Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау



Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын, оның ішінде халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарының алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.

  2026 жылдың 1 тоқсанда Әуезов ауданының санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасының (ары қарай- Басқарма) мамандарымен келесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау  жүргізілді:

- рұқсат құжаттарға сәйкестігін тексеру кестесі бойынша 1 тексеру жүргізілді.  Тексеру нәтижелері бойынша  346 000 тг. айыппұл салынып, бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым берілді;

- бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы тексерілгені 3, тексеру қорытындысы бойынша 1 бақылау және қадағалау субъектісінің өнімді өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестер, әрекеттер) тыйым салу жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы берілді, 3 ұйғарым берілді;

- жоспардан тыс тексерулер-26, оның ішінде: 2 тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау негізінде, 1- бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау, 11- жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау, 12- сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары негізінде жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша 6 нысанда бұзушылықтар анықталды, 5 нұсқама берілді, сотқа жіберілген материалдардың саны-2, 4 әкімшілік айыппұл салынды, 1 384 000 тг. көлемінде;

- 63 тергеп-тексеру жүргізілді, барлық қамтылған объектілер саны-63, бұзушылықтар анықталды-24 нысанда, санитариялық -эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылды-14, 21 айыппұл салынды, 6 628 062, 5 тг. сомасында, 4 – жедел ден қою шаралары;

- 218 субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау жүргізілді, оның ішінде бұзушылықтарды жою туралы берілген ұсынымдар-146 және 12 жедел ден қою шаралары қолданылды.

Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау барысында басқарма қызметкерлерімен нормативтік құқықтық актілерді дұрыс және сапалы қолдану, қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа, сөзбұйдаға жол бермеу мақсатында қызметкерлермен үнемі семинар мен сұхбаттар, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп өткізілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде әлеуметтік желідегі Басқарма парақшаларына түсуі бойынша уақытылы қаралуы қамтамасыз етілуде, сондай-ақ қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу жағдайлары тіркелмеді.

Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау барысындағы басқарма жұмысы тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялануда, мемлекеттік қызметшілерге жағымсыз материалдарға мониторинг жүргізіледі, 2026 жылдың 3 айында басқарма қызметкерлеріне қатысты жағымсыз фактілер анықталмады.

Дата публикации
16 апреля 2026