
Әуезов ауданының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі- Басқарма), Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 26 наурыздағы "Алматы қаласы аумағында кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 1 турын ұйымдастыру мен бақылау жүргізу туралы" №61-Ө бұйрығы негізінде Әуезов ауданының аумақтарына кенеге қарсы өңдеудің 1-ші және 2026 жылғы 05 мамырдағы "Алматы қаласы аумағында кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 2 турын ұйымдастыру мен бақылау жүргізу туралы" №101-Ө бұйрығы негізінде 2 туры өткізілді.
Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарымен жалпы ауданы - 17,970 гектарды құрайтын қалалық саябақтар, скверлер қамтылған, оның ішінде өңдеу аудандық әкімдік ғимарат сквері - 1,9га, Аксай-3 ықшамауданындағы сквері - 2,57га, «Сац» атындағы балалар мен жасөспірімдер театры - 3,46га, Момышұлы атындағы сквері - 1,8га, Аксай-2 ықшамауданындағы сквер - 1,29га, Аксай-4 ықшамауданындағы сквер - 0,7га, Ақсай-4 ықшамауданы мен Ұлықбек көшесінің қиылысындағы сквер -2,15га, «Каргалы» пансионаты - 1,1га, «Алтын Каргалы» санаторийы - 1,3га, «Сары-Арка» кинотеатры жанындағы сквер - 1,7га.
Кенеге қарсы өңдеу жүргізілгеннен кейін акарицидтік өңдеудің тиімділігіне бақылау мақсатында таңдамалы энтомологиялық тексеру жүргізіліп, кенелердің анықталмағаны расталды.