GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Денсаулық сақтау
21 октября 2026
Полиомиелиттің алдын алу

Полиомиелит – бұл орталық жүйке жүйесін зақымдайтын және қайтымсыз сал ауруына әкелуі мүмкін, вирустық инфекциялық ауру.

Қоздырғышы: Полиовирус (энтеровирус түрі), ол ішекпен тамақта көбейіп, кейін қан ағымына және жүйке жүйесіне енеді.  

Берілу жолдары: Фекальды-оральды ( жуылмаған қолдар, ластанған су немесе тағам арқылы), сондай-ақ ауа-тамшылы жол.

Қауіп тобы: 5 жасқа дейінгі балалар ең жиі зардап шегеді, дегенмен екпе алмаған ересектер де бұл ауруға шалдығуы мүмкін.  

Полиомиелиттің себептері: Полиовирус жұқтыру көбінесе ауырған адаммен немесе инфекцияны тасымалдайтын, бірақ ауру белгілері байқалмайтын адаммен байланысқа түскен кезде орын алады.  

Полиомиелит белгілері:

Инфекция жұққаннан кейінгі инкубациялық кезең (яғни ешқандай белгілер байқалмайтын уақыт) 7-12 күнге созылуы мүмкін. Полиомиелиттің алғашқы белгілері – дене қызуының көтерілуі, әлсіздік және іш өту- ішек инфекциясына немесе қарапайым суық тиюге ұқсас болуы ықтимал. Кейбір жағдайларда науқастарда инфекцияның салыстырмалы түрде жеңіл түрі кездеседі: ол ми қабықтарының қабынуы немесе нақты бір ауруға тән емес инфекциялық белгілермен сипатталады. Полиомиелиттің мұндай түрлері асқынуларға сирек әкеледі. Балалар мен ересектердің екеуінде де ешқандай белгілердің көрініс беруінсіз, вирус тасымалдау жағдайлары кездеседі.  

Полиомиелиттің сал ауруына әкелетін түрінің белгілері:

·        сезімталдық сақтала отырып, жоғарғы және төменгі аяқ-қолдардың қозғалыс қабілетінің бұзылуы;

·        рефлекстердің жоғалуы;

·        аяқ-қол бұлшықеттеріндегі әлсіздік сезімі;

·        төменгі аяқ-қолдардың қалыптан тыс орналасуы (қисаюы);

·        түнде күшейе түсетін тыныс алу функциясының бұзылуы;

·        аяқ-қолдардың қысқаруы және деформациясы;

·        іштің ауыруы және іш өту;

·        бас айналу және әлсіздік.

Алдын алу: Қорғаныстың негізгі әрі ең тиімді әдәсі-уақтылы вакцина  алу (ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес).  

Белгіленген кестеге және бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілетін полиомиелитке қарсы вакцинация балаңызды, сондай-ақ айналаңыздағы адамдарды осы бір ауыр әрі қауіпті дерттен - полиомиелиттен қорғауға көмектеседі!

 

                                                                                      Алматы қаласы

                                                                                                    Әуезов ауданының СЭББ

                                                                                                    эпидемиологиялық бақылау

                                                                                                    бөлімінің бас маманы

                                                                                                    Аздекова Рыскүл Жұманқызы

20 октября 2026
Республика күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты мерекелік іс-шараға шақырамыз!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты мерекелік іс-шараға шақырамыз!

Бұл күн – елдігімізді ұлықтап, егемендігіміздің қадір-қасиетін дәріптейтін ерекше мереке. Мерекелік іс-шараға қатысып, қуанышты сәттерді бірге бөлісуге шақырамыз!

Күні: 22 қазан 2026 жыл
 Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Нархоз университетінің мәжіліс залы, Жандосов көшесі, 55.

Елдігіміз мәңгі, егемендігіміз баянды болсын!

Мәдениет
Қоғам
Әлеуметтік сала
20 октября 2026
«ШАҢЫРАҚ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында 25 қазан — еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігінің символы, ұлттық мереке — Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында Орталық директоры Баяманов Қуанышбек Сыдықұлы жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегі мен жылы лебізін білдірді.
Республика күніне орай Орталықтың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жолында жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып жүрген қызметкерлер марапатталды. «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Канкуров Станислав Владимировичтің және Орталық директоры Баяманов Қуанышбек Сыдықұлының атынан бірқатар қызметкерге адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін Алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік шараның көркін «Алатау әуендері» концерттік ұйымының, Құлансаз фольклорлық-этнографиялық ансамблінің және «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің өнерпаздары аша түсті. Ұлттық өнер мен әсем әуенге толы концерт жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Республика күні — елдігімізді дәріптеп, тәуелсіздігімізді қадірлеуге үндейтін маңызды мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Мәдениет
Қоғам
Әлеуметтік сала
20 октября 2026
Әуезов ауданында Республика күніне орай «Бауырсақ Fest – 2026» республикалық фестивалі өтті

Алматы қаласының Әуезов ауданында 25 қазан – Республика күніне орай «Бауырсақ Fest – 2026» III республикалық аспаздық фестивалі өтті. Мерекелік іс-шара Family Park демалыс саябағында ұйымдастырылды.

Фестивальдің негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық тағамдарын дәріптеу, аспаздық өнерді дамыту, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу.

Іс-шара барысында қатысушылар бауырсақ дайындаудың түрлі әдістерін ұсынып, аспаздық шеберліктерін көпшілік назарына ұсынды. Фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық асхананың ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Қазақ халқының дастарқанынан ерекше орын алатын бауырсақ – қонақжайлықтың, береке-бірлік пен молшылықтың символы. Осындай мәдени іс-шаралар ұлттық құндылықтарды сақтауға, халықтың рухани мұрасын дәріптеуге және қоғамдағы бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық
19 октября 2026
Әуезов ауданында 19–23 қазан аралығында электр энергиясын жоспарлы өшіру кестесі жарияланды

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 19–23 қазан аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында электр желілеріне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

Аталған жұмыстар электр желілерінің сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.

