
Сальмонеллез - бұл асқазан-ішек жолына әсер ететін жедел жұқпалы ауру. Инфекцияның қоздырғыштары Salmonella тұқымдасына жататын микроорганизмдер болып табылады.
Инфекция көзі – ауру адам немесе үй жануарлары, сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар болып табылады.
Берілу жолы- адам инфекцияны науқаспен байланыста болған кезде немесе сальмонелламен залалданған тағамдарды тұтыну кезде (негізінен жұмыртқа, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ көңмен ластанған көкөністер мен жемістер) жұқтырады.
Инкубациялық кезеңі 2 күннен 7 күнге дейін құрайды.
Клиникалық белгілері – іштің қатты ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, іш өту, жүрек айнуы және құсу.
Сальмонеллезді алдын-алу үшін іс-шаралар: