«Абай – дара, Абай – дана қазақта!»

«Абай – дара, Абай – дана қазақта!»
Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы аудан жастары арасындағы «Абай – дара, Абай – дана қазақта!» атты аудандық Абай өлеңдерін оқудан онлайн байқау нәтижелері шығып, жүлделі болған студенттерді аудан әкімінің арнайы дипломдарымен марапаттады.
 
Байқау нәтижелері бойынша жүлделі 1-ші орынды Нархоз Университетінің Экономикалық колледжінің студенті Шолпан Мәуленбай, 2- ші орынды Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің студенті Айсана Думанова, 3-орынды №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясының 11-сынып оқушысы Айым Совед иеленді, ал Абайдың қара сөздерін оқу сайысынан №139 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Ғайзат Елубай, 2-ші орын – Нархоз университетінің 2 курс студенті Айгерім Айтқазыева жеңіп алды. Ал 3-ші орын №153 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Айшагүл Турганова иеленді.