Лого

Меню

Страницы

Статья

«Қолжетімді орта — енді ерекше бақылауда: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап не өзгереді»

«Қолжетімді орта — енді ерекше бақылауда: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап не өзгереді»

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында сапаны бақылау, қауіпсіздік және халық үшін нысандардың қолжетімділігі саласында маңызды өзгерістерді көздейтін жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі — нысандардың сәйкестік декларациясына қол қою тәртібінің өзгеруі. Енді бұл процеске Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері қатысатын болады.

Бұл мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділік талаптарының сақталуын бақылау функциясы жергілікті атқарушы органдардан (ЖАО) аумақтық департаменттерге берілетінін білдіреді.

Бұл іс жүзінде не береді?

Ең алдымен — шын мәнінде қолжетімді әрі кедергісіз орта қалыптастыруға бақылау күшейтіледі. Нысандарды пайдалануға беру кезінде мына мәселелерге ерекше назар аударылады:

  • пандустардың болуы мен сапасына;
  • кіреберіс топтарының қолжетімділігіне;
  • санитарлық бөлмелерге;
  • лифттер мен қозғалыс жолдарына;
  • тактильді көрсеткіштер мен навигацияға;
  • азаматтардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да элементтерге.

Сәйкестік декларациясы — жай ғана формалдылық емес екенін түсіну маңызды. Бұл нысанның заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға, соның ішінде қолжетімділік талаптарына сәйкес келетінін растайтын ресми құжат.

Жаңа тәсіл құрылыс процесіне қатысатын барлық тараптардың — жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі — жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Бүгінде қолжетімді орта — тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар өмір сапасының, әлеуметтік жауапкершіліктің және әрбір адамға деген құрметтің көрсеткіші.

Мүгедектігі бар адамдар, қарт азаматтар, балалы ата-аналар және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін жайлы қалалық орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Біз құрылыс ұйымдарын нысандарды жобалау кезеңінің өзінде қолжетімділік талаптарын ескеруге шақырамыз. Дәл осындай тәсіл барлық азаматтар үшін заманауи, қауіпсіз және шын мәнінде ыңғайлы кеңістіктер құруға мүмкіндік береді.

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
21 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 августа 2026
Вакцинациямен басқарылатын жұқпалы аурулардың алдын алу
Ақпарат
31 июля 2026
КҚГҚ (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы)
Ақпарат
08 июля 2026
2026 жылдың 1 жарты жылдығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы