
Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!
Біздің ауламыз барлық тұрғындар үшін – кішкентай балалардан бастап қарттарға дейін – қауіпсіз әрі жайлы демалыс орны болғанын қалаймыз. Соңғы уақытта кешкі және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларының жиілеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) келесі баптарына назар аударуларыңызды сұраймыз:
1. Тыныштық сақтау
ӘҚБтК-нің 437-бабына (Тыныштықты бұзу) сәйкес, жұмыс және демалыс күндерінде шу шығаруға (айқайлау, қатты музыка қою, аулада белсенді ойындар ойнау) тыйым салынған уақыттар белгіленген.
Естеріңізде болсын: кешкі және түнгі уақытта терезе маңындағы қатты дыбыстар көршілердің тынығуына, балалар мен қарттардың ұйқысына кедергі келтіреді.
2. Балалардың түнгі уақытта көшеде жүруі
ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін қоғамдық орындарда (оның ішінде аула аумақтарында) заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуға тыйым салынады.
3. Ата-аналардың жауапкершілігі
ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау, балалардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол беру, сондай-ақ олардың қоғамдық тәртіпті бұзуына жол беру ата-аналар немесе заңды өкілдер үшін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Маңызды:
Тыныштықты жүйелі түрде бұзу жағдайында тұрғындар құқық бұзушылықты тіркеу және тиісті шаралар қабылдау үшін полиция басқармасына жүгінуге құқылы.
Балаларыңызбен профилактикалық әңгіме жүргізулеріңізді сұраймыз.
Бір-бірімізге құрметпен қарап, ортақ үйімізде тыныштық пен тәртіпті бірге сақтайық!
Важно:
В случае систематических нарушений тишины - жители имеют право обратиться вУправление полиции для фиксации правонарушений и принятия соответствующих мер.
Мы призываем вас провести профилактические беседы со своими детьми. Давайте будем взаимовежливы и обеспечим тишину и спокойствие в нашем общем доме.