Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, иондаушы сәулеленудің адам денсаулығына зиянды әсерінің алдын алуға, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейтін мынадай нормативтік құқықтық актілер қолданыста:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған гигиеналық нормативтер».