

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде кәсіби мемлекетті құру белгіленген. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет имиджі тұтастай алғанда мемлекеттік қызметші имиджіне тікелей байланысты, өйткені мемлекеттік билік органдарына сенім мәселесі қызметкер имиджімен байланысты, болмаған жағдайда мемлекеттік билік органдарының қызметі тиімсіз болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында мынадай этикалық нормаларды айтып өтті, олар қоғамдық сенім деңгейін сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді:
Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған мемлекеттік қызмет реформасы тиімді кадрлық тетіктерді қалыптастыруды ұйғарады: мемлекеттік қызметке кірудің тиімді және айқын тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігі, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысы. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде уақтылы хабардар ету және азаматтардың өтініштеріне ден қою, билік құрылымдарының қолайлы пікірін құру басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда тиісінше мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қоғаммен байланысты жолға қою негізгі бағыттар болып табылады.