Осыған байланысты ауданның бірқатар шағынаудандары мен көшелерінде электр энергиясын уақытша өшіру жоспарланған. Атап айтқанда, жұмыстар №6, 8, 9, 10, 11 шағынаудандарында, Ақсай-1 және Ақсай-3 шағынаудандарында, сондай-ақ Баршынкент, Жеті Жарғы, Ақбақай және Асқаров көшелерінің жекелеген учаскелерінде жүргізіледі.

Электр энергиясын өшіру уақыты мекенжайға байланысты 08:00–13:00, 13:00–17:00 немесе 08:00–17:00 аралығына жоспарланған.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, күнделікті жұмыстарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Электр энергиясын өшірудің нақты мекенжайлары мен уақыты қоса берілген кестеде көрсетілген.

Қоғам
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық
Инженерлік және жол инфрақұрылымы
Білім
Көріктендіру
Әлеуметтік сала
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
17 октября 2026
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫНА ИНСПЕКЦИЯЛЫҚ АРАЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

17 қазанда Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев аудан аумағындағы құрылыс және абаттандыру нысандарына инспекциялық аралау жүргізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйін тексерді.

Алғашқы нысан – №4 арнайы мектеп-интернат.

Ладыгин көшесі, 33 мекенжайында зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат аумағында 100 орындық жатақхана мен 200 орындық асхана құрылысы жүргізілуде.

Жоба аясында 27 жатын бөлме, кітапхана, ойын және сабаққа дайындық аймақтары, сондай-ақ арнайы сенсорлық бөлме қарастырылған. Жаңа нысан балалардың жайлы тұруына, білім алуына және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Келесі нысан – Family Park саябағының алдындағы аумақ.

Инспекциялық аралау барысында саябақ алдындағы қоғамдық кеңістіктің қазіргі жай-күйі қаралды. Аумақтың санитарлық тазалығына, абаттандырылу деңгейіне және тұрғындар мен келушілер үшін қолайлылығына назар аударылды.

Сондай-ақ Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары тексерілді.

Биыл Абай даңғылы бойындағы 11 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу барысына назар аударылды.

Инспекциялық аралау ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, қалалық кеңістіктердің жай-күйін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жүзеге асырылуын бағалауға мүмкіндік берді.

Көріктендіру
17 октября 2026
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ТАЗА ЖАҒАЖАЙЛАР» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

17 қазан күні Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Ақсай-5 шағынауданында «Таза жағажайлар» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына 300-ден астам адам қатысты.

Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар қоқыстан тазартылды.

Тазалық жұмыстарына коммуналдық қызметтер тарапынан 50 жұмысшы, 9 арнайы техника жұмылдырылып, 300 дана құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде 70 текше метр қоқыс шығарылды.

Аталған акция ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Әкімнің халықпен кездесуі
17 октября 2026
В Ауэзовском районе прошла очередная встреча с жителями

15 қазанда Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің тұрғындармен кезекті кездесуі Сәдуақасов көшесі, 27 мекенжайында орналасқан №153 мектепте өтті.

Кездесу барысында тұрғындар ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, аула аумақтарын жөндеу және абаттандыру, кәріз және сумен жабдықтау жүйелері, аулалардың қауіпсіздігі, көше жарығы, жолдарға жасанды кедергілер орнату, қоғамдық тамақтану орындарынан шығатын шу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар тұрғындар санитарлық тазалық, ағаштарды күтіп-баптау, қаңғыбас иттерді аулау, зиянкестермен күрес және мектеп маңындағы автотұрақ мәселелеріне назар аударды.

Бұдан бөлек, тұрғындар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысып, аулаларды жаңарту және балалар ойын алаңдарын салу бойынша жобалар ұсынуға қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында әрбір өтініш тыңдалып, жауапты мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдері тарапынан түсіндірмелер берілді. Аудан әкімі көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

 

 

16 октября 2026
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Тұрғындардың мәселесін шешу үшін ең алдымен олардың үнін есту маңызды.

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев «Bromelia» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуге коммуналдық қызметтер, Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы, полиция, прокуратура және құрылыс салушы «K7 Group» ЖШС өкілдері қатысты.

Тұрғындар жылумен қамтамасыз ету, инженерлік желілер, өрт қауіпсіздігі, жарықтандыру, қоқыс шығару және аула инфрақұрылымына қатысты мәселелерді көтерді.

Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тұрғын үй кешеніне іргелес аумақтың абаттандырылу жағдайын да жеке тексерді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелер мен құрылыс салушыға нақты тапсырмалар берілді.

Басты мақсат – тұрғындардың күнделікті өміріне әсер ететін мәселелерді назардан тыс қалдырмай, олардың нақты шешілуін қамтамасыз ету.

Әлеуметтік сала
15 октября 2026
БІРЛІК ПЕН МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕРЕКЕЛІК КЕЗДЕСУ

Әуезов ауданындағы «Тең қоғам» орталығы «Мұзбалақ» қорымен бірлесіп, Мүгедектігі бар адамдар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мереке аясында қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, аниматорлардың қатысуымен қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Жылы жүздесу, шынайы күлкі мен көтеріңкі көңіл күйге толы кездесу көпшілікке қуаныш сыйлады.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы өзара құрмет пен жанашырлықты нығайту, инклюзивті орта қалыптастыру және әрбір азаматтың қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау көрсету.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы