 белсенді жұмыс істеп тұр (2019 г.- 27 046 құрады, олардан 15 523 жұмыс белгенді жүргізді).
Инвестиция
2020 жылдың 7 айында негізгі капиталға инвестициялар тарту көлемі 101,5 млрд. теңге құрады, немесе бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 98,6%. (2019 жылы 101,7 млрд тг). Қала бойынша жиналған жалпы инвестиция көлемінің 23,5% үлесі ауданға тиесілі.
Көлік
2020 жылдың 1 жартыжылдығына қала бойынша тасымалдаушы ұйымдармен 2 114,8 мың адам тасымалданды.
Ауданда 3 бағытты №31, №67, №81 қамтитын ірі автопарктердің бірі - «Автопарк №2» орналасқан.
«Автопарк №2» қоғамдық көліктері 100% жаңартылды.
Аудан аумағында 4 метрополитен бекеті орналасқан: «Алатау» бекеті, «Байқоңыр» бекеті, «М. Әуезов атындағы драма театры» бекеті және «Сайран» бекеті.
Метроның барлық бекеттеріндегі жолаушылар ағыны жұмыс күндері – 45 мың. адам, сенбі күні – 25-30 мың адамды, жексенбі күні – 10-15 мың адамды құрайды.
Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша (2020 жылға жоспар -4000)
2020 жылдың 7 айында 2 633 жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспар 65,8 % орындалды. (2019 ж. – 2 631 жаңа жұмыс орны).
Инфляциялық шаралар
Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі сауда нысандары әкiмшiлігімен әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасының негізсіз өсуіне байланысты күнделікті мониторинг жүргізеді.
Бостандық ауданы әкімі аппараты Алматы облысы Іле және Қарасай аудандарының ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерімен бірлесе отырып азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелері өткізілген.
2020 жылдың 6 айында ауданда 22 азық-түлік жәрмеңесі өткізілді, ондағы сауда айналымы 323,6 млн. теңгені құрады, орташа есеппен 260 мың адам жәрмеңке тауарларымен қамтылды.
Ауданда «Алматы Азық» ЖШС-нің 9 әлеуметтік павилиондары орнатылған.
Сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларына, күнделікті мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларын көтермеу мақсатында сауда нысандарымен 253 Меморандумға қол қойылды.
2020 жылдың басынан кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің, Полиция басқармасының және Бостандық ауданы полициясының қоғамдық көмекшілері қызметкерлерімен құрылған жұмыс тобымен жергілікті атқарушы органдармен белгіленбеген жерлерде сауданы жою жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» туралы 204 бабына сәйкес заңсыз сауда орындарын жою бойынша 369 хаттама толтырылды, оның ішінде 326 ескерту жасалып, 811 452,5 теңгеге 43 айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Тимирязев – Гагарина, Тимирязев – Әуэзов, Жандосов-Айманов, Мустафин көшесі Біржан көшесін бұрышы, Розыбакиев көшесі Сатбаев көшесін бұрышы көшелерінде заңсыз сауданы жою бойынша 101 рейд жүргізілді.
2020 ж. III ТОҚСАНЫНА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