«Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Постановление:
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ АКИМАТ ГОРОДА АЛМАТЫ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ № 2/264 23 апреля 2026 г.
Орталық қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау; Орталықтың білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру;
өмірлік қиын жағдайға тап болған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға психологиялық көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіру; Орталықтың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
уәкілетті органдар мен ұйымдардың, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасылар мен балалар үшін көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке алдын алу шараларын қолдану: орта білім беру ұйымдарының және техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандарға арналған педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтерінің тәуекел тобындағы; қылмыстық процесте балалардың, соның ішінде заңмен қақтығысқан балалардың, сондай-ақ жәбірленуші балалар мен зорлық-зомбылық куәгерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
қылмыстық процесте балаларды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында жәбірленуші балалар мен зорлық - зомбылық куәгерлерінің құқықтарын қорғауға жәрдемдесу;
қылмыстық салада балалардың құқықтарының бұзылу жағдайларын ерте анықтау және бұзушылық жағдайларына ден қоюды ұйымдастыру;
алдын алу шараларын әзірлеу үшін қылмыстық процесте балалардың құқықтарының бұзылу жағдайларын есепке алу және талдау жүргізу;
кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған адамға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсетуді және оны сүйемелдеуді ұйымдастырудың жеке жоспарын құру;
зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қадалауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу;
зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіліктеріне талдау жүргізу және ұсыныстарды білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберу;
зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қадалауға (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіру;
зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қадалауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды, девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерден және түрмеден оралған балаларды жеке алып жүруді жүргізу;
балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа және қудалауға қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу;
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, патронатқа, асырап алушы отбасына, қонақ және асырап алушы кәсіптік отбасына беру және орналастыру;
қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, асырап алушы отбасылары және асырап алушы кәсіптік отбасылардағы балалардың жай-күйін бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында олардың жай-күйін алты айда кемінде бір рет тұрақты бару арқылы мониторинг жүргізу және бағалау;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру;
жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру;
отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
балалар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға және дамытуға, жетім балаларды, ата - анасының қамқорлығысыз қалған балаларды, мүгедек балаларды және өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қоса алғанда, балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ петицияларды қарау;
өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
басқарма бюджетін жоспарлауды, орындауды және түзетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметін әкімшілік-қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Алматы қаласы әкімдігінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
«Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
«Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы» 2026 жылғы 25 ақпандағы №1/122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аким города Алматы — Д. Сатыбалды