Данияр Таумұраттың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Данияр Таумұраттың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтың төрағалығымен, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұраттың қатысуымен «Қоғамда парасаттылық жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Онлайн режимінде дөңгелек үстелге 72 ұйым қосылды. Бұл аудандық қызметтер мен бөлімшелердің басшылары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері.

Кеңес барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, мемлекеттік органдар жүргізіп отырған саясаттың ашықтығы және «Әуезов – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің мәселелері талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмау үшін өтініш беруші мен қызметкер арасындағы байланысты барынша азайту мақсатында ауданда «Әуезов –Адалдық алаңы» екінші кеңсесі ашылды. Ашылу салтанаты Әуезов аудандық АХАТ бөлімінде өтті.

Осы іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар қабылданды.