10 тамыз - Абай күні

10 тамыз - Абай күні

«10 тамыз – Абай күніне» орай, Әуезов ауданы аппаратының ұйымдастыруымен, Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы қызметкерлерімен келісіліп, аудандағы жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта оқу орындары мекемелерінің қатысуымен мұражайға ZOOM платформасы арқылы онлайн саяхат жасалынды.

Мұражай қызметкері Нұржан Ерланұлы онлайн қатысушыларды Абай мұражайымен толық таныстырып, Абайдың жеке заттарын, бөлмесін, оның аспаптарын таныстырып, тарихына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, мұражайдағы бүгінгі Абай күніне орай, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың қатысуымен өткен офлайн конференция да онлайн тамашаланды.