Лого

Меню

Страницы

Статья

Әуезов ауданында 2025 жылы санитариялық-эпидемиологиялық салада 280-нен астам бақылау іс-шарасы жүргізілді

2025 жылдың 12 айында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау


            Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын, оның ішінде халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарының алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.

        

2025 жылдың 12 айында Әуезов ауданының санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасының (ары қарай- Басқарма) мамандарымен келесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілді:

- рұқсат құжаттарға сәйкестігін тексеру кестесі бойынша 16 тексеру жүргізілді.  Тексеру нәтижелері бойынша 16 нысанда бұзушылықтар анықталып, 12 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылды, 4 266 220 тг. айыппұл салынды, 12 ұйғарым берілді;

- бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы 15 нысан жоспарланған. Тексерілгені 12, тексеру қорытындысы бойынша 8 жедел ден қою шаралары, 10 ұйғарым берілді;

- жоспардан тыс тексерулер-158, оның ішінде: 15 тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау негізінде, 7- бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау, 35- жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау, 85- сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары негізінде, 12- адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурордың талаптары негізінде, 4- адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары негізінде жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 107 нысанда бұзушылықтар анықталды, 85 нұсқамалар берілді, сотқа жіберілген материалдардың саны-20, 70 әкімшілік айыппұл салынды, 20 308 780 тг. көлемінде. 24 жедел ден қою шаралары қолданылды;

- 95 тергеп-тексеру жүргізілді, барлық қамтылған объектілер саны-95, бұзушылықтар анықталды-33 нысанда, санитариялық -эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылды-10, 33 айыппұл салынды, 10 331 330 тг. сомасында, 2 – жедел ден қою шаралары.

Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау барысында басқарма қызметкерлерімен нормативтік құқықтық актілерді дұрыс және сапалы қолдану, қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа, сөзбұйдаға жол бермеу мақсатында қызметкерлермен үнемі семинар мен сұхбаттар, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп өткізілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде әлеуметтік желідегі Басқарма парақшаларына түсуі бойынша уақытылы қаралуы қамтамасыз етілуде, сондай-ақ қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу жағдайлары тіркелмеді.

Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау барысындағы басқарма жұмысы тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялануда, мемлекеттік қызметшілерге жағымсыз материалдарға мониторинг жүргізіледі, 2025 жылдың 12 айында басқарма қызметкерлеріне қатысты фактілер болған жоқ;

 

Дата публикации
27 января 2026
Дата обновления
27 января 2026
Тип

Сейчас читают

25 августа 2026
Вакцинациямен басқарылатын жұқпалы аурулардың алдын алу
Ақпарат
31 июля 2026
КҚГҚ (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы)
Ақпарат
08 июля 2026
2026 жылдың 1 жарты жылдығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы