
Сальмонеллез - Salmonella тектес бактериялар тудыратын жіті ішек инфекциясы.
Инфекция көзі – ауру адам, бактерия тасымалдаушы, сондай-ақ үй құстары мен жануарлар.
Берілу жолы- адам инфекцияны науқаспен байланыста болған кезде немесе сальмонелламен залалданған тағамдарды тұтыну кезде (негізінен жұмыртқа, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ көңмен ластанған көкөністер мен жемістер) жұқтырады.
Инкубациялық кезеңі 2 күннен 7 күнге дейін құрайды.
Клиникалық белгілері – сальмонеллез асқазан-ішек жолдарын зақымдап, клиникалық түрде іш өту, дене қызуының көтерілуі, құсу және іштің ауыруымен көрінеді.
Сальмонеллездің жеке профилактикасы тағам гигиенасын сақтаудан және санитариялық талаптарды орындаудан тұрады:
Әуезов ауданының СЭББ
эпидемиология бөлімінің
бас маманы
Р.Ж. Аздекова.